Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Орталық Қазақстан сақтарының тасмола мәдениеті



Pdf көрінісі
бет43/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Орталық Қазақстан сақтарының тасмола мәдениеті 

 

Тасмола  мәдениетінің  ӛзіндік  белгісі  «мҧртты  обалар»  деп  аталатын  ерекше 

ескерткіштер болып табылады.

 

Мҧртты обалардың тҥрлері кӛп, бірақ олардың 



барлығы  дерлік  біртҧтас  сәулет  ӛнері  кешеніне  кіреді.  Ҥйілген  топырақ 

астында ӛлікті жерлеу ҥшін қазылған терең сопақша шҧңқыры бар ҥлкен оба 

оның негізін қҧрайды. Ҥлкен ҥйіндіге жақын, әдетте шығыс жағынан, кіші оба 

салынатын болған. Оның астына, сол заманғы жердің бетіне, жанына қыш ыдыс 

қойылып, ат жерленген. Сонан соң кіші обадан шығысқа қарай бағытталып, шет 

жақтарында дӛңгелек тас қҧрылыстары бар, доға тәрізді ені 1,5-2 м, ҧзындығы 

20-200  м  тас  тізбектері  қаланған.  Сӛйтіп,  «мҧртты»  обалар  ҥш  қҧрылыстан 

тҧрады:  адам  жерленген  ҥлкен  оба,  әдетте  жылқы  мен  қыш  ыдыс  қойылған 

кіші оба және тас тізбегінің қатары. Негізгі обаға мҥрде мен сан алуан заттар 

қойылады.  Кіші  обада  қабір  шҧңқыры  жоқ.  Оның  ҥйіндісінің  астынан,  сол 

кездегі  жер  бетінен  (материктен)  әдетте  жылқы  қаңқасы  немесе  оның 

жекелеген  сҥйектері  (бас  сҥйек,  қҧйымшақ),  ал  шығыс  жағына  бір  (екеуін 

қою ӛте сирек) қыш ыдыс шығады. Жоғарыда сипатталған «мҧртты» оба тҥрі 

кеңінен таралған, дегенмен оның ӛзге де нҧсқалары кездеседі. Мысалы, кіші 

оба шығыста емес, ҥлкен обаның оңтҥстік  жағында орналасқан қосарланған 

(қатарланған)  обалар.  Бҧл  ретте  олар,  әдетте,  бір  кӛлемде  болады.  Тек  бір 

ретте ғана кіші обаның ҥлкен оба ҥстіне тҧрғызылғандығы кездескен, алайда 

барлық кезде кешеннің ҥш қҧрамы да ҧшырасады.  

   Хронологиялық жағынан тасмола мәдениетінің ескерткіштері екі кезеңге 

бӛлінеді:  б.з.б.  VІІ-VІ  ғасырлар  және  б.з.б.  V-ІІІ  ғасырлар.  Мәдениеттің 

бірінші  кезеңі  жерлеу  саймандарының  белгілі  бір  жиынтығымен 

сипатталынады.  Олар  –  қола  жебе  ҧштары  (тӛлкесі  шығыңқы  қос  қанатты 

және  ҥш  қалақты),  сабының  жоғарғы  ҧшы  кесек  және  кӛбелек  тәріздес 

қаптамасы  бар  қанжар  (ақинақ),  қола  ауыздығы  бар  жҥген  (сулық),  қола 

айналар. 

    Бҧл  мәдениетті  Ә.Х.Марғҧланнан  кейін  зерттеулерін  жалғастырған 

М.Қ.Қадырбаев  бӛліп  кӛрсеткен.  Қазіргі  таңда  тасмола  мәдениетінің 

ескерткіштерін А.З.Бейсенов зерттеп жатыр. 

   Мәдениеттің  екінші  кезеңіне  тӛлкелі  ҥш  қырлы  жебе  ҧштары, 

«шығыршықты ауыздық», қола айналар тән.  

   Бірінші  кезең  ескерткіштерінің  жарқын  кӛрінісі  Тасмола-1  қорымындағы 

19-обаның бейіті деуге болады. Оның диаметрі 8 м, биіктігі 0,3 м тас ҥйіндісі болды. 




 

175 


Солтҥстік тас қатарының ҧзындығы 52 м, ені 1,5 м болатын оңтҥстік қатары –  46 м. 

Ескерткіш бір ҥйіндіде негізгі және кіші обалар мәні біріктірілген қосарланған обалар 

нҧсқасы  болып  табылады.  Сондықтан  обаның  оңтҥстік-шығыс  жағынан  екі  қыш 

ыдыс  сынығы,  ал  орталық  бӛлігінен  мола  табылған.  Ол  тастармен  бекітілген  және 

ҧзындығы  1,8  м,  ені  0,8  м,  тереңдігі  1,5  м  тікбҧрышты  қҧрылыс  тҥрінде  келген. 

Тҥбінен  шалқасынан  жатқан,  басы  солтҥстікке  қаратылған  әйел  адам  қаңқасы 

аршылған.  Оның  астында  қамыс  тӛсеніші  болған.  Мҥрденің  оң  жақ  жамбасынан 

диаметрі 19 см дӛңгелек қола айна, табан сҥйектері астынан екі қойдың бас сҥйектері 

табылған.  Қаңқаның  сол  жағынан  тікбҧрышты  пішінді  қайрақтас  жатқан,  оның 

ҥстіне  пышақ  қойылған.  Сол  аяғын  бойлай  жылқының  бас  сҥйегі  мен  жауырыны 

орналасқан. Жылқының  тістерінде ҥзеңгі  тәріздес  ҥш  тесікті  қола ауыздық  (сулық) 

«қысылып»  тҧр.  Сонымен  қатар  жҥгеннің  белбеулерінің  қалдықтары  мен  қола 

моншақтар, және де оларды сәндеп тҧрған тоғалар табылған.  

     Тасмола  мәдениетіндеі  ат  әбзелдері  тҥрлі  пішіндегі  жҥген  мен  сулықтардан 

тҧрады. Ҥзеңгі секілді аяқталатын және қосымша тесіктерден тҧратын, кейде ондай 

тесіктері  болмайтын,  сонымен  қатар  тік  бҧрышты  ҥзеңгі  секілді  келген, 

шығыршықты сулықтар тасмола мәдениетіне тән болып келеді. Жҥгендер де пішіні 

жағынан әркелкі: ҥш тесікті мҥйізді және сҥйекті; екі тесікті ілмек секілді; қоладан, 

темірден  жасалған  және  алтын  кӛмкерілген  ҥш  тесікті;  ҥш  ілгек  тәрізді.  Сулықтар 

мен  жҥгендердің  шығу  тегін  Кавказдың  сыртқы  жағынан,  Алдыңғы  Азиядан 

іздестірген  жӛн  сияқты,  ӛйткені  мҧнда  осы  әбзелдердің  сан  алуан  тҥрлері  б.з.б.  ІІ-

мыңжылдық  соңы  мен  б.з.б.  І-мыңжылдық  бас  кезінде  кеңінен  таралған  болатын. 

Олардың ең ерте кездеріндегілері сҥйектен жасалып, біртҧтас затты қҧрады.  

     Жҥгеннің  бҧл  тҥрімен  Қазақстан  ерте  кӛшпенділерінің  танысуы  б.з.б.  VІІ 

ғасырға  дейін  скиф-сақ  тайпаларының  Алдыңғы  Азияға  жасаған  жорығы  кезінде 

орын  алуы  да  мҥмкін.  Бірқатар  авторлардың  (Бейсенов,  Смаилов)  пікірінше, 

Талдысай  қорымынан  (Ҧлытау  ӛңірі)  алынған  ауыздықтар  тасмола  мәдениетіне 

дейінгі  кезеңге  жатады.  Тасмола  қойнауынан  табылған  кӛмбені  Ж.Қ.Қҧрманқҧлов 

б.з.б.  VІІІ-VІІ  ғасырлармен  мерзімдеген.  Тасмола  мәдениетіне  дейінгі  кезеңге 

жатқызылған  ауыздықтар  Талдысайдан  басқа  Измаиловка,  Ақ-Мҧстафа 

қоймаларынан да шыққан.   

     Қола пышақтардың екі тҥрі бар: сабының ҧшы сақина тҥріндегі шығыршықты 

және  сабы  кӛзге  айқын  тҥсерліктей  бӛлінбеген  пышақтар.  Соңғысы қола дәуірінен 

бастап  белгілі.  Темір  пышақтар  қола  пышақтар  пішінін  қайталайды,  алайда  олар 

тасмола мәдениетінің екінші кезеңінде ғана пайда бола бастайды. 

Дӛңгелек  қола  айналардың  да  бірнеше  тҥрлері  болды:  диск  шетіндегі 

қаусырылатын ӛңірі биік және ортасында ілгегі бар (дӛңгелегінің кенересінде биік 

жиекшесі  бар);  диск  ортасында  ілгек  орналасқан;  ҧстағышы  фигуралы  келген; 

ҧстағышы  (сабы)  қатты  шығыңқы;  бҥйірінде  ілгегі  орналасқан  және  тік  бҧрышты 

кертпелі,  т.б.  Алғашқы  тҥрі  ең  ерте  кезге  жатады  және  б.з.б.  VІ  ғасырдан  бастап 

кездесе бастайды. Ҧстағышы бар айналар б.з.б. Ҥ ғасырда пайда болады.  Осындай 

айналардың  ондаған  данасының  арасының  жекелеген  тҥрлері  де  ҧшырасады. 

Мысалы, Қарамҧрын-1 қорымындағы айналардың сабының тҥп жағы екі тау ешкінің 

бейнесімен бітеді. 




 

176 


     Молалардан  сопақша  және  дӛңгелек  келген,  тағандары  (аяқтары)  бар  табақ 

тҥріндегі қҧмтастан жасалған ғҧрыптық ыдыстар да кездеседі. 

     Кеңінен таралған олжалардың бірі қыш ыдыстар болып табылады. Кӛпшілігінің 

ернеуі  тік  немесе  аздап  сыртқа  қайырылып  келген,  ол  бірте-бірте  тҥбі  жалпақ 

жартылай  сфера  тҥріндегі  тҧрпатқа  жалғасады.  Ыдыстар  тҥгелдей  қолдан  лента 

тҥрінде  жасау  әдісі  бойынша  дайындалған.  Саз  балшыққа  ҧнтақталған  гранит  пен 

кварцты  қҧм  қосылған.  Илеуінің  қалың  қабатты  болуы  оны  кҥйдіру  сапасының 

тӛмен болғандығын кӛрсетеді.  

    Қоладан, алтыннан, мҥйіз бен сҥйектен жаслған аңдардың мҥсіні мен рельефті 

бейнелері табылған. 

    Мысалы, обалардың біріндегі жылқының бас сҥйегі жанынан табылған екі тау 

ешкінің қола мҥсіндері ерекше қызығушылық туғызады. Екеуі де бір қҧйма қалыпта 

қҧйылған, содан кейін қосымша ӛңдеуден ӛткен. Іші қуыс архар мҥсінінің бірнеше 

даналары табылған. Басқа әшекейлер арасында қабан, бҧлан бейнеленген тоғалар да 

бар.  Марал  мҥйізінен  самҧрық  басы  тәрізді  етіп  жасалған  және  кӛп  фигуралар 

тҥсірілген  сыртқы  киім  қапсырмасы  да  табылған.  Б.з.б.  VІ-V  ғасырларда  барыс, 

арыстан  секілді  жыртқыш  аңдар  фигурасын  алтыннан  жасау,  алтын  қапсырма 

дайындау  кеңінен тарала бастайды.  Олар  жылқының маңдайындағы белдеуді  және 

киімдерді сәндеу ҥшін қолданылды.   

    Қару-жарақ  арасында  жебе  ҧштары  кӛптеп  ҧшырасады.  Олар  екі  тҥрге 

бӛлінеді:  тӛлкесі  шығыңқы  екі  қанатты  және  ҥш  ҧшты  сапты.  Қарамҧрын-1 

қорымындағы  обалардың  бірінен  тері  қорамсық  қалдықтары  шықты,  одан  ҥш 

қатар етіп қойылған 46 жебе ҧшы аршып алынды. Ағаш сабының ҧзындығы 60 см 

болғандығы анықталды. Жебе ҧштарының 42-сі қоладан, 3-і сҥйектен, 1-і ағаштан 

жасалған.  

    Сапты  жебе  ҧштары  ҥш  бҧрыш  пішінді  ҥшкіріне  дейін  жететін  қалақтардан 

тҧрады. 

       Б.з.б.  VІ  ғасырдың  екінші  жартысында  жоғарыда  аталған  жебе  ҧштарымен 

қатар  ҥш  қанатты  тӛлкелі  (ҧңғымалы)  жебе  ҧштары  пайда  бола  бастайды,  олар 

б.з.б. V-ІV ғасырларда  кеңінен  таралады.  Бҧл  пішін скифтер мен савроматтардан 

алынса керек. Шамамен осы уақыттарда тӛлкесі жабық және кертігі шығыңқы ҥш 

қырлы жебе ҧштары да кеңінен тарала бастайды. 

      Қару-жарақтардың  келесі  бір  тҥрі  –  ақинақ-қанжар.  Ол  аса  кӛп  кездесе 

қоймайды. Б.з.б. VІ ғасырға жататын Нҧрманбет-4 қорымынан алынған ақинақтың 

жҥзінен  ҥлкен  сабы  бар  және  де  ол  одан  5  см  ғана  қысқа.  Сабы  саңырауқҧлақ 

тәрізді  болып  біткен.  Қанжарлар  белбеуге  арнайы  металл  қҧрсау  кӛмегімен 

бекітілген.  Белбеу  кӛшпенді  ӛмірінде  маңызды  рӛл  атқарды.  Тасмолалықтар 

теріден  жасалған  белбеу  тақты,  оны  қола  қапсырмалармен  әшекейледі.  Мҧндай 

белбеулер  Орталық  Қазақстанның  бірқатар  ескерткіштерінен  табылған. 

Ескерткіштерден  алынған  заттарға  қарағанда,  тасмолаға  дейінгі  бастапқы  фаза 

доңғал-кеңӛткел ӛтпелі кезеңімен ҧштасып жатуы да мҥмкін.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет