Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет49/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Тамды  қорымынан  да  табылған.  Обалар  «мҧртты»  тас  қаландысы  бойынша 

ерекшелінеді.  Мҥрде  топырақ  қабатынан  қазылған  кӛлемді  шҧңқырға 

қойылған,  оның  беті  ағаш  жабындымен  жабылған.  Кейбір  молалардан  басы 

солтҥстік-батысқа  қаратылған  тӛрт  мҥрдеге  дейін  кездескен.  Тамдыдағы  ер 

адамдардың  қабірлерінен  темір  ақинақ  бӛліктері,  сапты  ҥш  қанатты 

шанышқысы  тҥсіңкі  темір  жебе  ҧштарының  жиынтығы,  жапырақ  пішіндес 

ҧңғылы  найза  ҧшы,  толыққанды  анықтала  қоймаған  бір  зат  пен  қорамсақ 

ілгегі  шыққан.  Қолдан  жасалынған  екі  ҧстағышты  тҥбі  дӛңгелек  және 

шҥмекті шәйнек тәрізді қҧмыралар Берікқара қорымындағы ыдыстарға ҧқсас 

болып келеді. 

        Б.з.б.  ІІІ-І  ғасырларға  жататын  басқа  қорымдардан  ҧштығы  дӛңгелек 

темір  тҥйреуіштер  мен  пышақтар,  тас  кетпен,  тҥбі  дӛңгелек  тостағандар, 

қҧмыралар мен саптыаяқтар табылған. 

       Қарастырылған  ескерткіштерден  алдыңғы  уақыттардағы  сақтарға  тән 

жерлеу  ғҧрыптарының  дәстҥрі  анық  байқалынады.  Берікқара  мен  Тамды 

материалдары  Жетісу  ҥшін  белгіленген  сақ  уақытындағы  және  одан  кейінгі 

усунь  заманындағы  жерлеу  ғҧрпы  мен  қҧрылыстары,  қабір  саймандары 

арасындағы  мәдени  ҧқсастықтарды  екшеген  ҧстанымдарды  нақты  бекіте 

тҥседі. 

        Б.з.б.  ІІІ-ІІ  ғасырлардағы  ҧңғып  қазылған  ескерткіштер  де  пайда  бола 

бастайды,  алайда  олардың  басым  кӛпшілігі  біздің  заманымыздың  алғашқы 

ғасырларымен мерзімделінеді (V ғасырды қоса). 

       Ҧңғып  қазылған  қабірлер  кӛлденеңінен  қойылған  бӛренелермен 

жабылған.  Қайтыс  болған  адам  қасына  әдетте  ақіреттік  ас  (қой  етінің 

бӛліктері),  темір  пышақ  пен  қолдан  жапсырылған  бірнеше  қыш  ыдыстары 

қойылады.  Кейбір  молалардан  темір  жебе  ҧштары  мен  садаққа  тағылған 

сҥйек жапсырма да табылған. Сондай-ақ ағаш ҥстелдер, ет кесетін ыдыс пен 

ағаш тостағандар да ҧшырасады, ал әшекейлер аз. 

       Орта  және  кейінгі  кезеңдер  (б.з.  І-V  ғасырлары).  Жетісу  кӛшпенділері 

тарихи  дамуында  біздің  заманымыздың  алғашқы  ғасырлары  келесі  кезеңді 

бастайды.  

        Алайда,  жаңа  тҧрғындар  легінің  келуіне  және  мәдениеттегі  елеулі 

ӛзгерістерге  қарамастан,  археологиялық  материалдар  б.з.  І-мыңжылдық 

алғашқы  жартысындағы  дамудан  мирасқорлық  жолды  (жалғастықты)  нақты 

кӛрсетеді. Мҧны І-ІІІ ғасырлармен, тіпті І-V ғасырлармен де мерзімделінетін 

Іле аңғарындағы усунь қорымындағы кейінгі топқа жататын ескерткіштер де 

дәлме-дәл  нақтылайды.  Мола  қҧрылысы,  жерлеу  ғҧрпы  және  мҥрде  жанына 



 

188 


қойылған  қҧрал-саймандар  алдыңғы  уақыттарға  жататын  ескерткіштермен 

генетикалық байланыста екендігі анық байқалады. 

       Оба  ҥйіндісі  астынан  қазылған  қабірде  жерлеу  дәстҥрі  жалғаса  береді. 

Тас плиталармен жабылған қабір шҧңқырлары пайда бола бастайды. Қайтыс 

болған  адамдар  шалқасынан  жатқызылып,  басы  батысқа  қаратылған,  кейде 

бҧл бағыт солтҥстікке қарай аздап ауытқып отырады. Қыш ыдыстар тҧрпаты 

б.з.б.  ІІІ-І  ғасырлардағы  кешендерге  ҧқсас  болып  келеді.  Алғашқы  рет 

шарықта  жасалған  жалпақ  тҥпті  кӛзелер  мен  тостағандар  секілді  жекелеген 

ыдыстар  пайда  бола  бастайды.  Кейбір  ыдыстарда  кҥйіп  кеткен  астың 

қалдықтары  сақталған.  Молалардан  қой  сҥйектері  (ақіреттік  ас  қалдықтары) 

жиі  кездеседі.  Қару-жарақтан  темір  семсер  бӛліктері,  ҧңғылы  ҥш  қанатты 

темір  жебе  ҧштары  кездеседі.  Жиі  ҧшырасатын  әшекейлер  арасында  темір 

тҥйреуіш, спираль тәріздес алтын сырға, каури қабыршақтары бар. Берікқара-

2  кейінгі  кешенінен  қытай  қола  айнасының  бӛлшегі  мен  нефрит  тостағанша 

шыққан.  Сырттан  әкелінген  заттар  кӛшпенділерде  біздің  заманымыздың 

шебінде  Хань  мемлекетімен  байланыс  орнату  нәтижесінде  пайда  бола 

бастайды. 

        Қаратау  қорымдарындағы  жерлеу  ғҧрпы  мен  заттай  мәдениеттің  усунь 

кезеңіндегі  Жетісу  ескерткіштерімен  елеулі  ҧқсастығын  бағамдаған 

А.Г.Максимова  Қаратаудың  солтҥстік  беткейін  усунь  жерінің  шеткі  аймағы 

деп қарастырады. 

       Соңғы жылдары усунь ескерткіштерінің бірқатары зерттелінген. 

       Солардың  бірі  –  Шаңырақ  қорымы.  Ол  Алматы  қаласының  аумағында 

орналасқан.  Қорым  ҥш  обадан  тҧрады,  олардың  әрқайсысы  биіктігі  3  м-ге, 

диаметрі  40  м-ге  дейін  жететін  топырақ  ҥйінді  болып  табылады.  Кӛне 

замандарда  оба  биіктігі  жайылып  кеткен  топырағана  қарағанда  одан  биік 

болған,  шамамен  4-5  м-ге  жеткен.  Ӛкінішке  орай,  әдеттегідей  археологтар 

тоналған  обаларды  қазған.  Далалық  ізденістер  барысында  әшекейлердің 

жекелеген бӛліктері, қыш ыдыстар мен шашылған қаңқа қалдықтары аршып 

алынған. Обаларды тонау «мҧқият» жҥргізілген.  

       Әйтсе  де  Шаңырақ  обаларын  қазу  жерлеу  конструкциясына  қатысты 

қосымша  материалдар  алуға  мҥмкіндік  берген.  №1  обаның  тас  сақинасы 

болған,  оның  диаметрі  30  м,  биіктігі  2,5  м.  Оңтҥстік-батыс  бӛлікте  обадан 

тыс диаметрі 1 м тас қаландысы анықталған, оның ғҧрыптық қҧрылыс болуы 

әбден  мҥмкін.  Мҥрде  батыс-шығыс  бағытындағы  тік  бҧрышты  қабір 

шҧңқырына (тереңдігі 0,85 м) қойылған. Солтҥстік қабырғасынан ҧзындығы 

2 м-ге дейін байқалған дәліз (дромос) аршылған. 

        №2 оба диаметрі 32 м-ге, биіктігі  2,97 м-ге жеткен.  Аршылғаннан  кейін 

қабір  шҧңқырының  ауданы  2,90х3,05  м,  тереңдігі  67  см  тікбҧрышты 

жоспарда  болғандығы  анықталды.  Мола  шҧңқырының  солтҥстік  шетінен 

солтҥстік-шығыс  бағытта  дәліз  (дромос)  тҥскен.  Дромос  ені  65-70  см, 

ҧзындығы  11  м.  Оба  қҧрылысы  зор  қызығушылық  туғызады.  Қабір 

шҧңқырының  шетінен  бастап  саз  балшықтан  мола  ҥсті  қҧрылысы 

тҧрғызылған,  оның  табанындағы  ені  1,5  м,  диаметрі  6х6,5  м.  Конструкция 

ҥстіне топырақ ҥйілген, ол ӛз кезегінде тас сауытпен қапталған, тас сауыттың 



 

189 


табанынан  бастап  есептегендегі  диаметрі  28  м.  Мола  шҧңқыры  ағашпен 

жабылғандығын, шірік ағаш қалдықтары да аңғартады. 

       №3  оба  ҥйіндісін  аршыған  кезде  де  саз  балшықтан  соғылған  қабір  ҥсті 

конструкциясының жекелеген бӛліктері анықталған. Мҥрде оба ортасындағы 

ҧзындығы 3,5 м-ге, ені 3 м-ге, тереңдігі 1,5 м-ге жететін топырақ қабатынан 

қазылған  қабірге  қойылған.  Мола  шҧңқырының  еденіне  ӛзен  малта  тастары 

тӛселген, қабырғалары ағашпен қапталған. Қазба барысында киімге тағылған 

алтын  қаңылтыршадан  жасатылған  ромб,  тікбҧрыш,  дӛңгелек  пішіндегі  

тоғалар (18 дана), моншақтар, қатты татталған  темір  тарақ, шеге, т.б. заттар 

алынған. 

       Қабірлердің  бірінен  алынған  алтын  жалатылған  қола  тҥйреуіштер  (8 

дана)  ерекше  кӛзге  тҥседі,  олар  шашты  бекітіп  тҧру  ҥшін  пайдаланылған. 

Барлық тҥйреуіштердің тҥйіршікті басы мен кесіндісі дӛңгелек білігі (сабағы) 

бар, ал ҧзындықтары 10-16 см.  

      Жалпы  алғанда,  зерттелген  обалардың  жалпылама  сипаты  (тҥрі,  қабір 

шҧңқырының бағыты, қабір қҧрал-саймандар) б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларға жатады 

және де Усунь дәуірімен тығыз байланысады. 

       Каменка обалы қорымы Алматы қаласының аумағында ӛзімен аттас кент 

жанында орналасқан. Белсенді тҥрде жҥргізіліп жатқан қҧрылыстар әсерінен 

қорымдағы  кӛптеген  ескерткіштер  жойылып  кеткен.  Мҧндағы  обалар 

топырақтан  және  тас  пен  топырақ  аралас  ҥйінділерден  тҧрады.  Обаларды 

зерттеу  барысында  11  мола  аршылған.  Молалардан  тастан  және  сҥйектен 

жасалған  заттар  топтамасы,  керамика  бӛліктері,  моншақтар  (тҥрлі 

материалдардан  дайындалған),  қола  және  алтын  әшекейлер  (сырға,  жҥзік, 

алқа,  т.б.)  шыққан.  Каменка  қорымындағы  ҥйінділерден  берілген  асқа 

пайдаланылған ыдыстардың сынықтары, ал тас қаландысы - тас сауыттардан 

сан  алуан  бҧйымдар  (дәнҥккіш,  курант,  ҥгіткіш,  келі-келсап,  тӛс,  т.б.) 

алынған.  Мәселен,  №10  шағын  обаның  сауыт  қаландысынан  он  бес  шақты 

шаруашылық-тҧрмыстық  бҧйымдар  аршылған.  Тҥрлі  обалар  маңынан  от 

жағылған ғҧрыптық алаңқайлар анықталған. 

       Қорымдағы  ерекшеліктің  бірі  тҥрлі  конструкцияның  ҧшырасуы  болып 

табылады, моланы толтырудың ӛзіндік тәсілдері: қҧйылған пахса, қам кірпіш 

қаландылары, таспен,  топырақпен  тҧрғызу. Мола тҥрлері:  жоспары сопақша 

немесе  тікбҧрыштылау  келген  қабырғалары  тік  қарапайым  шҧңқырлар; 

қабырғаны  бойлай  текпішек  жасалған  тікбҧрышты  шҧңқырлар  және  екі 

текпішекті  –  иықты  молалар.  Катакомбалар  тҧрпаты  жоспарында  сопақша 

және кҥрделі болып келеді. Соңғыларында жалған тҥсетін шҧңқырлары мен 

молалы  терең  камералы  кездеседі.  Жалған  тҥсетін шҧңқырлар  де  катакомба 

секілді ерекше. Олар жартылай дӛңгелек тҧрпатта, бір рет шҧңқырдың (№13 

оба) іші таспен толтырылғандығы және оның каераға ӛтетін жері болғандығы 

анықталған.  Басқа  бір  ескерткіштегі  (№21  оба)  жалған  шҧңқырға  басы 

оңтҥстікке  қаратылған  жылқы  жерленген.  Жерлеу  камерасы  ҧзынша  келген, 

еніне қарай созыла тҥскен. 

       Каменка қорымындағы тағы бір ерекшелік оба ҥйінділері қатары астынан 

екі  және  одан  кӛп  қабірлердің  кездесуі  деуге  болады.  Мҧндағы  ӛзгешелік 



 

190 


әрбір  мҥрде  жеке  молаға  жерленген.  Кейбір  молалар  тҥбіне  бор  ҧнтағын 

сеуіп  тастау  анықталған,  ал  №11,  16,  19  обалардан  бор  кесектері  байқалған. 

№23  обадағы  1-моладан  қҧмырашының  еңбек  қҧралы  –  сҥйек  пластина 

аршып алынған. 

        Қорым  обаларының  кӛпшілігі  тоналғандықтан,  оның  хронологиясын 

нақты анықтау едәуір қиындық туғызады. 

       №19  оба  қабірінен  әйел  адамның  алтын  әшекейі  (сырға  мен  алқа) 

табылған.  Әшекейлерді  жасауда  бҧйымды  «пирамида»  кӛзтанамен  оқалау 

тәсілі қолданылған, ал сақина қалқаншасы инкрустация тәсілімен сәнделген. 

Осы ерекшеліктер обалы кешенді ІІІ-ІV ғасырлармен мерзімдеуге мҥмкіндік 

береді. 

       Усуньдердің  қоныстары.  Жартылай  кӛшпелі,  жартылай  отырықшы  ӛмір 

салты  ертедегі  сақтар  мен  усуньдердің  қыстау-қоныстар  мен  қоныстар 

салуына  себеп  болғандығын  аңғартады.  Жоғарыда  айтылғандай,  Усунь 

мемлекетінің Чигу-чен – қызыл аңғардағы қала – атты астанасы болған. Хань 

жылнамашылары  бҧл  атауға  «чен»  деген  қосымша  жалғауға  болады  деп 

тапқан,  сӛйтіп  бҧл  арқылы  олар  қамал-қала  ҥлгісіндегі  бекіністі  қоныс 

дегенді білдірді. Әзірге Чигудің қай жерде орналасқандығын анықтау белгісіз 

болып  қалып  отыр.  Ӛйткені  усуньдердің  кӛптеген  қоныстары  анықталған. 

Шу аңғарындағы усуньдердің Луговое қонысын А.Н.Бернштам 1938 жылдың 

ӛзінде-ақ  зерттеген  болатын.  Қазба  барысында  таға  тәріздестіріліп  саз 

балшықпен  жасалған  ошақпен  жылытылатын  шикі  кірпіштен  тҧрғызылған 

баспаналар  аршылған.  1962  жылы  К.А.Ақышев  басқарған  археологиялық 

экспедиция Кеген ӛзенінің алабынан Ақтас қонысын тапқан. Қоныс кешені 5 

баспанадан және бірнеше шаруашылық қҧрылыстарынан (қора-қопсылардан) 

тҧрған.  Қҧрылыстар  арасындағы  «шаршы  бӛлме»  қоныстың  орталығы 

болған, оған ауданы 126 шаршы м «ҥлкен аула» жалғасқан, бҧл бӛлмеге ҧзын 

да енсіз дәліз арқылы кірген. 

       Баспаналар  плита  тастардан  балшық  лай  қҧйылып  қаланған.  Әрбір 

тҧрғын  ҥй  ҥлкен  бӛлмеден,  ҧсақ  қосалқы  жайлардан  және  мал  қамайтын 

қашалардан  тҧрды.  Барлық  қҧрылыстар  бір-біріне  жапсарластырылып 

салынды.  Едендері  балшықпен  сыланған,  жер  еден  болды.  Тҧрғын 

бӛлмелердің  едендерінде  шаршы  тҥрінде  тастан  қаланған  ашық  ошақтар 

орналасты. Жер  ошақ ҥйді жылытты және онда тамақ  пісірілді. Қыс  кезінде 

ҥй ішінің тіршілігі ошақтың айналасында ӛтті, оның маңынан тамақ салынған 

қыш ыдыстар, тас дәнҥккіштер табылған. 

        1994-2005 жылдары Іле Алатау ӛңірінен усуньдердің ондаған қоныстары 

анықталған.  Бҧл  ӛңірде  қазақ-американ  археологиялық  экспедициясы 

(К.М.Байпақов,  Ф.П.Григорьев,  К.Чанг)  нәтижелі  зерттеу  жҧмыстарын 

жҥргізді. Зерттеу барысында Алматыдан аса қашық емес жерлердегі Талғар, 

Цыганка,  Талдыбҧлақ  ӛзендерінің  аңғарларынан  бірқатар  ескрткіштер 

табылды. Сол кездері Тҥзусай, Цыганка-8, Талдыбҧлақ қоныстарынан тҧрғын 

ҥйлер,  жартылай  жертӛлелер  мен  шикі  кірпіштен  жер  бетіне  тҧрғызылған 

баспаналар  қазылып,  сан  алуан  материалдар  жиналған  болатын. 

Жаратылыстану  ғылымдарына  тән  зерттеу  әдістерін  кеңінен  қолдану 



 

191 


экспедицияның  археологиялық  жҧмыстарының  ақпаратын  мейлінше 

ҧлғайтқан еді. 

        Радиокӛміртекті  анализ  кӛмегімен  қоныстардың  қалыптасуы  мен 

пайдаланылған  уақыты  анықталынды.  Айталық,  Тҥзусай  қонысы  6  мәдени 

қабаттан  тҧрады,  олар  б.з.б.  ІV  ғасыр  мен  б.з.  І  ғасыры  аралығындағы 

уақытты  қамтиды;  ал  Цыганка-8  қонысы  б.з.б.  VІІ  ғасырдан  бастап  б.з.  І 

ғасырына дейінгі жететін мәдени қабаттарды қамтиды. Бҧлар бастапқыда сақ, 

кейіннен усунь қоныстары болған еді. 

       Палеоботаникалық зерттеулер бидай, арпа, тары дәндерін анықтап берді, 

ал  Тҥзусай  қонысынан  кҥріш  пен  кҥріш  қауызы  табылды.  Қоныстардан 

табылған  бидай  сҧрыптарының  бірі  тек  қолдан  суарып  ӛсіргенде  ғана 

шығатындығы белгілі болып отыр. 

       Жетісудағы  Талғар  шағын  ӛңірі  тҧрғындарының  шаруашылығы  ерте 

темір  дәуірінде  мал  шаруашылығы  мен  егіншілікке  негізделген  кешенді 

шаруашылық  болғандығы  анық.  Іле  Алатауының  тҧрғындары  қҧнарлы  тау 

алды  солтҥстік  беткейлерінде  қой,  ешкі  және  жылқы  ӛсірумен  бірге  қолдан 

суарылмайтын (богара) және қолдан суармалы егіншілікпен де шҧғылданды, 

тары,  арпа,  бидай,  бәлкім  кҥріш  те  ӛсірді.  Алайда,  соңғы  аталған  дақыл 

Ферғана мен Қытайдан әкелінген шет елдік ӛнім болуы да ықтимал. 

       Сақ-усунь  заманында  шоғырланған  қоныстардан  орта  ғасырларда  ірі 

қалалар келіп шықты. Сӛйтіп, мәдени жалғастық ҥздіксіз дами берді. 

       Жетісу  көркем  қоласы.  Табылған  олжалардың  кӛпшілігі  Алматы 

аумағымен  және  оның  тӛңірегімен  тікелей  байланысты.  Әдетте,  бҧлар 

кездейсоқ  табылған  кӛмбелер.  Кӛмбелер  тау  алды  аймағынан,  әдетте  шӛбі 

шҥйгін әрі жері қҧнарлы қоныстардан табылады. Осында тіршілік еткен ерте 

кӛшпенділер – сақтар мен усуньдердің кӛмбелері, б.з.б.VІІІ ғасырдан б.з. ІV 

ғасырына  дейінгі  аралықта  мерзімделінеді.  Алайда  бҧйымдардың  кӛпшілігі 

б.з.б.  І-мыңжылдық  екінші  жартысынан  б.з.  ІІІ-ғасырына  дейінгі  кезеңде 

жасалынған.  Кӛбіне  қызығушылық  тудыратын  кӛмбелер  қҧрамында  шырақ, 

ҥстел, қазандық болады, сонымен қатар қанатты барыстар мен жолбарыстар, 

қодастар  мен  зебу-ӛгізі,  тҥйелер  мен  жылқылар,  тау  текелер,  қасқыр  мен 

қҧстар,  сондай-ақ  адамдардың  мҥсіндері  де  кездеседі.  Соңғы  аталғандар 

қарулы  жауынгерлерді  –  салт  атты  садақшыларды  бейнеледі.  Кейбір 

мҥсіндер, сірә әйел адамдардың (киіміне қарағанда) мҥсіні  ғҧрыптық ҥстелді 

қолымен  кӛтеріп  тҧрған  «атлант  рӛлін  атқарды».  Мҥсіндермен  әдетте 

ғҧрыптық  бҧйымның  шеттері  мен  бҧрыштары,  шырақтардың  шеттері  мен 

жалпақшалары  әшекейленді,  кейде  олар  «шырағдан»  (шырақ)  ретінде, 

ішінара болса да ҧстағыш-сап, қазан аяғы секілді де пішінде пайдаланылды. 

        Кӛне шеберлердің  қолымен  жасалынған  кӛпшілік  бҧйымдар  қолӛнердің 

аса  кӛркем  туындылары  қатарына  жатады.  Саналы  адамдар  табылған 

жәдігерлерді кӛне заман куәсі ретінде музейлерге ӛткізіп отырған. Айталық, 

ХХ  ғасыр  басында  Алматы  ауданынан  табылған,  шартты  тҥрде  «Жетісулық 

алтарь»  деп  аталған  олжа  Санкт-Петербургтағы  Эрмитажға  жеткізіліп, 

зерттеу  нысанына  айналған.  Нәтижесінде  бҧл  қола  ҥстел-алтарь  ғҧрыптық 




 

192 


мәнде жасалған, оны ежелгі сақ және усуньдер жосын-жоралғыларды жҥргізу 

ҥшін пайдаланылған деп топшыланған. 

        1979  жылы  М.Қ.Қадырбаев  Алматының  оңтҥстік  бӛлігіндегі  Ҥлкен 

Алматы  ӛзенінің  сол  жағалауынан  алаңқайды  қазған.  Бҧл  жерден  жоспары 

дӛңгелек  келген,  аумағы  130  шаршы  метр  алаңқай  аршылған,  ол  0,4  м 

тереңдікке  дейін  қазылған.  Зерттеушілердің  пікірінше,  «ғибадатхананың» 

(мінәжат  орнының)  ҧзақ  уақыт  жҧмыс  істеп  тҧрғандығын  сазды  платформа-

алтарь, жағылған от қалдықтары, қҧрбандыққа шалынған мал сҥйектері (қой 

мен  сиыр),  қҧю  қалпы,  керамикалық  ҧршықбастар,  жапсырып  жасалынған 

қыш  ыдыстары  (тостаған,  кӛзе,  банка,  хумшы)  нақты  кӛрсетеді.  Дегенмен 

табылған  заттар  сақ-усунь  молаларынан  алынған  бҧйымдардан  аздап 

ӛзгешелеу.  Алаңқайдан  шырақ  (шырағдан),  бҥтін  қазандық  және  тағы  екі 

қазандықтың  бӛліктері  шыққан.  Кӛлденең  ҧстағышты  қазандықтардың  бірі 

темірден  дайындалған,  бӛліктері  сақталған  қалған  екеуінің  тағандары  бар. 

Ғибадатхана  алаңқайы  жоба  бойынша  бҧрын  топырақ  жалмен  немесе 

қабырғамен кӛтерілген. 

       Сақ және усунь ғибадатханалары  (мінәжат орындары)  оларды тҧрғызған 

адамдардың  кҥрделі  тҥсінігінен  хабардар  етеді.  Ғибадатхана  мен  одан 

табылған  заттар  арасынан  шырақ-қазандық-қҧрбандық  ҥстелі  секілді 

триадаға ден қою тегіннен тегін емес еді. Әрбір заттың ӛзіндік қадір-қасиеті 

болды.  Оларға  сан  алуан  жыртқыш  аңдар  мҥсінінің  жасалынуы  белгілі  бір 

таным-тҥсініктен келіп туындады. Айталық, шырақта бейнеленген жолбарыс 

образы  космогониялық  сипатта  да  болды,  ол  Ғарыш  шекарасын  қорғап 

тҧрды.  Кӛпшілік  сюжет  отқа  табынуды  білдіреді.  Сонымен  қатар  шырақта 

мҥсінделген  бейнелер  жарықты,  жыл  мезгілдерінің ауысуын,  қоршаған  орта 

мен  тылсым-дҥниенің  байланысын,  зҧлымдық  пен  қайырымдылық 

арасындағы кҥресті, т.б. білдіреді. 

       Келесі  бір  қҧрбандық  ҥстел  Алматы  қаласының  оңтҥстігіндегі  «ашық 

аспан  астындағы  ғибадатханадан»  табылған.  Ол  –  конус  тәрізді  жасалған 

нәзік  тҧғырға  орнатылған  табақша.  Бҧл  заттың  табақшасында  негізгі 

танымдық ой-ӛріс қамтылған. Оның шетіне зебудің скульптуралық мҥсіндері 

осы  жануарға  тән  ӛркештерімен  қоса  берілген.  Сиыр  (ӛгіз)  тҧмсығы  аздап 

тҥсіңкі  және  солға,  сыртқа  қарай  қаратылған.  Салт  аттылардың  екі  мҥсіні 

табақтың  жалпақ  бӛлігіне  орнатылған,  бҧлардың  тек  біреусі  ғана 

сақталынған.  Салт  аттылар  қарама-қарсы  беттерге  қаратылған.  Қолдарында 

М-тәрізді  пішіндегі  тартылып  тҧрған  садақ  бейнеленген.  Сайып  келгенде 

барлық  композиция  экспрессияға  толы  және  де  мҧнымен  бірге  шиеленісіп 

тҧрған  жағдайды  кҥтіп  тҧрған  сәт  –  жайылып  жҥрген  хайуанаттар  қатып 

қалған,  жылқы  тӛрт  тағандап  тҧра  қалған,  садақ  адырнасы  тартылған,  тағы 

бір сәт... одан жылдам тҥрде ысқыра жебе ҧшады. Бҧл кӛрініс нені білдіреді? 

Сірә,  әлемнің  тӛрт  тарапын  қорғап  тҧрған  салт  атты  Әлем  тауының 

шыңдарын  мекен  ететін  кҥн  қҧдайы  Митраны  бейнелейтін  шығар.  Кӛне 

замандардағы  тҥсініктерге  қарағанда,  Митра  –  мол  мҥмкіншіліктері  бар 

қҧдай,  бҧл  ретте  ол  жайылым  әміршісі,  жердің  сақшысы,  ғарыш  әлемінің 

қорғаушысы ретінде бейнеленген.  



 

193 


        Алайда  кӛріністі  тағы  басқалай  тҥсіндіруге  де  болады.  Шырақта  жын-

перімен  кҥресіп  жатқан  Митра  қҧдай  бейнеленген,  және  де  ол  найзағай  – 

жебе  –  кӛмегімен  қара  тҥнекті  сейілтіп,  жын-пері  тҧмшалаған  ӛмір  нҧрын 

қайта  шашып  тҧр.  Ол  жауын-шашын,  жерге  ӛмір  нәрін  беретін  бҧлтты 

сипаттайтын  сиырларды  аспанға  жайып  тҧр.  Сӛйтіп,  қыс  пен  қараңғылық 

кері шегініп, сиырмен бірге сайылатын кӛктем мен жарық келеді. 

        Ҥшінші  шырақ  –  Алматыдағы  Ремизовка  маңынан  табылған,  бҧл  да 

нәзік  таған-тҧғыр  мен  шетті  (ӛңірлі,  қаусырлы)  табақшадан  тҧрады. 

Табақшаның  ортасына  бес  жан-жануардың  мҥсінінен  тҧратын  композиция 

жасалынған: ӛлген тау теке, екі қасқыр мен екі қарға. Тау теке бір бҥйірімен 

жатыр,  алдыңғы  және  артқы  аяқтары  созыла  жайғасқан,  пышақ  пішіндес 

мҥйізі  қайырылған.  Тҥрегеп  тҧрған  бір  қасқыр  мҥсіні  теке  тҧмсығының 

ҥстіне  тӛне  тҥскен,  екіншісі  қарама-қарсы  жақта  оның  сауырының  ҥстінде. 

Мҥсіндер қҧйылған, іші қуыс, арқа тҧсында білте орнатылған дӛңгелек тесігі 

бар.  Қасқырлар  тҧмсығымен  қҧрбан  болған  хайуанға  тӛніп  тҧр,  тістері  мен 

азу  тістерін  айқара  ашқан.  Қҧлақтары  басына  жабысқан.  Кӛздері  тамшы 

пішіндес,  ҧзынша  келген.  Денелері  ҧзын,  іші  тартылған,  табандары  мығым, 

тырнақтары ірі, қҧйрықтары ҧзын. 

        Басқа  екі  жағында  кішкентай  шаршы  тҧғырға  бӛтеннің  олжа 

қалдықтарын  кҥтіп  отырған  екі  қарға  мҥсіні  жабыстырылған.  Қарғалардың 

бастары  бір  жаққа  қарай  аздап  қисайған,  тҧмсықтары  қатты  қайырылған, 

кӛздері дӛңгелек келген. Қҧстардың қанаттары жиналған, денелері аздап алға 

қарай созылған. 

        Ыдыстың  шетіне  (қаусырына)  16  мысық  тҧқымдас  хайуанның  (барыс 

немесе  жолбарыс)  іші  қуыс  қола  мҥсіндері  жабыстырылған,  олар  бірінен 

кейін бірі сағат тілінің жҥрісі бойынша, аса сақ кейіпте орналасқан. Олардың 

ауыздары  ақсиған,  кӛздері  тамшы  тәрізді  пішінде,  дӛңгеленген  қҧлақтары, 

мҧрындары  айқын  бедерленген;  табанында  бес  тырнағы  бар,  қҧйрықтары 

ҧзын әрі ҧштары сақина секілді оратылған. 

        Жоғарыда сипатталған шырақтар секілді табақшадағы кӛріністің мифтік 

мағынасы  бар  екендігі  анық.  Табақшада  бейнеленген  кейіпкерлер 

усуньдердің  генеалогиялық  аңызында  кездеседі.  Қытай  дереккӛздерінде 

усунь  билеушісі  кҥнби  (гуньмо)  деп  аталынды.  Оның  әкесі  усуньдерді 

басқарған, бірақ оларға юечжилер шабуылдап, әкесін ӛлтірген. Алайда кҥнби 

тәрбиешісі  қашып  шығып,  нәрестемен  бірге  Сюнну  еліне  келеді.  Тәрбиеші 

баланы  шӛптің  ҥстіне  қойып  тамақ  іздеп  кетеді,  қайта  оралған  кезінде  ол 

баланың  жалғыз  ӛзі  емес  екендігін,  оны  қасқыр  қаншығы  тамақтандырып 

жатқандығын, ал тӛбеде тҧмсығында еті бар қарға ҧшып жҥргендігін кӛреді. 

Сӛйтіп, кҥнби қҧтқарылады, ал қасқыр мен қарға усуньдер ҥшін қасиетті тҥз 

тағылары болып саналады. 

       Дегенмен  кӛрініс  семантикасының  басқа  да  нҧсқалары  болуы  да 

ықтимал. 

       Табақшадағы  композиция  ортасында  ҧсталынған  таутеке  орналасқан, 

оның бейнесі сақтар мен  усуньдердің жартас суреттерінде кеңінен таралған. 




 

194 


Таутеке  бейнесі  таудың  культымен,  қҧнарлылықпен  тығыз  байланысты. 

Таутекемен От қҧдайы – Агни байланыстырылды. 

       Қасқыр,  әдетте,  шӛп  қоректі  жануарларға,  бҧл  ретте  таутекеге  қарсы 

қойылды.  Қасқыр  бейнесі  тҥн  мен  қыс  тҥнегімен  байланыстырылды.  Шӛп 

қоректі  жануарлардың  жер  бауырлап  келе  жатқан  қасқыр  секілді  жауы 

болған  сияқты,  Митра  немесе  Кҥн  мен  Жарық  қҧдайлары  жаюға  алып 

шығатын  және  қорғайтын  аспан  ҥйірінде  де  мифтік  қасқыр  сынды  ӛзінің 

жауы болды. 

       Қарашадан  ақпанға  дейін  созылған  қыстың  ҧзақтығы  «кӛкжал  уақыты» 

атауын иемденгендігі белгілі. Және де кӛріністегі қарға жӛнінде де бірер сӛз 

айта  кеткен  абзал.  Әдетте  жалпыадамдық  тҥсініктерде  бҧл  қҧс  аспан  мен 

кҥннің  бейнесі  болып  табылады.  Ә.К.Ақышевтың  пікірінше,  Есік  обасынан 

табылған  қанжар  ҧштығындағы  қос  самҧрық  Әлем  ағашы  ҥстінде  отырған 

қҧстар  туралы  мифті  білдіреді,  бҧл  жерден  олар  барлық  әлемді  бақылап, 

уақыт  ағымын  «қадағалап»  отырады.  Бәлкім,  ӛлтірілген  таутеке  қасындағы 

жарық  пен  отты  білдіретін  қарғалар  аспанмен,  ғаламмен  байланыстырылған 

шығар,  сӛйтіп  олардың  қасқырлардан  жеңілуі  жыл  мезгілдеріндегі 

ӛзгерістерді,  яғни бҧл  жерде  жарықты  жеңген  тҥнек  пен  жазды  ығыстырған 

қысты бейнелеуі де ықтимал. 

       Жетісуда  қоладан  жасалған  қасиетті  заттар  арасында  қазандықтар 

(қазандар) да ерекше орын алады. Қазіргі таңда Алматы музейлеріне мҧндай 

қазандықтардың  ондаған  данасы  қойылған.  Кӛмбелерден  табылған 

қазандықтар  саны  1-ден  10-ға  дейін  жетеді,  бірақ  ғибадатханалар  (мінәжат 

орындары) мен культтық қола кешендеріне қатысы жоқ жекелеген даналары 

да  ҧшырасады.  Қазандықтар  денесі  жартылай  сфера  тәрізді  немесе  тҧрқы 

конус  секілді  тағанға  орнатылған,  тағандары  кейде  жыртқыш  аң  табаны 

немесе  аша  тҧяқты  мал  аяғы  секілді  болып  та  сәнделген,  ҥш  тағанды 

қазандар  сирек  ҧшырасады.  Тағаны  қайырылған  жерінде  арқар,  айдаһар 

тәрізді  хайуандар  мен  қҧлақты  жануарлар  (бәлкім  қҧлан)  бедерленген 

қазандар да кездеседі. 

        Қазандық  денесі  (тҧрқы)  әдетте  жылтыратылады,  кейде  білікпен, 

жартылай  сопақша,  ҥш  бҧрыштармен  сәнделінеді.  Оларды  тасымалдау  ҥшін 

шетіне  ҧстағыштар  не  болмаса  қҧлақтар  жасалынады.  Қҧлақтары  бір-біріне 

қарама-қарсы  қойылған  екі  немесе  айқыш  секілді  орнатылған  тӛрт  дана 

болады, соңғысында екі қҧлағы тігінен, екеуі кӛлденеңінен орнатылады. 

        Шетінен шығып тҧрған қҧлақтары тігінен орналасқан жҧмыртқа пішінді 

қазандықтар  да  ҧшырасады.  Мҧндай  қҧлақтар  әдетте  бҥркеншікті  шеге 

(кнопка) тҥрінде әшекейленеді. 

        Кейбір  қазандықтардың  су  ағары  (шҥмегі),  кӛлденеңінен  ҧзын  келген 

қҧлақтары да болады. 

        Қазандықтар  сыйымдылығы  әркелкі:  5-7  литрден  жҥз  шақты  литрге 

дейін жетеді.  

      Талғар қаласынан шығысқа қарай 7 км жердегі Орман қонысынан кейінгі 

уақытта  табылған  қазандар  кӛмбесі  алты  данадан  тҧрған,  олар  бір-бірінен 

кӛлемі, қҧлақтар саны мен әшекейлері бойынша ерекшелінеді. 



 

195 


       Әлбетте,  қазандықтар  саны  кездейсоқтықты  білдірмесе  керек,  олар 

ғибадатхана тиесілі болған жекелеген ҧжымдардың (отбасы, ру, тайпа) санын 

да  білдірген  секілді.  Қазандықтардың  сыйымдылығы  олардың  ғҧрыптық 

қолданыстағы мәніне тікелей байланысты болды. 

       Қазандардың 

символикалық  мәні  Геродоттың  скифтер  туралы 

әңгімесінде  де  келтіріледі:  «...  Скифтердің  Ариант  атты  патшасы  скифтер 

санын  білгісі  келді.  Бҧл  ҥшін  ол  әрбір  скифке  бір-бірден  жебе  ҧшын  алып 

келуге  бҧйрық  берді,  оны  тыңдамағандарды  ӛлтірем  деп  қорқытты.  Сонда 

скифтер  орасан  кӛп  жебе  ҧштарын  алып  келді,  нәтижесінде  патша  олардан 

ӛзіне ескерткіш соқпақ болды: ол жебе ҧштарынан... мыс ыдыс жасаттырып, 

оны  Эксампайға  қоюды  бҧйырды».  Жасалған  ыдыс  ӛте  ҥлкен  еді: 

қабырғасының  қалыңдығы  алты  саусақ,  ал  сыйымдылығы  600  амфораға  тең 

болды.  Сӛйтіп,  бҧл  «патша-қазаны»  әскердің  ӛте  мол  екендігін,  скиф 

патшасының  қҧдыреттілігін  білдірді  және  де  Ариант  патшалығының 

символы болды. 

       Қоладан  жасалынған  ғҧрыптық  кӛмбелердің  ҥшіншісі  қҧрбандық 

ҥстелдері  болған  еді.  Олардың  бірнеше  даналары  ғана  белгілі.  Арасынан 

«жетісулық  алтарь»  деп  аталынған  кӛмбе  ғылыми  әдебиеттерде  кеңінен 

танымал болып отыр. 

        Ҥстел – тікбҧрышты (113х126 см), шеттерінің (қаусыры) биіктігі 6,5 см-

ге  дейін  жетеді,  әрбір  жағына  кӛлденеңінен  тасымалдау  ҥшін  ҧстағыш 

(қҧлақ)  жасалынған.  Сондай-ақ  биіктігі  22  см-ге  жететін  дӛңгеленген  тӛрт 

аяғы  (тағаны)  бар.  Шетін  бойлай  ритмикалық  қайталаумен  қанатты  барыс 

(жолбарыс?) бірінен кейін бірі орналасқан. Олардың саны 30 болған, бірақ 25 

ғана  сақталынған.  Бейнелер  жоғарыда  сипатталған  Алматы  маңынан 

табылған шырақтағы қанатты барыстар мҥсінін дәлме-дәл қайталайды. 

       Ҥстел шетіндегі қанатты барыс мҥсіндері шырақтағы хайуанаттар секілді 

кеңістікті  қорғап  тҧрғандығы  сӛзсіз,  бәлкім  бҧл  кеңістік  сақтар  мен 

усуньдердің жері де шығар. 

       Басқа  қҧрбандық  ҥстелдеріндегі  бейнелер  де  кӛз  тартады.  Мәселен, 

бҧрыштарына қодас бейнеленген қҧрбандық ҥстелі де ерекше. 

       Аяқтары тҥйе табандарына (аяқтарына) ҧқсас етіліп жасалынған тағы бір 

ҥстел табылған. 

        Ҥстелдердің  қолданыстағы  орны  тҥсінікті,  оларға  қазанда  пісірілген 

қҧрбандық  еттері  қойылған,  оны  культтық  салт  пен  салтанатты  жиынға 

қатысушылар жеген, бҧл ең алдымен жаңадан оянған табиғатқа, кӛктемгі кҥн 

мен  тҥннің  теңелуіне  арналған  Жаңа  жыл  –  Наурызды  тойлау  болуы  да 

мҥмкін.  Бҧл  Еуразия  халықтарындағы  маңызды  да,  ең  кӛне  мейрам  болып 

табылады. 

       Қарғалы  көмбесі  Іле  Алатауындағы  теңіз  деңгейінен  2300  м  биіктіктегі 

Қарғалы  қойнауынан  табылған.  Ондағы  ерекше  кӛз  тартатын  нәрсе  тәті 

(диадема). Ол екі бӛліктен тҧрады. Оның ҧзындығы – 35 см, ені 4,7 см. Оның 

ішкі беті толған кҥрделі ӛсімдік тектес ӛрнектің ортасында тҧрған аңдардың, 

қҧстардың,  адамдардың  бейнелері; бҧлар  қалыппен  қысу  әдісімен  салынған. 

Мҧнда  араларында  феникс  бедерленген  басын  артқа  бҧрып  салынған  марал 




 

196 


мен ҧрғашы марал; бҧдан соң ҥстінде әйел отырған қанатты жолбарыс; одан 

кейін ҥстінде қҧс ҧшып бара жатқан, арқасына әйел отырған айдаһар; тағы да 

тҧғырда тҧрған қанатты ат; ҧшып бара жатқан қҧс; ҥстінде аю мен қҧсы бар 

әйел ерттеген ешкі; арқасына әйел отырғызған арқар нақышталып салынған. 

Барлық  композиция  жылқы  мҥсіндері  арқылы  ҥш  бӛлікке  бӛлінген,  орта 

тҧсында айдаһар орналасқан, оның оң және сол жағындағы жануарлар шеруі 

бір-біріне  қарама-қарсы  тҧр.  Жануарлардың  кӛздеріне  сердолик  пен 

альмандин  қойылған,  денелеріне  перуза  орнатылған.  Тәтіні  ең  алғаш  рет 

зерттеген  А.Н.Бернштам  бҧл  сәндік  зат  абыз  (бақсы)  әйелдің  бҧйымы  дей 

келе,  олжаны  б.з.б.  І  ғасыр  мен  б.з.  ІІ  ғасыры  аралығындағы  уақытпен 

мерзімдеді.  Бҧл  зерттеуші  бейнелердің  семантикасында  Иран  мен  Қытай 

культтық ықпалдары да кӛрініс тапқан деп пайымдады. 

       Жаңа зерттеулер бейнелердің мәнін, шығу тегі мен кӛріністер мағынасын 

біршама  толымды  тҥрде  тҥсінуге  мҥмкіндік  берді.  Нәтижесінде  Қарғалы 

қабірінің  мерзімі  анықталынды,  ол  б.з.б.  ІІ  ғасырға  жатады.  Тәтіні 

Бактриядағы  Тіллә-тепе  патша  қабірі,  Хохлачтағы  сармат  молалары, 

Жетісудағы  Есік  обасы,  Таулы  Алтайдағы  Уландрык  ескерткіші  секілді 

археологиялық нысандардың бірегей олжаларымен салыстырып қарастыруға 

жол  ашылды.  Тәтідегі  бейнелер  Еуропа  мен  Азияда  кеңінен  таралған  қҧдай 

ана  мен  қҧнарлылық  қҧдайы  Диониспен  тікелей  байланысты.  Грек  культі 

шығыс халықтарының кҥн мен тҥн теңелген кҥн Наурыз мейрамымен тамаша 

ҥйлескен.  Табиғаттың  дамуын  тоқтатып,  қайта  жандандыратын  ежелгі  грек 

қҧдайы  –  Дионис  культі,  мысырлық  Осирус,  фригиялық  Аттис,  сиро-

финикиялық  Сабасийге  қатты  ҧқсас.  Александр  Македонский  жорығынан 

кейін бҧл культ Еуразия аумағында кеңінен таралып, жергілікті қҧдайлармен 

бірге  астасып  кетті.  Дегенмен  грек  немесе  грек-бактриялық  пішін  бейнелеу 

ӛнерінен  кӛрініс  тапты,  мҧны  усуньдерге  тиесілі  әрі  б.з.б.  ІІ  ғасырмен 

мерзімделінген  Қарғалы  тәтісіндегі  сюжетті  талдау  да  нақты  кӛрсетеді. 

Дионис культінің таралғандығын Шелпек (Чельпек) ескерткішінен  табылған 

қҧрбандық ҥстеліндегі әйел мҥсіндері де растайды. Бҧларды, сірә, Дионистің 

әйелі  Ариаднамен  байланыстырған  жӛн.  Ол  Орта  Азия  пантеондарындағы  

басты қҧдай Анахита – Минамен ҥйлескен-ді. Аталмыш байланыс шелпектік 

және  қарғалылық  олжалардағы  кейіпкер  әйелдердің  киім  ҥлгісіндегі 

ҧқсастықтан да байқалады. Қарғалы тәтісі дионистік мейрамды сипаттайтын 

секілді.  Дионис  қабыланда  отырғызылып  бейнеленді,  жолбарысқа 

отырғызылуы сирек. Дионистік культтің басты хайуандары – марал, ешкі мен 

аю.  Тәтіде  бейнеленген  су  қҧстары  –  аққу-қаздар  қҧнарлылықты  сипаттады. 

Қарғалы  тәтісінде  әлем  жаратылысының  ҥш  ӛрісі  кӛрсетілген:  Ӛмір 

ағашының  тамырлары  кететін  –  жер  асты;  адамдар  мен  жануарлар  ӛмір 

сҥретін  –  жердің  беті;  қҧдайлар  мен  қҧстар  тіршілік  ететін  –  аспан  әлемі. 

Тҧғырдағы,  дәлірек  айтқанда  тау  шыңдарындағы  жылқы  бейнесі  кҥнді, 

ерекше қҧдай нҧрын кӛрсететін еді. Жетісу кӛшпенділерінің идеологиясында 

бҧл синкреттік образдардың таралуына  Ҧлы Жібек  жолындағы байланыстар 

әсерін тигізген болатын. 




 

197 


        Қарғалы  тәтісімен  бірге  кӛмбеден  алтыннан  жасалынған  кӛптеген 

бҧйымдар  табылған.  Бҧлар  –  қос  ӛркешті  тҥйе  бейнеленген,  перузамен 

әшекейленген  екі  сақина;  таутеке  бейнеленген  он  тоға;  адамды  кеміріп 

жатқан  тышқан  бейнесі  бар  перузалы  сырға,  сонымен  қатар  перуза 

жапсырылған қапсырмалар. 

        Усунь  ӛнерінде  кҥрделі  таным-тҥсініктердің,  діни  ҧғымдар  мен 

мифологияның кӛрініс табуын ӛзге де олжалардан кӛруге болады.                 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет