Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Арал маңы сақтарының ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет50/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

 

Арал маңы сақтарының ескерткіштері 

 

        Ерте  сақ  ескерткіштері.  Бҧл  кезеңге  Оңтҥстік  Тҥгіскен  мен  Ҧйғарақ 



қорымындарындағы  қабірлер  жатады.  Оңтҥстік  Тҥгіскен  қорымынан  50  оба 

анықталған, оның 38-і қазылған, Ҧйғарақтан 80 шақты оба анықталған, оның 

70-і аршылған.  

        Оңтҥстік  Тҥгіскен  қорымы  екі  кешенге  бӛлінеді.  Олардың  біріншісі  12 

обадан,  екіншісі  –  оңтҥстік  –  29  обадан  тҧрады.  Солтҥстік  Тҥгіскен 

некрополында  тоғыз  оба  орналасқан.  Оңтҥстік  Тҥгіскен  б.з.б.  VІІ-V 

ғасырлармен  мерзімделінеді,  сондай-ақ  б.з.б.  V  ғасыр  обалары  қорымның 

оңтҥстік  бӛлігінде  топталған,  ал  ең  ерте  кезге  жататындары  оның  солтҥстік 

шетінде  шоғырланған.  Ҧйғарақ  қорымының  обалары  б.з.б.  VІІ-VІ 

ғасырлармен  мерзімделінеді;  б.з.б.  V  ғасыр  обалары  бірен-саран  ғана,  олар 

ҥш топта шоғырланған – шығыс (30 шақты), орталық (27) және батыс (21). 

        Оңтҥстік Тҥгіскен мен Ҧйғарақ қабірлерінде жерлеу ежелгі жер бетінен 

қазылған  топырық  шҧңқырларға  мҥрдені  қою  (жерлеу)  ғҧрпы  бойынша 

атқарылды, алайда мҥрдені ӛртеу салты да кездеседі. Барлық жағдайда ҥстіне 

оба  тҧрғызылған.  Обалардың  сақталған  биіктігі  0,3-2  м,  диаметрі  10-40  м 

шамасында. 

       Мҥрденің  жерленуіне  қарағанда  қайтыс  болған  адамды  шалқасынан 

қамыс  тӛсенішке  жатқызған,  басын  батысқа  немесе  оңтҥстік-батысқа 

қаратып,  бҧтақтармен  және  қамыспен  ӛрілген  жеңіл  ағаш  каркас  қҧрылыс 

ішіне  қойған.  Қҧрылыс  іздері  шіріп  кеткен  не  болмаса  жанып  кеткен 

дӛңгелек  бағана  шҧңқырлары  тҥрінде  сақталған.  Жерлеу  қҧрылысының 

айналасы шыбық-шӛпшектермен және қамыс қабатымен жабылған. Жоспары 

бойынша бҧл қҧрылыстар дӛңгелек, сопақша келген, тік бҧрыштылары сирек 

кездеседі.  Баған  шҧңқырларының  шеңбері  бір  қатар,  алайда  оның  ішіне 

шаршы  бҧрышында  тӛрт  бағанадан  тҧрғызылған  камера  секілді  қҧрылыс 

жасалған. Кейде шеңбер екі бағаналар қатарынан да тҧрды.  

      Оңтҥстік  Тҥгіскен  мен  Ҧйғарақ  обаларындағы  жерлеу  ірі  тік  бҧрышты 

топырақ қабірлерінде жҥзеге асырылған. 

       Бірінші,  ең  кӛп  таралған  типіне  шығыстан  батысқа  қарай  бағытталған 

кӛлемі  2,7х2,3  –  4,5х3,7  м,  тереңдігі  1-2  м  шҧңқырдағы  қабірлер  жатады. 

Әдетте  жерлеу  шҧңқырын  кӛлденеңінен  ағаш  бӛренелер  жауып  тҧрды.  Бҧл 

конструкция  ҥстіне  қамыс  қабаты  немесе  ҧсақ  бҧтақтар  тӛселді.  Қамыс 

моладан шыққан топырақ пен шҧңқыр айналасындағы жер бетіне де тӛселді, 

содан  кейін  барып  оба  тҧрғызылды.  Кейде  шҧңқырды  айналдыра  одан 




 

198 


біршама  қашықтықтан  қамыс  қабатымен  жабылған  аса  терең  емес  ор 

қазылды.  Оңтҥстік  Тҥгіскенде  Ҧйғараққақарағанда  отпен  байланысты  салт 

іздері жиі кездеседі. Шҧңқырдың ағаш жабындысын жиі ӛртеген, алайда оны 

дереу  топырақпен  сӛндіріп  отырған,  нәтижесінде  қҧрылыс  толық  жана 

қоймаған. Мҥрдеге от тимеген.  

       Бірінші типтегі қабірлер б.з.б. VІІ-V ғасырлармен мерзімделінеді.  

       Екінші  типтегі  қабірлер  тек  қана  Тҥгіскеннен  кездескен.  Бҧл  тік 

бҧрышты  келген  топырақ  шҧңқырлары  не  болмаса  бҧл  ҥш  обаның 

камералары аласа жалмен қоршалған. Оба ҥйіндісі жал сақинасы шеңберінде 

тҧрғызылған және қазіргі таңда сақтала қоймаған. 

       Барлық  молалар  ағаш  жабындымен  жабылған.  Екінші  типтегі  қабірлер 

б.з.б. VІ ғасырмен мерзімделінеді. 

       Ҥшінші  типтегі  жерлеу  қҧрылыстары  тек  Ҧйғарақтан  ғана  анықталған, 

қазылған  бҧлардың  саны  13.  Басым  бӛлігі  оба  тобының  батысында 

орналасқан. Салыстырмалы тҥрде алғанда бҧлар тар тік бҧрышты, сопақшаға 

жақындау  келген,  кӛлемі  1,75х1,4-3х1,63  м  топырақ  шҧңқырлар.  Олардың 

тереңдігі  0,62-1,35  м  аралығында,  сонымен  қатар  ӛте  ҧсақ  молалар  да 

кездеседі.  Сырық  негізінде  жатқан  шыбықпен  және  қамыспен  жабылған. 

Ҥшінші типтегі қабірлер б.з.б. ҤІІ-ҤІ ғасырлармен мерзімделінеді.  

       Тӛртінші  типтегі  қабірлер  Тҥгіскеннен  белгілі  және  бай  қабірлерімен 

ерекшеленеді  (қазылғандарының  саны  алтау).  Бҧлар  тік  бҧрышты  қабір 

шҧңқырлары  (2,5х3-3х3  м,  тереңдігі  2-2,5  м)  болып  табылады,  қабір 

бҧрыштары  әлемнің  тӛрт  тарапына  бағытталған  және  оңтҥстік-шығыс 

жағында  ҧзын  (5-12  м)  дәліз-дромосы  болады.  Шҧңқыр  мен  оған  жақын 

дромостың бӛлігі әдетте жиі ӛртеп, бірден сӛндіріп тастап отырған ағашпен 

жабылған.  Бір  рет  қана  моланы  айналдыра  жер  бетінде  болған  оттың  іздері 

байқалған.  Бҧрыштарына  бағана  типіндегі  шҧңқырлар  қазылған,  ал  мҥрде 

мола  қабырғасынан  бӛлініп  тҧрған  ор  арқылы  жер  «ҥстел»  ҥстіне 

жатқызылған  сияқты  орналастырылған.  Барлық  молалардан  ӛлікті  жерлеу 

салты анықталған. Мҥрденің басы шҧңқырдың диагоналі бойынша шығысқа 

–  солтҥстік-шығысқа  қаратылып,  «салт  атты  кейпінде»  арқасымен  созыла 

жатқызылды. Барлық «дромосты молалар» б.з.б. Ҥ ғасырмен мерзімделінеді.  

       Оңтҥстік  Тҥгіскен  мен  Ҧйғарақ  обаларындағы  жерлеу  қҧрылыстарының 

орналасуы  мен  кейбір  ғҧрыптық  элементтері  Солтҥстік  Тҥгіскеннің  кейінгі 

қола кесенелерімен ҥндеседі.  

       Оңтҥстік  Тҥгіскен  мен  Ҧйғарақ  қабірлерінің  кӛпшілігі,  ӛкінішке  орай, 

тоналған.  

       Әдетте,  барлық  тоналған  қабірлердегі  қҧйымшақ  сҥйектері  сол  кҥйінде, 

ешкім  тиіспеген  қалпында  сақталған,  қаңқаның  басқа  бӛліктері  мен  бас 

сҥйектерін  тонаушылар  шашып  немесе  лақтырып  кеткен.  Бҧл  мейлінше 

қҧнды  заттар  басқа,  кеудеге  және  қолға  тағылған  деп  топшылау  жасауға 

мҥмкіндік береді. Сірә, мҥрдені молаға киімімен және бас киімімен жерлеген, 

олар  ҧсақ  моншақтармен  және  алтын  қапсырмалармен  әшекейленген. 

Тҥгіскен  қорымындағы  №54  обадан  (б.з.б.  V  ғасыр)  алтын  қаңылтыршадан 

жасалып,  аппликация  тҥрінде  белбеуге  тағылған  ӛрнекті  жапсырмалар 



 

199 


алынған.  Кӛптеген  қабірлерден  халцедон,  сердолик,  т.б.  тас  жыныстарынан 

дайындалған  моншақтар  кездескен.  Ҧйғарақтағы  әйел  адам  қабірлерінен 

білезік,  ер  адамдар  моласынан  сырға  табылған.  Қоладан  және  темірден 

жасалған  пышақтар  ер  адамның  да,  әйел  адамның  да  аяқ  жағынан  алынған. 

Сірә, жылқының жерленуін кӛрсетуі тиіс болған ат жҥгендері, 100-ден астам 

қабірлерден  кездескен,  олардың  кӛпшілігі  ер  адам  мен  әйелдердің  аяқ 

тҧсынан алынған.  

      Керамика  әйелдердің  және  ер  адамдардың  қабірлерінен  ҧшырасқанымен, 

барлығында жоқ. Әдетте ол жапсырылған бір ыдыс, кейде оның саны екеуге 

дейін жеткен. Тәртіп бойынша олар мҥрденің аяқ жағында тҧрған.

  

        


Ер  адамдардың  қабір  қҧрал-саймандарында  қару-жарақ  маңызды  орын 

алады.  Олар:  қола  жебе  ҧштары  (кейде  жебе  ҧштарының  шоғыры  кездеседі, 

сірә,  олар  қорамсаққа  салынса  керек),  қайрақ  таспен  бірге  болатын  қоладан 

және темірден жасалған қанжарлар, ҧзын темір семсерлер. Бір рет биметалл 

кҥрзі ҧшырасқан. 

        Әйел  адамдардың  қабірлерінде  жиі  кездесетін  қҧрал-саймандар:  диск 

тәріздес  қола  айна,  тас  алтарь,  жалпақ  етіп  ӛңделген  сҥйек  (бояу  езуге 

арналған), шаруашылық заттар (дәнҥккіш, ҧршықбас, т.б.).      

       Б.з.б.  VІІ-V  ғасырларындағы  керамика  жапсырмалы  ыдыстар  тҥрінен 

тҧрады.  Олар  шамот  пен  ҧсақ  әктас  бӛлшектері  қосылған  саз  балшықтан 

дайындалған,  тҥсі  сҧр  не  болмаса  қоңырқай,  кейде  сырты  сҧйық  балшық 

қаптамамен  кӛмкерілген,  онда  қызыл  бояудың  аққан  іздері  байқалады.  Биік 

тік  мойыны  бар  және  жайпақ  тҥпті,  кӛбінесе  жылтыратылған,  алмҧрт 

бітімдес  ыдыстар  керамиканың  негізгі  тҥрлері  болып  табылады.  Шҥмегі 

тҥтікше ыдыстар Тҥгіскен мен Ҧйғарақтағы б.з.б. VI ғасырдағы қабірлерден 

табылды, Қазақстан аумағындағы басқа сақ кешендерінде олар ҧшыраспады. 

Сонымен  бірге  Оңтҥстік  Тҥгіскен  мен  Ҧйғарақта  бір  не  екі  тҧтқасы  бар 

жапсырма  сапты  аяқтар,  ернеуі  ішіне  қарай  аздап  емеурілген,  бҥйірі 

шығыңқы тостағандар да кездесті. 

       Арал маңындағы ерте сақ қабірлерінен б.з.б. VІІ-V ғасырларда кездесетін 

тас  алтарь  немесе  қҧрбандық  ыдысының  екі  тҥрі  бар:  бірінің  аяғы  бар, 

екіншісінің  аяғы  жоқ.  Аяқсыз  қҧрбандық  ыдыстар  тҧрпаты  сопақша  және 

тҧмсық  тәріздес  болып  бӛлінеді.  Олардың  жанында  бояу  жағылған  малта 

тастар  жатады,  қҧрбандық  ыдыстардан  бояу  іздері  немесе  отты  имитация 

жасайтын  қызыл  реальгар  секілді  заттар  да  ҧшырасады.  Алтарь  кездескен 

әйел  адамдардың  қабірі  абыз  моласы  ретінде  қарастырылады,  ал  олардан 

табылған айналардың магиялық мәні де болған сияқты. 

       Ең  кӛп  таралған  Арал  ӛңірі  сақтарының  қару-жарағы  садақ  пен  жебе 

болып  табылады.  Садақ  қалдықтары  табылмаған,  алайда  жебе  ҧштары 

молынан  ҧшырасқан.  Молалардағы  жебе  ҧштары  әдетте  қорамсақта  жатқан. 

Тҥгіскендегі б.з.б. Ҥ ғасырға жататын обалардың бірінен 50 шақты жебелері 

(ҧзындығы 70 см) бар қорамсақ табылған. Қорамсақ теріден жасалған. Оның 

тӛменгі  шеті  алтын  жапсырма  тоғалармен  әшекейленген.  Ҥстіңгі  жағында 

алтын  қапсырма  қаусарып  тҧрған  клапаны  болса  керек.  Қорамсақты  сол 

жаққа тағып жҥрген, жебе ҧштары тәртіп бойынша тӛмен қаратылған. Сҥйек 



 

200 


жебе ҧштары (екі қалақшалы ромб тҥрінде, ҧңғымалы) да кездесіп отырады. 

Мҧнда да жебе ҧштарының басты-басты екі тҥрі – қысқа сапты және ҧңғылы 

тҥрі  қатар  қолданылған.  Б.з.б.  VІІ-V  ғасырлардағы  обалардан  ҧңғылы  және 

сапты  металл  жебе  ҧштарының  болуы  тән.  Қысқа  мойынды  жебе  ҧшының 

орнына  б.з.б.  VI  ғасырдың  екінші  жартысында  қанды  басы  ҥш  қанатты 

немесе  ҥш  қырлы  ҧңғылы  жебе  ҧшын  қолдану  басқа  аудандарға  қарағанда 

ертерек  басталды.  Б.з.б.  V  ғасырға  қарай  сапты  жебе  ҧштарын  ҧңғылы 

(тӛлкелі) ҥш қалақты және ҥш қырлы жебе ҧштары (б.з.б. VІ ғасырда кеңінен 

таралған) біртіндеп ығыстыра бастайды. 

       Қанжарлардың  екі  тҥрі  белгілі.  Бірі  қоладан,  келесісі  темірден  жасалды. 

Алғашқысының  ҧштығы  саңырауқҧлақ  тәрізді,  екіншісінің  айқыштамасы 

(балдағы) кӛбелек тҥрінде.  

       «Савромат  әлемімен»,  оның  ықпалымен  байланысты  болған  қару-

жарақтардың біріне б.з.б. Ҥ ғасырға жататын обалардан алынған ҧзын темір 

семсерлер жатады. Қазба кезінде табылған осындай бір семсердің ҧзындығы 

1,25  м-ге  жеткен,  оның  сопақша  келген  сабы,  кӛбелек  тәрізді  айқыштамасы 

бар.  Семсер  ағаш  қынапта  жатқан,  қынаптың  сырты  алтын  қаңылтыршадан 

жасалған  қапсырмалармен  сәнделген.  Оның  айқыштама  тҧсында  арқардың 

басы  бедерленген.  Жҥзінің  орта  бӛлігіне  қасқырға  келіңкірейтін 

фантастикалық  аңның бейнесі  тҥсірілген.  Тағы  бір  семсер  (ҧзындығы  1,1  м) 

сабының екі бҥйіріне білік жасалып, бҥйрек тҥріндегі айқыштама орнатылып, 

соңында ол тырнақ тәрізді ҧштыққа айналған. Бізге қынаптар жете қоймаған, 

бірақ  аң  стилінде  бейнелер  тҥсірілген  тік  бҧрышты  алтын  пластина  сынығы 

соның жапсырмасы болуы ықтимал. 

        Ерте  сақ  жҥгендері  де  ерекше  қызығушылық  туғызады.  Ҧйғарақтағы 

қабірлердің  жартысынан  дерлік  жҥгеннің  калдықтары  –  ауыздықтар, 

айшықтар,  әр  тҥрлі  қапсырмалар,  сондай-ақ  тартпалардың  айылбастары 

табылған.  Кейбір  ауыздықтардың,  айшықтардың  тҥрлері  мен  оларды  жасау 

әдістерінде, айылбастарында және жҥген жиынтығының бірқатар заттарында 

ғана емес, сонымен қатар сол жиынтықгарға кіретін заттардың ӛз қҧрамында 

да  ҧқсастық  байқалады.  Алайда  Ҧйғарақтағы  ер-тҧрман  ауыздық  пен 

айшықты бірге қҧйып шығарған ерекше ҥлгіде болды. Сондай-ақ, ҥш тесікті 

мҥйіз  не  қола  айшықты,  ҥзеңгі  тҥріндегі  шығыршықты  ауыздықтары  бар 

жҥгендер  де  ерекше  ҥйлесімімен  кӛзге  тҥседі.  Ҧштары  тікбҧрышты  жҧмыр 

келген  және  қосарлы  қондырмалы  айшықтары  бар,  бітімі  ӛзгеше 

ауыздықтардың  Арал  ӛңірінен  кӛптеп  табылуы  бҧл  ауданның  осындай 

ҥлгідегі  жҥген  жасайтын  орталықтардың  бірі  болғанын  кӛрсетеді.  Ат 

әбзелдері  қҧрамына  кірген  заттардағы  алтын  қапсырмалар,  тоғалар  мен 

жапсырмаларға  аңның  бейнелері  тҥсірілген.  Хайуанаттар  бейнелерінің 

арасында  бҧғы,  киік,  жылқы,  таутеке,  қабан,  арыстан,  барыс  не  қабылан, 

жыртқыш қҧс, тҥйе бар. Бҧл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал ӛңірі 

сақтарының мәдениетін скифтік-сібірлік ӛнер дҥниесіне енгізеді.  

      Арыстанды  бейнелеу  Арал  маңы  сақтарының  тҧрақты  тақырыптардың 

бірі  болып  табылады.  Ең  ерте  кезге  (б.з.б.  VІІ-VІ  ғасырлар)  жататын  тӛрт 

олжа бар, олар отырған арыстандар тҥсірілген тӛрт пластина. Жалпы алғанда,  



 

201 


Оңтҥстік  Тҥгіскеннің  №  45  обасындағы  б.з.б.  VII-VI  ғасырларға  жататын 

кешеннен  отырған  арыстанның бейнесі  салынған  тартпаның екі тоғасы  (дәл 

сондай  тоға  Ҧйғарақта  да  бар),  басы  артына  қарай  бҧрулы  отырған 

арыстандарды ойып салған тӛрт алтын тілік табылды.  №31-обадан Алдыңғы 

Азиядағы  ежелгі  тҥріне  ҧқсас  тҥрегеп  тҧрған  арыстан  мҥсіні  бар  алтын 

қаптырма табылды. №53-обадан табылған жҥріп келе жатқан арыстандардың 

мҥсіндері осындай ҥлгіге еліктелінгені анық, бірақ аң мҥсінін орналастыруда 

ӛзгеріс бар, кӛздерін дӛңгелек дерлік етіп жасаған, жалы жоқ.  

       Скиф-сібір  ӛнерінде  кеңінен  танымал  жыртқыш  қҧстың  бейнесі 

Сырдарияның  тӛменгі  ағысындағы  сақтардың  да  ӛнерінде  кӛрініс  тапты. 

Кӛбіне  ӛз  ерекшеліктерімен  салынған  жыртқыш  қҧстың  басы  тҥріндегі 

қаптырмалар  кӛп,  әдетте  оны  ӛз  ерекшеліктеріне  әбден  бейімдендіріп 

бейнелейді. 

       «Скиф  әлемінде»  кеңінен  танылған  жылқы  бейнесі  жекелген  заттарға 

салынған.  Әсіресе  бҧл  жерде  екі  қола  қапсырма  ӛзіне  ерекше  назар 

аудартады,  мҧнда  жылқылардың  басы  геральдикалық  тҧрғыдан  берілген, 

олардың бірінде ат тҧяғы тҥріндегі ілгек орналасқан.   

       Қҧйрығының ҧшын қайқайта иген және аяғының нобайы бар белгісіз бір 

жыртқыштың мҥсінінің бергі жағына ӛзінің кӛрнектілігі жӛнінен екі бҧғы ӛте 

тамаша  бейнеленген  алтынның  жалпақ  тілігі  (Оңтҥстік  Тҥгіскен  б.з.б  VII 

ғасыр)  Арал  ӛңірі  сақтарының  бейнелеу  ӛнерінің  ертедегі  ҥлгілері  катарына 

жатады. 


       «Скиф  әлемінде»  кеңінен  мәлім  таутеке  мен  қабанды  бейнелеу  де  Арал 

ӛңірі  сақтары  ӛнерінде  кездескен.  Олардың  басқа  заттарда  бейнеленген 

тҥйенің басы секілді жергілікті мотивке жататындығы сӛзсіз. 

        Аң  стилі  ӛнерінде  фантастикалық  хайуандардың  бейнесі  жиі  кездесіп 

отырады.  Олардың  бейнесі  хайуанаттар  әлеміне  кіретін  тҥрлі  ӛкілдердің 

бейнесімен  астасып  жатады.  Оңтҥстік  Тҥгіскен  қорымындағы  обадан 

алынған  семсер  қынабына  тағылған  алтын  жапсырма  дәл  осындай  ӛнер 

туындысын  кӛрсетеді.  Онда  жерге  бірінен  кейін  бірі  жабысып  жатқан  екі 

фантастикалық  аң  бейнеленген.  Сауыры  мен  бҧралаңдаған  қҧйрығы  мысық 

тҧқымдас аңдарды еске тҥсіреді, басы аттың басына ҧқсас, тістерін ақситқан 

араны  қасқырдыңкіне  ҧқсайды.  Иық  тҧсына  ҥш  бҧрыш  тҥрінде  ою-ӛрнек 

тҥсірілген. 

      Оңтҥстік  Тҥгіскен  мен  Ҧйғарақ  кешендерінен  сақ  әлемінің  оңтҥстік 

ортаазиялық және алдыңғы азиялық елдермен байланыс жасағаны  (бейнелеу 

ӛнерінде арыстан мен қабылан, шеттен әкелінген ыдыстар, моншақтар) нақты 

кӛрініс табады

Шығыс Арал маңындағы ерте сақ ескерткіштерінен табылған 



олжалар кейбір бейнелердің алдыңғы азиялық екендігін дәлелдейді. Сонымен 

қатар  іргелес  аймақтарға  тән  бірқатар  олжалар  да  анықталып  отыр.  

       Арал  ӛңіріндегі,  Орталық  және  Солтҥстік  Қазақстандағы,  Жетісу 

жеріндегі ерте сақ мәдениеттерінің ӛзара жақындығы аңғарылады. 

       Арал маңындағы Жаңадарияның орта ағысындағы аңғардан табылған сақ 

ескерткіштерін зерттеу нәтижелері, олардың б.з.б. Ҥ ғасыр соңы мен б.з.б. V-

ІV  ғасырлар  шебінен  б.з.б.  ІІ  ғасырға  дейінгі  уақытты  қамтитындығын 



 

202 


дәлелдеп  отыр.  Мҧндағы  бірқатар  ерекшеліктер  (таралу  типі,  керамикалық 

кешен,  жерлеу  ғҧрпы  мен  қҧрылыстар)  Шірік-Рабат  қаласының  атауынан 

келіп  шыққан  шірік-рабат  мәдениетінің  ғылымда  орын  алуына  мҥмкіндік 

берді, қазіргі кҥнде археология тарихнамасында оның ӛзіндік орны бар. 

      Кӛрсетілген уақытқа алты бекіністі қоныстар (Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда, 

Баланды, Қабҧлқала (Шағырлы), Шірік-3, Сеңгірқала) мен 200 шақты бекінісі 

жоқ  қоныстар  жатады.  Соңғы  аталғандардың  басым  бӛлігі  ирригациялық 

қҧрылыстар аймағымен тығыз байланысты. Сондай-ақ екі жҥзден астам жер 

бетіне салынған қабір қҧрылыстары, біраз оба ҥйінділері, екі топырақты оба 

мен бірнеше қолӛнер кешендері (кҥйдіретін пештер, мҥсін жасау ӛндірісі мен 

кҥйдіруге  жерлер,  шеберханалар)  де  белгілі.  Аталған  ескерткіштердің  тек 

кейбіреулерінде ғана қазба жҧмыстары жҥргізілген. 

       Б.з.б.  ІV-ІІ  ғасырлардағы  ескерткіштер  Жаңадарияда  ӛткен  кезеңдегі 

Сырдарияның тӛменгі ағысындағы (Ҧйғарақ, Оңтҥстік  Тҥгіскен қорымдары) 

сақ  тайпаларының  мәдениеті  негізінде  қалыптасты  және  оған  Орта  Азия 

оңтҥстігіндегі  егіншілік  жазираларының  да  кҥшті  мәдени  ықпалы  тиді,  бҧл 

қҧрылыс  техникасынан,  архитектуралық  ерекшеліктен,  қыш  қҧмыралар 

тҧрпатынан да байқалады.  

       Оңтҥстік  ықпал  б.з.б.  ІV-ІІ  ғасырларда  Сырдария  тӛменгі  ағысындағы 

сақ  тайпаларының  мәдениетіне  жаңа  келбет  әкелгенімен,  ерте  сақ 

ескерткіштерінен  сақталған  мирасқорлық  тек  керамикадан  ғана  емес, 

сонымен бірге жерлеу ғҧрпынан да байқалады. 

        Шірік-рабат  мәдениеті  ескерткіштерінің  топографиясы  тайпалардың 

ирригациялық  жҥйелер  аймағындағы  жазираларды  қоныстанғандығын 

байқатады.  Магистраль  канал  секілді  ірі  суландыру  жҥйелері  ӛте  сирек 

кездеседі.  Сірә,  ескі  арналарда  жасалған  су  қоймаларына  жауын-шашынды 

жинап,  пайдалану  ҥлкен  маңызға  ие  болған.  Жазиралардың  жалпы  ауданы 

әркелкі. Мәселен, ең ҥлкені  – Бәбіш-Молда 10 мың гектар, ал Баланды  150-

200 гектар шамасында.  

       Шірік-Рабат  қаласы  Жаңадария  жағалауындағы  тӛбешікте  орналасқан. 

Жоспары  сопақша  келген,  ол  бҥкіл  тӛбешіктің  ҥстін  қамтиды  (850х600  м). 

Ежелгі  қамал  (б.з.б.  ІҤ-ІІ  ғасырлар)  ауданы  4  га-дан  астам,  ол  екі  қабатты 

дуалмен  қоршалған.  Осы  уақытқа  орталық  бӛліктегі  тікбҧрышты  бекініс  те 

жатады.  Ескерткіштің  оңтҥстік  жағын  ортағасырлық  уақыттағы  дуал  қиып 

ӛтеді,  оған  ежелгі  дӛңгелек  кесене  қосылған.  Сол  кездері  кейінгі  уақытқа 

жататын тікбҧрышты цитадель де салынған. Қала ормен қоршалған (ені 40 м 

шамасында,  дуал  тҥбінен  есептегендегі  тереңдігі  4  м).  Ежелгі  қамал 

қабырғасында  (қалыңдығы  4,5  м)  оқ  ататын  галерея  (ені  1,8  м)  орналасқан. 

Қабырға  тікбҧрышты  кейіптегі  одан  6  м  шығып  тҧратын  мҧнаралармен 

кҥшейтілген.  Мҧнарада  да,  қабырға  сияқты  кірер-шығар  жерінде  бір 

биіктікте  оқ  атуға  арналған  орын  болды.  Қаладағы  тҧрғын  жайлар 

ескерткіштің  оңтҥстік  бӛлігіндегі,  ішкі  қорғаныс  қабырғасының  жанынан 

тҥсірілген шағын қазбадан анықталған. Мәдени қабаттың жалпы қалыңдығы 

2 м-ден асады, жоғарғы қабаты ХІІ-ХІІІ ғасырларға, тӛменгі қабаты б.з.б. VІ-

ІІ ғасырларға жатады. 



 

203 


       Қала  аумағындағы  ескерткіштердің  ең  ежелгі  тобы  топырақтан 

тҧрғызылған  алты  обадан  тҧрады,  олардың  тӛртеуі  орталық  тікбҧрышты 

бекініс  шебінде  орналасқан.  Бір  оба  қазылған.  Қаладан  сонымен  қатар  екі 

жерлеу сағаналары аршылған. 

       Алғашқыда  Шірік-Рабат  бекіністі  қала-қамал  болған  сияқты,  оның 

аумағына бастапқыда обаға, кейіннен кесенелерге тайпа кӛсемдері жерленді. 

         Шірік-Рабат  қаласы  мен  оның  тӛңірегіндегі  ескерткіштерді  соңғы 

жылдары  Мемлекеттік  «Мәдени  мҧра»  бағдарламасы  бойынша  Шірік-Рабат 

археологиялық  экспедициясы  (жетекшісі  Ж.Қҧрманқҧлов)  зерттеп  жатыр. 

Мҧнда  бірнеше  ескерткіштер  аршылып,  тҧрмыстық-шаруашылық  заттар, 

қару-жарақтар, қыш ыдыстар алынған. Алтыннан жасалған заттар ерекше кӛз 

тартады. Табылған қыш ыдыстардың бірінен грек тіліндегі жазу анықталған. 

Онда Тир қҧдайға арналған сӛздер жазылған. Соңғы жылдардағы зерттеулер 

Шірік-Рабат  ӛңірінің  тҧрғындары  алыс-жақын  елдермен  тығыз  мәдени-

экономикалық байланыстар орнатқандығын нақты дәлелдейді. 

       Жаңадарияның  келесі  бетінен  Шірік-3  бекіністі  қонысы  ашылған.  Оның 

жоспары  –  бҧрыштары  дӛңгеленген  тікбҧрыш  (108х122  м).  Кейбір 

жерлерінде  биіктігі  1,5  м-ге  жететін  оқ  ататын  ойықтары  бар  бекініс 

қабырғалары (ені 3 м-ден астам) сақталған.  

        Бәбіш-Молда  жазирасында  Бәбіш-Молда-1  қаласы  мен  Бәбіш-Молда-2 

кесенесі  орналасқан.  Қала  бекіністі,  сызбасы  бҧрыс,  дуалмен  қоршалған. 

Солтҥстік  бӛлігінен  мӛлшері  100х100  м  шаршы  тҥріндегі  «цитадель»  кӛзге 

тҥседі. 

       «Цитадельдің»  ортасында  «Ҥлкен  ҥй»  деп  аталған  шаршы  тҥріндегі 

ғимараттың  (44х44  м)  қалдықтары  сақталған.  Ол  оқ  ататын  орындары  бар 

пахса  қабырғамен  қоршалған.  Ғимарат  дәліз  секілді  бӛлмелер  арқылы  екіге 

бӛлінген. Ғимараттың солтҥстік-шығысы мен оған залдың оңтҥстік жағынан 

кіретін бӛлігі аршылған. Стратиграфиялық жағынан «Ҥлкен ҥйдің» ҥш кезеңі 

анықталған.  

       Қаладан 

«донжон»  аталған  нысан  толығымен  аршылған.  Бҧл 

«цитадельдің»  оңтҥстік-батыс  бҧрышына  жақын  орналасқан  бекінісі  мықты 

қамал  (30х30  м).  Оның  қабырғалары  4-5  метрлік  биіктігін  сақтап  қалған, 

массив  ішінен  бірінші  қабатта  қаланған  кҥмбезді  бӛлмелер  аршылған. 

«Донжонды»  қазу  барысында  ҥш  қҧрылыс  кезеңі  анықталған.  Кҥмбезделген 

бӛлмелер  тҧрғын  жай  болғандықтан,  олардан  мол  археологиялық 

материалдар алынған, олардың негізінде шірік-рабат мәдениетінің ерте кезеңі 

жіктелінеді. 

       Қала  тіршілік  еткен  кейінгі  кезеңмен  ескерткіштің  оңтҥстік  жағындағы 

қҧрылыстар  тікелей  байланысты.  Ол  жартылай  дӛңгелек  келген  әрі 

қабырғадан  шығып  тҧрған  мҧнаралы  дуалмен  қоршалған.  Ескерткіштің 

мҧндағы  бӛлігінен,  яғни  оңтҥстік-батысынан  жеке  тҧрған,  шикі  кірпіштен 

кӛтерілген  ғимарат  қалдықтары,  сондай-ақ  жартылай  жертӛлелер  немесе 

мҥсіндер  мен  тҥйіршіктерді  ӛндірген  орындар  анықталған.  Бекініс 

қабырғаларын  бойлай  орналасқан  каркас-бағаналы  жайлардың  қабырғалары 

да байқалған. 




 

204 


       Баланды  орталық  кешені  ҥш  ескерткіштен  тҧрады:  Баланды-1  шағын 

қамалы,  оған  жалғасып  жатқан  қоныс  пен  Баланды-2-3  атты  екі  қабір 

қҧрылыстары. 

       Бәбіш-Молда-1  ескерткішіндегі  «ҥлкен  ҥй»  жоспары  кірер  есіктен 

басталып,  екі  кӛлемді  мҧнаралармен  жиектелінетін  ӛсті  анфиладты 

ғимаратымен  ерекшелінеді.  Ҥйдің  шығыс  бӛлігінен  аршылған  жоспары 

мҧнда  ерекше  жағдайларға  және  қабылдауларға  арналған  салтанат  залы 

болғандығын  аңғартады.  Бҧл  кешеннің  жоспарлану  принципі  ахеменидтік 

архитектураға тән.  

       Сол  себепті  де  Бәбіш-Молда-1  «ҥлкен  ҥйінің»  қҧрылысын  кейінгі 

ахеменидтік  сатрап  резиденциясы  қатарында  қарастырған  жӛн,  мҧндай 

қҧрылыстарды  салу  Ахеменидтер  державасының  кҥйреуі  алдындағы 

солтҥстік  шеттегі  сатраптықтарда  жҥзеге  асқан  болатын.  Тек  Сырдарияның 

тӛменгі ағысындағы аумақ Ахеменидтер державасы қҧрамына енгеннен кейін 

ғана,  мҧндағы  б.з.б.  ІV  ғасырда  шикі  кірпіштен  соғылған  монументтік 

қҧрылыстарды,  керамика  кешендерде  осы  бағытта  байланыстыруға  болады, 

олар  Орта  Азия  оңтҥстік  аудандарынан  (Соғды,  Парфия,  бәлкім  Бактрия), 

Ахеменидтер  державасының  шығыстағы  егіншілікпен  айналысатын  шеткі 

облыстарынан  табылған  заттарға  ҧқсас  болып  келеді.  Осылайша, 

археологиялық  материалдар  Ахеменидтер  державасының  қиыр  солтҥстік-

шығыстағы  иелігіне  енген  кейінгі  сатраптық  орнын  Сырдария  арнасындағы 

жартылай  отырықшы  кӛшпенділер  жерінен  алдын-ала  анықтауға  мҥмкіндік 

беріп отыр. 

       Жаңадариядағы  монументтік  ғимараттар  қҧрылысы  мен  бекініс 

қабырғаларын тҧрғызу Орта Азия оңтҥстік аудандарынан әкелінген шеберлер 

мен  қолӛнершілер  кӛмегі  арқылы  жҥзеге  асқан  сияқты.  Бҧл  керамикалық 

материалдар бойынша да анық байқалады. 

        Сырдарияның 

тӛменгі 

ағысындағы 

шірік-рабат 

мәдениетінің 

монументтік  қҧрылыстары  мен  бекіністі  қоныстарына  алдыңғы  кездегі  сақ 

тайпаларының  тҧрақты  және  уақытша  қоныстары  негізін  қҧрушы  болды, 

оларда  шикі  кірпіш  қҧрылыстарының  іздері  жоқ.  Шірік-рабат  мәдениетінің 

кҥрделі  әрі  алуан  тҥрлі  жерлеу  ескерткіштерінен  де  жергілікті  дәстҥр  мен 

сыртқы әсер байқалып қалады. Олардың барлығы екі топқа бӛлінеді: топырақ 

қабірлер  мен  жер  ҥсті  кесенелері.  Дегенмен  екі  топқа  жататын  белгілі 

ескерткіштер арасынан зертелгендері әлі де аз болып отыр. 

        Баланды-1  –  жоспары  тікбҧрышты  бекініс  (80х130  м),  ол  кейбір 

жерлерінде биіктігі 3 м-ге дейін жететін шикі кірпіш қабырғамен қоршалған. 

Бҧрыштары  мен  ҧзын  қабырғаларын  бойында  оқ  атуға  арналған  орындары 

бар  жартылай  дӛңгелек  мҧнаралар  тҧрғызылған.  Бекініске  кіретін  есік 

солтҥстік-батыс  қабырғада  болған  секілді.  Ескерткіште  шағын  барлау 

қазбалары  жҥргізілген,  алынған  нәтижелер  Баланды-1  «ҥлкен  бекіністі  ҥй» 

деп қорытындылауға мҥмкіндік берді, оның кешенінде тҥрлі-тҥсті сылақпен 

әшекейленген салтанат залдары анықталған. 

        Керамикалық 

материалдарына  қарағанда  ескерткіш  шірік-рабат 

мәдениетінің екінші кезеңіне жатады. 




 

205 


        Шірік-Рабат  қаласында  орналасқан  ҥлкен  обалардың  бірі  толығымен 

қазылған.  Оның  ҥйіндісінің  (диаметрі  60  м,  биіктігі  3,5  м)  астындағы 

материктік  топырақтан  ҥлкен,  шаршы  секілді  (7,5х7,2  м,  тереңдігі  2,5  м) 

жерлеу  камерасы  табылған,  оның  оңтҥстік  жағындағы  дәліз-дромосы  ҧзын 

(16,5  м)  әрі  тар  (0,9  м).  Алты  тік  текпішектер  арқылы  тҥсетін  дромос  тҥбі 

камера  тҥбінен  0,5  м  биік.  Қҧрылыстың  барлық  қабырғалары  балшықпен 

жҧқа етіп сыланып, әктелген. Дромос пен жерлеу камерасы алты қабат қамыс 

тӛсенішпен  жабылған.  Оба  ежелгі  заманда-ақ  тоналғандықтан,  адам  сҥйегі 

сақталмаған.  Қҧрал-саймандар  арасынан  сақталғандары  –  екі  қҧмыраның 

бӛлшектері,  алтыннан  жасалған  кішкентай  бір  бҧйым,  ҧңғылы  ҥш  қанатты 

қола  жебе  ҧшы  мен  жҥзі  енді,  сабы  жалпақ  (сірә,  кӛбелек  айқыштамалы 

(балдақты) және ҧштығы сопақша) темір семсер (ҧзындығы 85 см).  

       Обалардағы  қатардағы  қабірлер  қоныстың  сыртында  орналасса  керек, 

алайда  олардың  топырақ  ҥйінділері  сақталмаған.  Бҧған  сірә,  Баланды-4 

қорымынан  қазылған  қабір  айғақ  бола  алады.  Қабірдің  ӛзі  қатты  шайылып 

кеткен.  Қабір  шҧңқырының  40  см-дегі  тек  тӛменгі  бӛлігі  ғана  сақталған,  ол 

сопақша  келген  (5,3х3,8  м),  оңтҥстік-шығыстан  солтҥстік-батысқа  қарай 

созылып  жатыр.  Қабір  шҧңқырының  оңтҥстік  қабырғаынан  текпішек  іздері 

сақталған,  ол  сірә  дромостың  текпішектері  болған.  Шҧңқырдан  бастары 

оңтҥстік-шығысқа  бағытталған  жеті  мҥрде  табылған.  Барлығы  аяқ-қолдары 

созыла  шалқасынан  жатқызылған,  тек  бір  мҥрденің  ғана  аяқтары  ромб 

тҥрінде  кездескен.  Қабір  қҧрал-саймандары  11  қыш  ыдыстан,  темір 

қанжардан, қоладан жасалған ҧңғылы ҥш қалақты жебе ҧштарынан, спираль 

тәрізді  қола  сақинадан,  шыны  моншақтар  мен  алқадан  тҧрады.  11  ыдыстың 

тек екеуі ғана шарықта дайындалған. 

       Тағы  бір  топырақ  қабатынан  жасалған  қабір  қҧрылысы  Бәбіш-Молда-2 

ескерткішінен  солтҥстікке  қарай  800  м-ден  қазылған.  Ол,  шағын  табиғи 

тӛбешікке (қазіргі тақыр деңгейінен 2,7 м биік) орналасқан, жоспары шаршы 

тҥріндегі алаңқай (5,5х5,5 м), шеттері текпішек секілді. Алаңқай бҧрыштары 

әлемнің тӛрт тарапына бағытталған. 

       Жоғарғы  текпішектерден  (ені  70-75  см)алаңқай  бҧрыштары  жанынан 

және  орта  тҧсынан  сақталып  қалған  алты  ірі  кӛзе  тәрізді  ыдыстар  шыққан, 

олар ашық отқа кҥйдірілген, ішінде жас балалардың сҥйектері болған. Екінші 

текпішектен  шҧңқырға  жерленген  ҥш  мҥрденің  қалдықтары  анықталған. 

Алаңқайдан  1,5  м  солтҥстік-батыста  жатқан  бірінші  қабірге  ересек  адам 

жерленген,  оның  басы  оңтҥстік-батысқа  қаратылып,  аяқ-қолдары  бҥгіліп 

қойылған.  Ал  алаңқайдан  70-75  см  жатқан  екі  қабірдің  бірі  ересек  адамға, 

екіншісі  жасӛспірім  балаға  тиесілі.  Екі  мҥрде  де  арқасымен  жатқызылған, 

бірінің  басы  солтҥстік-батысқа,  келесісінің  басы  оңтҥстік-шығысқа 

бағытталған. Жас жеткіншектің бас жағынан қызыл балшықтан дайындалған 

қҧмыра  секілді  қыш  ыдыс  алынған.  Орды  аршыған  кезде  екі  ҧңғылы  ҥш 

қалақты қола жебе ҧштары, тастан дайындалған заттың бӛлшектері шыққан. 

       Шірік-рабат  мәдениетінің  екінші  топтағы  қабірлері  жер  бетіне 

тҧрғызылған  кесенелер  болып  табылады.  Мҧндай  қҧрылыстардың 




 

206 


жиырмадан  астамы  белгілі.  Олар  бір-бірінен  және  қоныстарды  0,5-10  км 

қашықтықта орналасқан.  

       Сыртқы  тҥріне  қарап,  оларды  екі  тҥрге  бӛлуге  болады:  жоспары  –  

шаршы және дӛңгелек. 

       Бәбіш-Молда-2  қҧрылысы  ӛлшемдері  21х21  м,  биіктігі  7  м-ге  жететін 

монументтік  қабір  ғимараты  болып  табылады.  Негізіндегі  цоколь  (30х30  м, 

биіктігі  3,5  м)  алты  қатар  пахса  блоктарынан  тҧрады.  Ғимараттың  жоспары 

симметриялы  –  жалғасқан  екі  кҥмбезді  дәліз  кҥмбезделіп  жабылған  жерлеу 

камерасының  бҧрыштарын  шектейді.  Дәліздің  бҥйірінде  айуан  (айван) 

тҥріндегі  бӛлмелер  орналасқан,  олар  аркалы  ӛтетін  дәліздермен  жалғасқан 

және  ӛз  кезегінде  айналмалы  дәлізге  қарай  ашылады,  ал  оның  іздері 

ескерткіштің  солтҥстік  беткейінен  табылған.  Бӛлменің  қабырғалары 

алебастрмен сыланған. «Мҥрдені шығарып қою салты» еденде немесе сыпада 

жҥзеге асқан, бәлкім қабір зембілдері мен тақтайша ҥстелдерге де атқарылған 

болар.  Қайтыс  болған  адамджардың  жанына  қҧрал-саймандар  молынан 

қойылған.  Тіпті  тоналғаннан  кейін  де  алтын  тоғалар,  сырғалар,  моншақтар 

(алтыннан  және  асыл  тастардан  дайындалған)  қалған.  Кесенеден  табылған 

керамикалық  кешендердің  қаладан  және  оның  екінші  (ішінара  бірінші  де) 

қҧрылыс  кезеңінен  шыққан  қыш  ыдыстарға  ҧқсастығы  аңғарылады.  Кесене 

керамикаларының  арасынан  балшықтан  дайындалған  оссуарийдің  немесе 

білік жапсырылған табыттың бірнеше бӛлшектері де кездескен.  

       Дӛңгелек қабір қҧрылыстарының ішіндегі ең ерте кезге жататыны Шірік-

Рабат  қаласының  оңтҥстік-шығыс  бӛлігіндегі  ғимарат  (диаметрі  38,5  м, 

сақталған  биіктігі  8,5  м)  болып  табылады.  Оның  ішкі  кеңістігі  ортасында 

кесіп  ӛтетін  екі  қабырғасы  (қалыңдығы  3  м)  бар  тӛрт  шаршы  (әрқайсысы 

5,9х5,9  м)  бӛлікке  бӛлінген.  Солтҥстік  бӛлмелері  дараланғанымен,  оңтҥстік 

дәліз арқылы жалғасқан. Оңтҥстік-шығыс бӛлмеге оңтҥстік жақтан кіретін 10 

метрлік  дәліз  жалғасқан.  Қалың  сыртқы  қабырғадан  7,25  м  биіктіктен 

жоспары шаршы тҥрінде кішкене дәліз (ені 0,5 м) ӛткен, оның әрбір жағынан 

екі  тікбҧрышты  ҧңғыма  (4х1,3  м)  арқылы  шағын  камераларға  ӛтетін  тарлау 

орын  жасалған.  Ғимараттың  астынан  шағын  цоколь  соғылған,  бӛлме 

едендеріне  кірпіш  қаландысы  тӛселген,  ал  кіретін  тар  дәлізге  пандус 

істелінген.  Қабырғаны  бойлай  кең  әрі  биік  сыпалар  созылып  орналасқан, 

оларға  қайтыс  болған  адамдардың  денесі  мен  қҧрал-саймандар  қойылған. 

Одан кейін мҥрдені ӛртеу ғҧрпы жҥзеге асырылған.  

       Жоспары  дӛңгелек  кесенелердің  (диаметрі  15-20  м)  басым  бӛлігі  пахса 

блоктары  мен  тік  бҧрышты  шикі  кірпіштерден  (негізгі  стандарты  50х30х12 

см) тҧрғызылған, және де қазіргі жер бетінен 3-5,5 м биіктігін сақтап қалған. 

       Кесенелерді  зерттеу,  олардың  басым  бӛлігінің  ішінен  қайта-қайта 

қҧрылыс жасалғандығын кӛрсетіп берді, олардың барлығы бірнеше рет ӛлікті  

жерлеу  ҥшін  пайдаланылды,  сондай-ақ  бір  кесененің  ӛзінде  кремация  да 

жасалды,  ағаш  табыттарға,  зембілдерге  мҥрдені  қойып  жерлеу  де  жҥзеге 

асқан болатын. 

       Жоспары дӛңгелек қабір қҧрылыстарының арасынан кҥмбезді Баланды-2 

кесенесі  (диаметрі  16  м,  сақталған  биіктігі  4,5  м)  де  айрықша  кӛзге  тҥседі. 



 

207 


Оған кіретін есік ғимараттың оңтҥстік бӛлігінде орналасты және ол аркамен 

жабылған  портал  тҥрінде  болды.  Орталық  дӛңгелек  бӛлме  (диаметрі  5,5  м) 

жалған  кҥмбезбен  жабылған.  Ғимарат  сырты  ҥш  бҧрыш  «кҥректермен» 

ӛңделген.  Кесене  ілкі  замандарда  тоналған,  сондықтан  да  тек  қабір  қҧрал-

саймандарының  тек  қалдықтары,  соның  ішінде  керамикалық  кешендер  мен 

ағаш табыт пен зембілдердің бӛлшектері ғана сақталған. 

       Шірік-рабат  мәдеиетінің  кесенелерін  зерттеу,  олардың  арасындағы  ең 

ерте кезеңге жататындары алғашқыда ӛртелген айналмалы дәліздері барлары 

деп санауға мҥмкіндік береді. 

       Шірік-рабат  мәдениетінің  жалпы  мерзімі  б.з.б.  ІV-ІІ  ғасырларды 

қамтиды. 

       Сармат  мәдениетінің  (әсіресе  аумағы  жағынан  жақын  жатқан  Оңтҥстік 

Орал  маңындағы  ескерткіштерді  алып  қарастырғанда)  материалдарындағы 

қару-жарақтардың ҧқсастықтарына қарағанда, шірік-рабат мәдениеті б.з.б. V-

ІV ғасырлар шебінде басталуы да ықтимал. 

        Шірік-рабат  мәдениетіне  жататын  археологиялық  нысандардан  сан 

алуан  керамика  алынып,  зерттелінген.  Олар:  кӛзе,  қазандық,  тостаған, 

табақша,  т.б.  Цилиндрлі  су  ағары  бар  кӛзелерді  де  ерекше  айта  кетуге 

болады.  Қазандық  секілді  ыдыстар  басқаларына  қарағанда  ӛте  сирек 

ҧшырасады. Қыш ыдыстардың кең таралғандарының бірі жҧмыртқа тәріздес 

кӛзелер  еді.  Жапсырылып  істелінген  ыдыстардың  бір  бӛлігі  ою-ӛрнекпен 

сәнделінген.  Қызыл  және  қызыл-қоңыр  ангоб  жағу  да  кеңінен  орын  алған. 

Шірік-рабат  мәдениетіне  тән  қыш  ыдыстардың  бір  бӛлігі  Орта  Азия 

аудандарындағы  (Ежелгі  Парфия,  Соғды)  керамикалармен  де  ҥндеседі.  Бҧл 

ҧқсастық  кӛне  байланыстардың  тҥбі  кейінгі  ахеменидтер  кезеңінде  бір 

орталықтан  (бәлкім,  Парфия  немесе  Бактрия  аумағанан)  таралғандығын  да 

аңғартатын сияқты. 

       Табылған қару-жарақтар ӛте аз, себебі қатардағы кесенелерде олар тіптен 

жоқ,  ал  бай  кесенелер  ӛз  заманында-ақ  тоналып  кеткен.  Әйтсе  де  ең  кӛп 

ҧшырасатындары  –  жебе  ҧштары.  Әсіресе  тӛлкесі  шығыңқы  және 

жасырынған ҥш қалақты және ҥш қырлы жебелер кӛп кездеседі. 

       Шірік-Рабат  қаласындағы  обадан  табылған  жалғыз  семсер  б.з.б.  V-ІV 

ғасырлармен мерзімделген.  

       Сақталуы  нашар  бір  қанжар  пластиналы  темір  сауыт  бӛлшектерімен 

бірге Шірік-Рабаттағы дӛңгелек қабір ғимаратынан табылған. 

       Ат әбзелдерінен тек бір бҥтін екі тесікті мҥйіз сулық қана ҧшырасқан. 

       Бәбіш-Молда-2,  Шірік-3  кесенелерінен,  Шірік-Рабаттың  дӛңгелек  және 

шаршы  пішінді  кесенелерінен  әшекей  бҧйымдары  кӛптеп  табылған.  Бҧл 

ескерткіштерден  алтыннан,  кҥмістен  және  қоладан  жасалған  тоғалар, 

сырғалар,  алқалар,  сақиналар,  қоңыраулар  мен  ахемендік  халцедон  мӛрі 

аршып алынған. Әсіресе шыныдан, алтыннан, тастан (яшма, гагат, сердолик, 

янтарь,  ляпис-лазурь,  халцедон)  дайындалған  моншақтар  сан  алуандығымен 

ерекшелінеді. 

        Сән ҥшін бояу жағатын заттар кешені (сҥйектен және қоладан жасалған 

қасықтар, шағын ыдыстар, т.б.) де табылған. Ӛрнектелген сҥйек пластиналар 



 

208 


да ҧшырасады. Піл сҥйегінен дайындалған ойықшалардың бірінде кӛк паста 

болған.  Сҥйектен  дайындалған  бӛлшектер  сәндік  сандықшалар  қабырғасын 

әшекейлеп тҧрған. 

       Шірік-рабат  мәдениетін  қалдырған  тҧрғындырды  жазба  дереккӛздері 

бойынша  белгілі  бір  тайпамен  немесе  халықпен  етене  жақындастырудың 

маңызы ескерткіштердің тек географиялық орналасуынан ғана емес, сонымен 

бірге  оларды  зерделеу  негізіндегі  бірқатар  пайымдаулардың  жасалуынан  да 

туындайды.  Біріншіден,  шірік-рабат  археологиялық  кешенінің  Сырдария 

тӛменгі  ағысындағы  (Ҧйғарақ,  Оңтҥстік  Тҥгіскен)  сақтар  мәдениетінен 

бастау  алуы,  кем  дегенде,  б.з.б.  ҤІІ  ғасырдан  б.з.б.  ІІ  ғасырға  дейін  осы 

аумақтағы тҧрғындардың этникалық біртҧтастығын жорамалдауға жетелейді. 

Екіншіден,  шірік-рабат  мәдениетінің  кешендерін  дай  (дах)  тайпаларымен 

немесе  С.П.Толстов  пікірінше,  апасиактармен  байланыстыруға  ҧсыныс 

жасауға толық негіз бар.                                              

           



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет