Савроматтар, сарматтар
Б.з.б. ҤІІ ғасыр мен б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстанның батыс ӛңірін
савроматтар, кейіннен сарматтар мекен етті.
Зерттеушілердің пікірінше, скиф және савромат тайпаларының тікелей
ата-бабалары андронов және қима мәдени-тарихи қауымдастықтарының
ескерткіштерін қалдырған тҧрғындар арасынан шыққан.
Авестада сайрима атауы кездеседі. Кӛне грек дереккӛздерінеде
савроматтар туралы айтылатын толымды ақпараттар бар, соларды
сайримдермен салғастыруға болатын сияқты.
Бірақ «савроматтар» да, «сақ», «скиф», кейіннен «тҥрік» терминдері
секілді авторлар тарапынан екі мағынада қолданылды. Біріншіден, тайпаның
ӛз атауы ретінде, екіншіден – тілі мен мәдениеті туыстас тайпалардың ҥлкен
тобын біріктіретін термин ретінде.
Олар туралы Геродот былай деп жазады. Аңызға қарағанда, савроматтар
скиф жігіттерінің амазонкалармен некесінен туған. Амазонкалар Фермодонт
тҥбіндегі шайқастан кейін эллиндерге тҧтқынға тҥсіп, ҥш кемемен Қара теңіз
арқылы жіберілді. Жҥзіп келе жатқан кезде амазонкалар барлық ер
адамдарды ӛлтіреді, және де кеме желкенін басқаруды және ескектер
пайдалануды білмегендіктен, ҧзақ уақыт толқынмен жҥзді. Соңынан
Меотида кӛлінің жанындағы еркін скифтердің жеріндегі Кремнаға келеді.
Келген жауынгер әйелдермен соғысқаннан кейін скиф жігіттері олармен
некеге тҧрды және ӛздерінің мҥліктерінің бір бӛлігімен амазонкалар
167
тҧрағына ӛтті. Бірақ амазонкалар ӛз кҥйеулерін скиф елінен Танаистың арғы
бетіне ӛтулерін ӛтінді, мҧны олар жігіттерінің әкесін ӛлтіргендіктен әрі елге
ҥлкен зҧлымдық әкелгендіктен бҧл жерде тҧру санасына кері әсер
ететіндігімен тҥсіндірді. Жігіттер бҧған келісімін береді. Танаистен ӛткеннен
кейін олар ҥш кҥн шығысқа және Меотидадан ҥш кҥн солтҥстікке қарай
жҥреді. Келген соң, осы ӛлкеде тҧрақтап қалады. Археологиялық олжалар
мҧны растайды. Дон мен Еділ ӛзендері аралығында, Еділдің сырты мен
Оралда зерттеушілер савроматтармен салғастырған біртҧтас археологиялық
мәдениеттің болғандығы анықталған.
Бҧл аңызда савроматтар туралы қызықты бірнеше мағлҧматтар бар және
ол ең алдымен әйел адамдардың ерекше жағдайын кӛрсетеді, олар атты салт
мініп жҥрген, садақ атып, сҥңгілерді лақтырған, ер адамдармен бірге аңға
шыққан, тіпті жорыққа шығып, ерлермен бірдей киім киіп жҥрген. әйел
адамдардың жҧмысына ҥйренбеген. Ешқандай қыз жауды ӛлтірмей тҧрмысқа
шықпаған. Мҧндай ӛмір сҥру дағдысын савромат әйелдері ілкіден жҥргізіп
келген. Геродот баса кӛрсеткен бҧл аңызда савромат әйелдерінің ерекше
қоғамдық жай-кҥйі шынайы бейнеленген деуге болады.
Савромат тайпалары батыста Қара теңіз жағалауындағы скифтермен
кӛршілес тҧрды, олармен сауда жҥргізді, әскери одақтар қҧрды немесе әскери
қақтығыстарға тҥсіп отырды. Оңтҥстікте сақтар мен савроматтар
ахеменидтер уақытына дейін-ақ «Ҥлкен Хорезм» және «Бактрия
патшалығы», Ассирия мен Мидия, ал б.з.б. VІ ғасырдан бастап Персия
секілді мемлекеттермен байланыста болған еді.
Б.з.б. V-ІV ғасырларда скифтер мен савроматтар арасындағы бейбіт
қатынастар бҧзылды. Савроматтардың скиф жерлеріне шапқыншылықтары,
бәлкім бейбіт ӛтулері ҧзаққа созылды және бҧл ҥрдіс интенсивті тҥрде ӛтті,
сӛйтіп савроматтардың бір бӛлігі Еуропаға қоныс аударады. Антикалық
дереккӛздеріне қарағанда б.з.б. ІV ғасырдан бастап Донның тӛменгі ағысы,
бәлкім Қара теңіздің солтҥстік жағалауының бір бӛлігі де сарматтарға
қарады.
Скиф және савромат иеліктеріндегі шекаралық аймақтардағы саяси
жағдайды ӛзгерткен оқиғалар Оңтҥстік Орал, Каспийдің солтҥстік-шығыс
маңы мен Еділдің сыртқы жағындағы кӛшпелілердің кӛне замандардағы
жылжуынан туындаған жаңғырық болуы да ықтимал. Соңғысы ӛз кезегінде
кӛшпелілер мен отырықшы халық арасындағы сауда-экономикалық
қатынастарды кҥшейткен Александр Македонскийдің жорығымен де
байланысты болуы мҥмкін. Дәл осы шығыс кӛшпелілері Дон мен Еділ
ӛзендері арасындағы халықты жылжытты немесе оларға қосылып кетті, бҧл
б.з.б. ІV-ІІ ғасырлардағы грек авторларының шығармаларында кӛрініс
тапқан, ендігі жердегі дереккӛздерінің беттерінде «сирмат» және «сармат»
этнонимдері пайда болып, кейбір контекстерде савроматтарға қарсы
қойылады. Б.з.б. ІV ғасыр мен б.з.б. ІІІ ғасыр бас кезіндегі авторларда бір
мезгілде «сирматтар», «сарматтар» және «Сарматия» атаулары пайда бола
бастайды.
168
Кем дегенде б.з.б. ІV ғасыр соңынан, Оңтҥстік Орал мен Еділдің сыртқы
жағынан кӛшпенділердің батысқа қарай жаппай қоныс аудару кезінен бастап
шағын отрядтармен Дон мен Днепр ӛзендерінің аралығына дейін ӛткен
сарматтар скифтерді мазалай бастайды. Мҧндай оқиғаларды б.з. ІІ ғасырында
ӛмір сҥрген Лукиан Самосатский ӛз шығармаларының бірінде ӛте тамаша
сипаттап жазып кеткен. Ол сарматтардың кҥтпеген жерден және тҧтқиылдан
шабуылдап, скифтерді тырқырата қуғандарын, кӛптеген ержҥрек адамдарын
ӛлтіргендігін, басқаларын тірідей әкеткендерін, олжаны алып кеткендігін
жазады. Б.з.б. ІІІ ғасырдан бастап ҧзаққа созылған экономикалық дағдарысты
басынан ӛткізген Скифия сарматтардың тегеуіріне шыдай алмады. Ҥнемі
болып тҧрған шапқыншылықтар мен Донның тӛменгі ағысы мен
Меотиданың солтҥстік-шығыс жағалауы аудандарынан жекелеген сармат
тайпаларының кездейсоқ қоныс ауыстырулары скифтердің жаппай
миграциясымен аяқталды, бҧдан кейін Дон мен Днепр аралығындағы Қара
теңіздің солтҥстік жағалауындағы даланы сарматтар бақылауында ҧстай
бастады.
Б.з. ІV ғасырында Оралдың далалы аумақтарынан ғҧндар ӛтеді. Ғҧндар
ордасының қҧрамында сарматтардың бір бӛлігі Гибралтар жағалауына дейін
жетеді, басқа бӛлігі Қара теңіздің солтҥстік жағалауы мен Дон тӛңірегінде
қалыптасқан ерте ортағасырлық жаңа этникалық бірлестіктер қҧрамына
ӛтеді.
Далалы ӛңірдегі тҧрғындардың ең басты және оларды керек-жарақпен
қамтамасыз ететін ӛмір салты кӛшпелі мал шаруашылығы болды. Сарматтар,
негізінен, жылқы мен қой ӛсірді. Даланың қҧрғақ жағдайындағы
жайылымдарды пайдаланудағы шекті ӛлшем факторы су кӛздері болды.
Сондықтан да, археологиялық ескерткіштердің кӛпшілігі ірі су
артерияларының бойында орналасуы кездейсоқ емес. Тым континентальды
климаттағы қысқы жағдайларда мал ӛсірушілер рельефі біршама жарылып
кеткен малға ықтасын болатын аудандарға кӛшіп отырды. Батыс
Қазақстандағы мҧндай аудандар қатарына оңтҥстік пен шығыс қҧм
массивтері кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |