Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштері
Ерте темір дәуіріндегі ескерткіштердің кӛпшілігі Шығыс Қазақстанның
басты су артериясы болып табылатын Ертіс ӛзені алабында орналасқан.
Обалы қорымдар Қалбы жотасының солтҥстік және оңтҥстік беткейлерінде,
одан ары Шыңғыстау оңтҥстік-батысына қарай және Тарбағатайдың батыс
аудандарына дейін шоғырланып жатыр. Ӛлкенің оңтҥстікгінде олар Зайсан
қазаншҧңқырында тараған. Шығыс таулы аймақтарда Нарым, Бҧқтырма
ӛзендері жағалауларында және де соңғы аталған ӛзеннің кӛптеген сағаларына
тарай орналасады да, Таулы Алтай аудандарының ескерткіштеріне барып
ҧштасады.
Сақтардың ең ҥлкен «патша обалары» Шілікті аңғарында және Бҧқтарма
ӛзенінің жағалауындағы Оңтҥстік Алтай тауларында шоғырланған. Табиғи
169
тасы кӛп Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында кӛптеген обалар тас
ҥйінділерінен тҧрғызылған (Берел, Қатон, Майәмір). Ертістің жоғарғы ағысы
жағалауындағы ҥйінділер топырақ пен малта тастан тҧрғызылды, бірақ
жерлеу қабіріне тҥгелдей дерлік тас пайдаланылды. Қҧлынды даласымен
қабысатын Ертістің орта ағысындағы жазық аудандарда обалар топырақтан
кӛтерілді (Жолқҧдық, Чернореченск, Иртышское, Боброво, Леонтьевка).
Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары ерте темір дәуірінде де
игерілген. Кенді Алтайдың полиметалл белдеуінен 850-ге жуық кеніштер мен
кен орындары бар.
Бҧл кезеңнің ескерткіштерін В.В.Радлов, С.С.Черников, М.П.Грязнов,
С.Н.Руденко, Н.В.Полосьмак, В.И.Молодин, З.С.Самашев, Ә.Т.Тӛлеубаев,
Ғ.Қ.Омаров, т.б. мамандар зерттеген.
Ғылымда Шығыс Қазақстан сақтарына тиесілі заттай мәдениеттің
мынадай ҥш басты-басты кезеңдері бӛліп кӛрсетілген: майәмір – б.з.б. VІІ-VІ
ғасырлар; берел – б.з.б. V-ІV ғасырлар; қҧлажорға – б.з.б. ІІІ-І ғасырлар.
Майәмір кезеңі Нарым ӛзенінің жоғарғы ағысындағы Майәмір
даласындағы обалы қорым атауымен аталған.
Таулы Алтайдың қарапайым майәмір обалары кӛбінесе іргесін белдеулей
қоршаған аласа тас ҥйінділерінен тҧрды. Қабір лақыттары тікбҧрышты етіп
қазылды, олардың қабырғалары ағашпен шегенделді және бір қабат
бӛренелермен жабылды. Майәмір ескерткіштерінен жиегі шығыңқы және
дӛңгелегінің ортасында тҧзағы бар қола айналардың, сыртқы ілмешектері ӛте
кішкене ҥзеңгі тәріздес қола ауыздығы бар жҥгендердің ертеректегі тҥрлерінің,
ҥш тесікті немесе ортаңғы тесігінің орнына ілмешегі бар айшықтардың ӛте мол
жиынтығы табылды. Майәмір заманының қолданбалы ӛнеріне кӛбінесе атылғалы
тҧрған жыртқыштың, жҥріп келе жатқан немесе жҥруге ыңғайланған
жануарлардың бейнесі тән.
С.С.Черников қазған Шілікті обасы Шығыс Қазақстанның далалық
бӛлігінің тамаша ескерткіші болып табылады, ол 51 ҥйіндіден тҥратын ҥлкен
қорымның қҧрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мҧнда да ҧсақ обалар жоқ.
Қорымның ҥйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8—10 метрге дейін
жетеді. Бҥл — жҥздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру
кӛсемдерінің ҥлкен зираты.
Обаны қазу жҧмыстары оның қҧрылымын қайта қалпына келтіруге
мҥмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, терендігі 1 метрдей
шҧңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан беренелерінен шаршы қима
жасалған, бӛліктерінің қабырғалары екі, ал тебесі бір қатар бӛренелерден тҧрады;
бӛренелер жылжып кетпес ҥшін шҧңқырдың қабырғалары мен ағаш қҧрылыс
арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бҧрыштары бӛренелердің бір-біріне
тиер жерінде кҥйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы
жанында, жонылған қалың тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50—60 жастағы
әйел жӛне олардың жанына қойылған заттар жатты. Ӛліктерді қабірге шығыс
жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін
дромос бӛренелермен жабылып, бҥкіл қҧрылыс уатылған ірі тастармен кӛмілген.
Содан кейін тығыз сары тҥсті балшықтан ҥйінді тҧрғызылып, оның ҥстіне майда
170
малта тас араласқан топырақ ҥйілген. Алғашқы тҥрінде обаның диаметрі 45 м,
биіктігі шамамен 10 м ҥйінді болған. Кейін бірте-бірте шӛгіп, қазатын кезде оның
диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды.
Басқа да кӛптеген обалары сияқты, Шілікті моласы да кӛне заманда-ақ
тоналған.
Тоналғанына қарамастан, обада ӛте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің
ассиметриялы-ромб тҥріндегі деп аталатын ҧңғылы қола ҧштарының он ҥші
салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі
қолданбалы ӛнердің 524 алтын бҧйымынан тҧратын жарқын ҥлгілері сақталған.
Олардың арасында қорамсақтарды сәндеген, аяқтары бҥгулі бҧғы тҥріндегі
қаптырмалар (14 дана), басы бҧрулы бҥркіттердің (9 дана), шиыршықтала
бҥктетілген қабыланның (29 дана) бедерлі мҥсіндері, жҧқа қаңылтырдан қиып
жасалған қабандардың мҥсіндері (12 дана), балық бейнесі, перуза тас
еткермеленіп, майда домалақ алтын тҥйіршіктермен әшекейленген, қанаттары
жаюлы қҧс тҥріндегі қаптырма және басқа неғҧрлым ҧсак зергерлік әшекейлер
бар.
Шілікті обасы б.з.б. VII-VI ғасырлар аралығына жатқызылады. Бҧл
Қазақстанның солтҥстік далалық ӛңіріндегі ең ертедегі «патшалық» оба және
Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мҧнда Еуразия далаларындағы мал
ӛсіруші тайпалардың қолданбалы ӛнері айқын кӛрсетілген. Шілікті обасындағы аң
стиліндегі бірқатар кӛркем туындылар (аяқтары бҥгулі бҧғы, шиыршақтала
бҥктетілген қабылан, басы бҧрулы бҥркіттер) сақ-скиф дҥниесі ӛнерінің алғашқы
ҥлгілеріне жатады.
2003 жылы Шілікті қорымынан конструкциясы осыған ҧқсас, ағаш
қимасы мен оба ҥйіндісінен тҧратын тағы бір «патша обасы» Ә.Т.Тӛлеубаев
жетекшілігімен қазылды. Осы археологиялық нысанды қазған экспедиция
қҧрамында археолог Ғ.Қ.Омаров та қажырлы еңбек етті. Шілікті-1-3
тобындағы бҧл обадан (Шілікті-3, №2 оба; Бәйгетӛбе) алтын киімді адамның
қалдықтары табылған. Обаның биіктігі 7,9 м, диаметрі 97,4 м. Обаның ӛзі ҥш
қабаттан тҧрады. Ең жоғарғы қабаты топырақ, шым және қҧм араласқан
қиыршық тастан кӛтерілген. Екінші қабаты ҥйілген тас оба. Тас оба (тас
сауыт?) астында самырсын қарағайларынан қималанып салынған қабірхана
(биіктігі 3,5 м) орналасқан. Онда бір адам ғана жерленген. Оның шығыс
жағынан ҥлкен (ҧзындығы 15,6 м, тереңдігі 1 м) және кіші (ені 0,8 м ) екі жер
асты дәліз (дромос) аршылған. Дромостан қабірханаға кіретін есіктің ені 1,2
м, биіктігі 1 м. Қабірхана екі қатар самырсын бӛренелермен қималанып
кӛтерілген. Араларына тас толтырылған. Қабірхана ерте замандарда-ақ
тоналған, алайда мҧнда жерленген ақсҥйектің киімі мен бас киімін
әшекейлеп тҧрған бҧйымдардың біразы тонаушылар траншеясында тҥсіп
қалған, оларды археологтар тапты. Далалық ізденістер барысында 3-Шілікті
қорымының Бәйгетӛбе обасынан жалпы саны 4303 дана алтын заттар аршып
алынған. Олардың 153 данасы мәлін маскасы, 36 данасы бҥркіт-самҧрық, 20
данасы бҧғы, 39 данасы қасқыр (аю), 1 данасы арқар бейнесінде, алынған
заттар арасынан әсіресе бесжҧлдыз салынған тҥйме-қаптырма ерекше кӛз
тартады. Сондай-ақ кӛңірдекше (63 дана), жартышар (141 дана), қоңырауша
171
(23 дана) тҥріндегі және басқа да кӛптеген салпыншақтар мен қапсырмалар,
алтын тілікшелер алынған. Шілікті алтындарындағы негізгі ерекшелік,
мҧнда басқа ӛңірлерге қарағанда қҧйма алтын басым. Санкт-Петербург
ғалымдары
В.Скрипкин
мен
Н.Ковалюктың
дендрохронологиялық
сараптамасы бойынша ағаш ғимараттың салынған мерзімі шамамен б.з.б.
810-760 жылдар аралығын қамтиды.
Берел кезеңінде Шығыс Қазақстан ежелгі мал ӛсірушілерінің мәдениеті
айқын да мәнерлі және де аяқталған кейіпке ене бастайды.
Таулы аудандарда бҧрын белгілі болған топырақ шҧңқырда ағаш қимасы
мен жылқылары жерленген тастан қаланған обалар тҥрі жаппай таралады.
В.В.Радлов, С.И.Руденко, М.П.Грязнов, Н.В.Полосьмак, В.И.Молодин,
В.Д.Кубарев, З.С.Самашев секілді мамандардың кеңінен танымал қазба
жҧмыстарының нәтижесінде ескерткіштердің бҧл тҥрі Шығыс Алтайдың
Пазырық обаларынан нақты байқалады.
Бҧл кезеңнің жарқын ескерткіштерінің бірі Берел обасы болып
табылады.
Берел қорымы Қазақ Алтайының аумағында Қазақстан, Моңғолия мен
Ресей Федерациясы шекараларының тоғысқан жерінде орналасқан. Онда
тізбектеле орналасқан отыздан астам обалар бар. Жер бетіне тҧрғызылған ірі
конструкциялар ежелгі кӛшпенділердің мҧнда ӛз кӛсемдерін жерлегендігін,
солар ҥшін кҥрделі жерлеу-ғҧрыптық қҧрылыстарын тҧрғызғандығын
айғақтайды. Аңғардың биік орналасу жайы мен табиғаттың тартымды кӛркі
бҧл кеңістікті қасиетті деп тануға алып келген еді.
Бәлкім, ежелгі кӛшпенділер жергілікті табиғи-климаттық жағдайдың
ерекшелігін ескеріп, қолдан тоң жасауға болатын осындай арнайы жерлеу
конструкциясын салған да шығар. Қалай болғанда да, ол арқылы Алтайдың
ежелгі кӛшпенділері ӛмірін сипаттайтын бірегей деректер – киім, аспап,
сонымен қатар ең маңыздысы адамдар мен жануарлардың мумияланған
қалдықтары сақталған.
Мҧнда алғашқы археологиялық қазба жҧмыстарын 1865 жылы
В.В.Радлов жҥргізді. Берел обаларын қазбай тҧрып-ақ В.В.Радлов Катанда
ӛзені бойынан тоң басқан обаны аршыды, онда матадан, киізден, жҥннен,
бҧлыңғыр терісі мен жібектен жасалған киімдер, ағаштан істелінген
бҧйымдар, сонымен бірге ат қосып жерленген адамдардың қалдықтары
тамаша сақталған болатын.
Берел обасының ҥйінділерінің бірін аршыған В.В.Радлов тонаушылар
байқамаған заттар тапты. Ол ӛз кҥнделігінде былай деп жазды: «Обаның
ортасындағы мола тӛбешігінің астында ірі тастармен және топырақпен
толтырылған ҧзындығы 2 сажын және ені 2,5 сажын қабір шҧңқыры болды.
Біз тереңдігі 1 аршынға баратын бҧл моланы ішіндегілерінен тез арада-ақ
тазалап шықтық, бҧдан кейін біздің жҧмысымыз кенеттен тоқтап қалды.
Мҧндағы жер қатып-семіп қалған, және де молаға жан-жақтан су ӛткен».
Моладан ағаш қабықтары астынан тӛрт-тӛрттен (4 қатар) қойылған 16
жылқы қалдықтары шыққан.
172
Бал қарағай ағашынан ойылып жасалған, бҧрыштары самҧрықтың қола
мҥсіндерімен әшекейленген қима-табыттан қазба барысында адам сҥйектері,
қыш ыдыс, пышақ, қанжар, қылыш табылған.
1998-1999 жылдары негізгі зерттеу нысаны болған обаның диаметрі 30
м-ден, бастапқы кездегі биіктігі 2 м-ден астам болған. Зерттеулерді
З.С.Самашев басқарған археологиялық экспедиция жҥргізді.
Обаның ӛзі кҥрделі архитектуралық қҧрылыс болып табылады. Оба
ҥйіндісінің тастары бейберекет қойыла салынбаған, ол арнайы таңдап
алынған тҥрлі кӛлемдегі плиталардан, домалақ тастар мен малта тастар
қатарынан тҧрады.
Ҥйінді табанына ірі плиталардың қойылғандығы және де тігінен
орналастырылған тас плиталар қоршауы анықталған.
Оба ҥйіндісі астындағы моладан кӛлденеңінен жатқандары кеспелтекпен
қабыстырылған, ҥш қатар бӛренеден қиыстырылып жасалған, бал қарағай
қимасы (лақыт) шыққан. Оның ҥсті ҥлкен кеспелтектермен, аралары «куриль
шайы» бҧтақтары аралас ағаш қабықтарымен жабылған. Жерлеу қима-
камерасының ауданы 3,43х1,85х1,26 м. Дендрохронологтар қабірхананың
кейбір бӛренелері алдын-ала дайын болып тҧрғандығын анықтаған. Бҧл
олардың ҥй қҧрылысында кеңінен пайдаланылғандығын да кӛрсетсе керек.
Қиманың ішіндегі, әбден суланған тас плиталарынан тҧратын моланың
тҥбіне астау-саркофаг қойылған. Оны бҥтін бал қарағайдан дайындаған, ҥстін
мҧқият сҥрлеген және ӛңдеген, оған ағашты шіруден сақтайтын арнайы
қоспалардың қосылуы да ықтимал. Астаудың сыртқы жағынадағы бҥйірден
арнайы шабылып қалдырылған кертпеге тӛрт тесік жасалған, олардың
кӛмегімен астау-саркофаг жерлеу камерасына тҥсірілген. Астаудың беті
бҧрыштары алтынмен қапталған тӛрт қола самҧрық мҥсіндері орнатылған
қақпақпен жабылған.
Астауда жас мӛлшері 35-40 шамасындағы ер адам жерленген, оның
жанына кейіннен әйел адам қойылған. Антропологтардың алдын-ала
қорытындысы бойынша ол ер адамнан егде тартады. Ӛлген адамдардбасына
ағаш «жастық» қойылған. Кӛсемнің шашы екі ӛрімнен тҧрады. Оның қайтыс
болмай тҧрып сақал мен мҧрт қойып жҥргендігі анықталған. Ер адамның бас
сҥйегінің тӛбесінен тесік анықталған, ол шамамен кҥрзімен ойылған. Сірә,
кӛсем-жауынгерге медициналық кӛмек кӛрсетілсе керек, емші оның
жарақатынан сҥйек жарықшақтары мен ҧйыған қанды алып тастауға
тырысқан, мҧны аяқталмай қалған трепанация іздері нақты айғақтайды.
Оның әскери ӛмір салтынан тҥрлі кездері бітіп кеткен қабырға мен омыртқа
сҥйектерінің сынған жерлері де хабар береді.
Ежелгі берелдіктердің жерлеу ғҧрпында кҥрделі салт орын алды, қайтыс
болған адам денесі жерге кӛмгенге дейін сақталды. Оны жҥзеге асыру ҥшін
арнайы шӛптер арқылы мҥрде бальзамдалды. Жерленген адамдарға қола
моншақтар, жҧқа алтын қаңылтыршалар тағылған киімдері кигізілді. Киімде
кӛрініс тапқан байлық пен сән-салтанат жерленгендердің жоғарғы әлеуметтік
статусын да кӛрсететін еді.
173
Кӛсем қасына қойылған он ҥш ат маңдайдан арнайы аспаппен (чекан)
алдын-ала ҧрып ӛлтірілді де, қиманың сыртына екі қатар етіп қойылды. Жеті
жылқыдан тҧратын тӛменгі қатар жоғарғы қатардан ағаш бҧтақтары мен
шӛп-шалам арқылы бӛлініп тҧрды. Бҧл жирен сәйгҥліктердің басы кҥн
шығатын жаққа, яғни шығысқа қаратылған. «Тоң басу» феноменінің
арқасында жануарлардың тек терілері ғана емес, жҧмсақ еттері, сондай-ақ
салтанатты әбзелдері де сақталып қалған еді.
Қазақстандағы ең ерте кезге жататын ер (егер) де осында сақталған.
Әсіресе жыртқыш аң терісі жабылған ер ерекше кӛз тартады. Ерді жауып
тҧрған киіз аппликациясында тҧяқты жануарды жҧлқылап (азаптап) тҧрған
жыртқыш аңның бейнесі тҥсірілген. Аттардың бірінің ҥстінен алынған ерге
ағаш бҧталарынан қиыстырылған қалқан жапсырылған.
Ат әбзелдері барельф пен мҥсін жасау техникаларын ҥйлестірген тҥрлі
тәсілдерді қамтыған кӛптеген ағаш бҧйымдар әшекейлерінен тҧрады. Бҧл
бҧйымдар: тоға, сулық, алқа, беткі жағы алтын қаңылтыршамен және
қалайымен қапталған, ал ішкі жағы тесік арқылы жҥген бӛліктеріне
жапсырылған белбеу ажыратқыш, т.б.
Скиф-сібір аң стилінде жасалған қару-жарақтар, ат әбзелдері оның
әскери-аристократиялық сипатын да кӛрсетеді.
Аң бейнелерінің шеңберіне бҧғы, бҧлан, қҧстар мен тау текелер, мысық
тҧқымдас жыртқыштар, жергілікті фауна ӛкілдері кіреді. Алайда таң-
ғажайып самҧрықтар бейнесі ерекше орын алады, ӛйткені оның бейнесі тҥрлі
жануарлармен астасып жатты: артына қайырылып жатқан ҧзын қҧйрықты
мысық тҧқымды жыртқыштың денесі, жыртқыш қҧстың тҧмсығы, ҧшы
спираль тәрізді оралған мҥйіз, т.б.
Жануарлар айқасының суреті аң стиліндегі кең тараған бейнелердің бірі
болып табылады. Мҧндай сюжетке қҧрылған олжалар берел топтамасында да
кӛптеп ҧшырасады: бҧғыға немесе тау ешкісіне шабуылдап тҧрған мысық
тҧқымдас жыртқыш бейнеленген алқа; ӛз қҧйрығын тістелеп тҧрған самҧрық;
жҧлқылып тҧрған кӛріністі бейнелейтін самҧрық тҧмсығындағы тҧяқты
жануардың ҥлкен кӛлемді басы, т.б.
Алыстан алтынмен апталған, кҥміспен қапталған секілді кӛрініс беріп
тҧратын тау ешкілерінің мҥйізінен тҧратын салтанатты маска мен ат
әбзелдері ағаштан жасалып, алтын қаңылтыршамен және қалайымен
қапталған.
Берел кезеңінің аяқ кезіне таман барлық жерде қоланы темір ығыстырып
шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар
шығады; қысқа ақинақ-семсерлер мен пышақтар да темірден жасалады.
Б. з. б. III ғасырға таман Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің
тҥрлері мен қҧрылымы ӛз сипатын ӛзгертті. Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бойы
аралығындағы далаларда құлажорғалық үлгідегі деп аталатын жерлеу
қҧрылыстары таралады.
Тас жәшіктер қырынан кӛміліп, ҥстін тақтатастармен жапқан тӛрт және одан
да кӛбірек қашалмаған кӛлемді тақта тастардан қҧрастырылған. Ӛліктерді
шалқасынан, созылған кҥйінде, басын батысқа не шығысқа қаратып жерлеген.
174
Тек бірнеше жағдайларда ғана оң жақ қырынан бҥрістіріп жерленгендер
кездесті. Ҥстіне оба тҧрғызылды.
Қҧлажорға ҥлгісіндегі ескерткіштердің заттары кешенінің арасында ең кӛбі
қыш ыдыстар болды. Қыш ыдыстар аласа жҧмыр мойынды жатаған қҧмыралар,
кіреңке тәрізді кӛзелер, ілмек сияқты сабы бар дӛңгелек тҥпті, бҥйірлі және аласа
текшелер тҥрінде болып келеді. Жетісуда таралған қола қазандарына ҧқсайтын тік
және кӛлденең қҧлақтары бар қыш қазандарының едәуір сирек тҥрлері де
кездесті.
Достарыңызбен бөлісу: |