74
13.4-бап
Өзгерістер енгізу
1. Осы Келісімге Тараптардың өзара жазбаша келісуі бойынша қосымша
хаттама жасасу арқылы өзгерістер енгізілуі мүмкін. Барлық өзгерістер
осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Кез келген өзгеріс
осы Келісімнің күшіне ену рәсіміне сәйкес күшіне енеді.
2. Егер осы Келісімнің құрамына енгізілген ДСҰ келісімінің ережесіне
өзгерістер енгізілсе, Тараптар осы Келісімге тиісті өзгерістер енгізу
қажеттігі мәселесі бойынша консультациялар өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: