Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Ерте кӛшпенділердің шаруашылығы, тҧрмысы мен қоғамдық  қҧрылысы



Pdf көрінісі
бет58/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Ерте кӛшпенділердің шаруашылығы, тҧрмысы мен қоғамдық  қҧрылысы  

      Көшпелі  және  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығына  өту.  Ертедегі 

халықтың ҧлан-байтақ далалық, таулы-далалық және шӛлейт кеңістіктерді игеру 

дәуірі,  Еуропа  мен  Азия  далалары  тайпаларының  шаруашылық  кәсібінің  жаңа 

формасы  -  экстенсивті  мал  шаруашылығының  қалыптасу  дәуірі  б.з.б.  І-

мыңжылдықтың бас кезімен байланысты. 

Б.з.б.  I  мыңжылдықтың  бас  кезінде-ақ  Қазақстанның  далаларында,  шӛлейт 

және таулы аудандарда жартылай кӛшпелі және кӛшпелі мал шаруашылығы негізгі 

шаруашылық тҥріне айналады. Мҧндай ӛзгерістер бірқатар себептерге байланысты 

еді,  ал  олардын  ішіндегі  ең  бастысы  бір-бірімен  аса  тығыз  байланысты  табиғи-

географиялық және әлеуметтік-экономикалык факторлар болатын. 

   Б.з.б. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықтың басында, басқа далалық 

аудандардағы сияқты, Казақстанда да климат ӛзгеріп, ол барған сайын қуаң тарта 

берді.  Табиғи  су  кӛздері  кеміді,  оның  ӛзі  ҥлкенді-кішілі  ӛзендердің 

жайылмаларында  егіншіліктің  ӛрістеуін  тежеді,  ал  кейбір  аудандарда  оны  кҥрт 

қысқартты.  

  Кӛшпелі  мал  шаруашылығына  кӛшу  дала  мен  шӛлді  жерлердегі  тайпалар 

ӛміріндегі  экономикалық  прогресс  болды.  Ҧлан-байтақ  кең  даланы  шаруашылық 



 

250 


тҧрғысынан игеруге б.з.б. I мыңжылдықтың басында ерекше кең ӛріс алған жылқы 

шаруашылығының тез есуі себепші болған еді. Дала тҧрғындарының мініс атын 

пайдалануы,  атты  әскердің  пайда  болуы  жекелеген  аудандардың  мәдени-

шаруашылық  жағынан  томаға-тҧйықтығын  бҧзды,  сӛйтіп  кӛршілерімен,  шалғай 

тайпалармен,  халықтармен,  мемлекеттермен  экономикалық  және  мәдени 

байланыстар жасалуын камтамасыз етті. 

  Археология деректері сол уақытта мал шаруашылығының негізгі ҥш тҥрі: 

кӛшпелі, жартылай кӛшпелі және отырықшы тҥрлері болған деуге мҥмкіндік 

береді.  

  Шаруашылықтың  бірінші  тҥрі  Батыс  және  Орталық  Қазакстанның 

қҧрғақшылық  далаларында,  шӛлдері  мен  шӛлейттерінде  жыл  бойы  кӛшіп-

конып жҥруге негізделді.  

      Екінші,  жартылай  кӛшпелі  шаруашылық  тҥрінде  қыстап  шығатын 

тҧрақты  ҥйлер  болды,  мҧнда  мал  ӛсірушілер  жыл  сайын  қыстауға  оралып 

отырды.  Шаруашылық  кәсібінің  бҧл  тҥрі  Жетісу  және  Шығыс  Қазақстан 

аудандары  сияқты  дала,  орман  және  биік  тау  араласып  отыратын  шӛбі 

шҥйгін ӛңірлерде кең таралды. Жетісудағы экономиканың негізгі базасының 

екіншісі егіншілік болды, ол отырықшы қоныстарда дамыды.  

  Мал шаруашылығының ҥшінші тҥрі - отырықшы мал шаруашылығы бәрінен де 

гӛрі  Оңтҥстік  Қазақстан  аудандары  мен  Жетісуда,  сондай-ақ  Сырдария,  Шу, 

Талас,  Арыс  ӛзендерінің  бойында,  Қаратау  жотасы  баурайларында,  табиғи  су 

қоймалары  мен  кең-байтақ  шабындық  алқаптары  бар  жерлерде  кеңінен  тарады. 

Табиғат жағдайлары және Соғды, Шаш пен Ферғананың егіншілік орталықтарына 

жақын  орналасуы  шаруашылықта  суармалы  және  тәлімі  егіншіліктің  басым 

болуына,  халықтың  тҧрақты  отырықшылануына,  әсіресе  б.з.б.  I  мыңжылдықтың 

аяғында, мал ӛсіретін ірі қауымдардың жерге жаппай отырықшылануы кезеңінде 

ірі-ірі егіншілік коныстарының ерте пайда болуына себеп болды.  

   Кӛшпенділердегі мал шаруашылығының негізгі бағыты қой мен жылқы ӛсіру 

болды. Бҧған кӛптеген обалардан табылған қой сҥйектері дәлел бола алады. Қой 

етті мал ретінде ғана ӛсірілген жоқ, одан киіз басу, арқан есу ҥшін және жіп иіру 

ҥшін жҥні де пайдаланылды. Обалардан табылған заттар дәлелдеп отырғанындай, 

сақтар киіздің неше тҥрін: киіз ҥйге ҧстауға және жерге тӛсеуге арнап қарапайым 

қалың, қара киіздер және киім мен бас киім тігу ҥшін жҧқа әрі жҧмсақ талдырма 

киіздер баса білген. Обалы қабірлерден шыққан мал сҥйектерін зерттеу осы заманғы 

қазақтың кҧйрықты және ҧяң жҥнді тҧқымдарына жакын қой ӛсірілгенін кӛрсетіп 

берді. Отарда қылшық жҥнді қой басым болған, бірақ биязы жҥнді қой да ӛсірілген. 

  Кӛшпелі-малшы  және  жауынгер  сақтың  тҧрмысында  жылқы  ҥлкен  рӛл 

атқарды. Сақ заманындағы жылкының екі тҧқымы болды. Тез семіретін және қысқы 

тебінге  әбден  тӛзімді,  жатаған  тебін  жылқысы  ең  кӛп  тараған  тҧқым  болған  еді. 

Жауға  мінетін  ең  жақсы  сәйгҥліктерге  ерекше  кҥтім  қажет  болды,  оларды 

кӛшпелілер айрықша жоғары бағалады, сірә, оған тек ру-тайпа ақсҥйектерінің қолы 

ғана  жетсе  керек.  Олар  жауынгердің  жеке  меншігінде  болды  және  иесі  ӛлсе, 

бауыздалып, оның  заттарымен бірге обаға кӛмілді. 

   Мҥйізді  ірі  қара  да  ӛсірілген.  Екі  ӛркешті  тҥйе  кӛлік  қҧралы  ретінде 

пайдаланылды.  



 

251 


  Шаруашылықтың  жетекші  тҥрлері  -  мал  шаруашылығы  мен  егіншіліктен 

басқа  бірқатар  сақ  тайпаларында  қосалқы  кәсіп  ретінде  аңшылык  пен  балық 

аулау кәсіптері де  қоса жҥрді. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпаларда 

аңды  салт  атпен  қаумалап  аулау,  иттердің  кӛмегімен  қуып  аулау  болғандығын 

нақты кӛрсетеді. Таутеке, арқар, қабан, бҧғы, бҧлан, дуадақ ауланған. 

   Балық  аулау  Ертіс  жағалауы  мен  Сырдария  атырауында  кеңінен  таралды. 

Жетіасар  және  шірікрабат  мәдениеттеріне  жататын  қоныстардан  балық  аулау 

сайсандары кӛптеп табылған.    





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет