70
11.8-бап
Транспаренттілік
Әрбір Тарап осы Тараудың нысанасына жататын немесе оның
қолданылуына әсер ететін өз саясатын, заңдарын және өзге де
нормативтік құқықтық актілерін олар күшіне енгенге дейін ресми веб-
сайттарда жариялайды.
71
12-ТАРАУ
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР
12.1-бап
Бірлескен комиссия
1. Тараптар осымен бірі ЕАЭО-дан және Еуразиялық экономикалық
комиссия
Алқасының
мүшесі
ұсынған
ЕАЭО-ға
мүше
мемлекеттерден, екіншісі – министрдің немесе оның уәкілетті
өкілдерінің деңгейінде ұсынылған Қытай Үкіметінен – екі өкілдің
төрағалық етуімен Бірлескен комиссияны құрады. Тараптардың
мүддесін осы мақсат үшін ресми тағайындалған аға лауазымды
адамдар білдіреді.
2. Бірлескен комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
(a) осы Келісім реттейтін кез келген мәселені қарау;
(b) Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге
байланысты кез келген басқа мәселені қарау;
(c) егер Тараптар осындай кіші комитеттерді құру туралы өзара
уағдаласқан болса, осы Келісімде көзделген жағдайларда кіші
комитеттердің жұмысын бақылау;
(d) Тараптар үшін ұсынымдар қабылдау мақсатында кіші
комитеттердің осы Келісімге өзгерістер енгізу үшін берген кез
келген ұсынысын қарау;
(e) осы Келісімнің мақсаттарына сәйкес Тараптар арасындағы
сауданы одан әрі дамыту және кеңейту бойынша мүмкіндіктерді
зерделеу; және
(f) Тараптар оның қарауына берген мәселелер бойынша
консультациялар өткізуге және өзара тиімді шешімдер табуға
мүмкіндік беретін рәсімдерді құру.
72
3. Бірлескен комиссия:
(a) қажет болған жағдайда кіші комитеттерді немесе ad hoc жұмыс
топтарын құра алады және қандай да бір кіші комитетке немесе
ad
hoc жұмыс тобына мәселені қарауға бере алады;
(b) Комиссияның өз функцияларын орындауына ықпал ете алған
жағдайларда сарапшылардың пікірін сұрата алады;
(c) Тараптар Бірлескен комиссияның қарауына берген, осы
Келісімнің іске асырылуына байланысты кез келген мәселелерді
шешуге ұмтыла алады; және
(d) Тараптардың келісімі бойынша өз функцияларын орындау
үшін өзге де іс-қимылдарды қабылдай алады.
4. Бірлескен комиссия рәсімдерінің қағидалары осы Келісімге 1-
қосымшада белгіленген.
5. Бірлескен комиссия өз функциялары шеңберінде кез келген мәселе
бойынша ұсынымдар қабылдайды. Ол сондай-ақ осы баптың 4-
тармағына сәйкес рәсімдер қағидаларында қамтылған мәселелер
бойынша шешімдері қабылдай алады. Бірлескен комиссияның
шешімдері, ұсынымдары және өзге де іс-қимылдарын консенсус
қабылдайды. Тараптар Бірлескен комиссияның ұсынымдарын тиісті
түрде орындау үшін барлық қажетті іс-қимылдарды жасауға
ұмтылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: