Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері
Жетіасар мәдениетінің негізгі кешені Аралдың шығыс маңында, тӛменгі
Сырдария-Қуаңдарияның ежелгі сағаларындағы алабтағы аллювиаль
жазықтықта орналасқан. Жетіасар ескерткіштерінің таралған оңтҥстік
шекарасы Жаңадарияның қҧрғақ арнасынан солтҥстікке қарай ӛтеді.
Жетіасар ескерткіштерін алғаш рет 1946 жылы зерттеп, жеке мәдениетке
бӛлген С.П.Толстов болып табылады. Ол ӛз атауын ескерткіштер мейлінше
шоғырланған Жетіасардан алған. Хорезм археологиялық-этнографиялық
экспедициясының кӛп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде жетіасар
мәдениетінің ескерткіштері толымды тҥрде зерделенген, ал қазба
материалдары мен зерттеулер материалдары Л.М.Левинаның бірнеше
монографияларында баяндалған.
224
Аталған ауданда Жетіасар мәдениетінің дамуындағы ҥш кезеңді
белгілеуге және оның ІХ ғасырға дейін жеткен жоғарғы шекарасын
анықтаудың сәті тҥсті.
Жетіасар мәдениетінің бастапқа мерзімі нақты анықтала қойған жоқ.
Ескерткіштерді одан да ҧсақ хронологиялық кезеңдерге бӛлуге мәдениеттің
сыртқы біркелкілігі ғана емес, сондай-ақ тіпті шағын жетіасарлық
қалалардың ӛзінде мәдени қабаттардың қалың екендігі де қиындық туғызып
отыр. Бҧл ҧмтылыстар І кезең ішіндегі хронологиялық бӛлуді, яғни
мәдениеттің бастапқы кезін тҧспалдап бӛлуге жетелейді. Бірнеше
ескерткіштердегі стратиграфияға қарап, жетіасар мәдениетін І, ІІ, ІІІ секілді
ҥш хронологиялық кезеңге бӛлуге талпыныс жасалды. Бҧл кезеңдердің
алғашқысын, шамамен шартты тҥрде б.з.б. І-мыңжылдық ортасынан соңына
дейін мерзімдеуге болатын сияқты; екіншісі – б.з.б. соңғы ғасырлар мен б.з.
алғашқы ғасырлары, ол ІІ-ІV ғасырлармен аяқталынуы мҥмкін; ҥшіншісі – V-
ІХ ғасырлар.
Жетіасар мәдениетінің қайнар-бастаулары қола дәуірінің соңына барып
тіреледі.
Жетіасар мәдениетінің 47 қаласы белгілі. Олардың барлығы кӛп мәдени
қабаттан тҧрады және мықты қорғаныс жҥйелерімен кҥшейтілген, бекініссіз
қоныстары жоқ.
Қалалардың барлығы ӛзен сағаларына таяу жерлерде орналасқан және
обалы алқаптармен қоршалған.
Әдетте бір салаға немесе арна теліміне жақын араға шоғырланған және
бір-бірінен 2-8 км қашықтықтағы бес-алты шағын қалалар бір топты
қҧрайды, олардың арасынан бір қала ӛзінің кӛлемі бойынша дараланады.
Бірінші кезеңдегі жетіасарлық қалалардың барлығы дӛңгелек не болмаса
сопақша жоспардағы биіктігі қазіргі жер бетінен 8-20 м, ауданы 0,5-10 га екі
қабатты тӛбе тҥрінде.
Әрбір қаланың ӛзегін кҥрделі фортификациялық жҥйесі бар кӛп қабатты
ҥлкен ҥй қҧрайды. Әдетте жоғарғы алаң ҥш жағынан (барлық жағынан
қоршалу сирек) екінші, одан да тӛмен алаңмен қоршалған, ол да дуалмен
қоршалып тҧрған. Жетіасардың ерте кезеңінде тӛменгі алаңда кӛлемді
қҧрылыстар болды, олар мал қора да болуы мҥмкін. Кейіннен тӛменгі алаңға
да жоғарғы алаң сияқты баспаналар тығыз салынып кетті. Сӛйтіп, ол екеуі
біртҧтас баспаналар кешенін қҧрады. Тек екі қалада ғана ҥшінші бӛлік
болды, солтҥстік жаққа орналасқан бӛлік те дуалмен кҥшейтілді. Осындай
қалалардың бірінде (Жетіасар-2) орталыққа қосылған ҥшінші бӛлікте қолдан
жасалған су алабы болған, тек кейіннен оның аумағына ӛзге екі бӛлік сияқты
тҧрғылықты секциялар салынып кеткен.
Барлық қҧрылыстар пахса мен жоспары тік бҧрышты ҥлкен форматтағы
шикі (қам) кірпіштен соғылған.
І кезеңнің фортификациялық қҧрылыстары кейде кірпіш қаландысымен
де ҥйлесті. Кейде шикі кірпіштер (50х30х9 және 60х30х9 см) жҧқа пахса
қатарымен алмастырылған кездер де болды, мҧндай жағдайда қабырғаға тас
қаланған сияқты кӛрінетін. Бҧл кезеңнің ғимараттары кӛбіне кҥмбезделіп
225
жабылды. Кҥмбездер пішіні трапеция тәрізді ҥлкен шикі кірпіштермен (45-
50х23-25х25-30 см) аздап қисайып немесе қисайтылмай, сақина сияқты
қиыстырыла кӛтерілді. Бӛлмелер ӛтпелі-аркалар арқылы байланысты. Ірі
бӛлмелер, сарайлар және екінші алаңдағы қҧрылыстар жалпақ шатырмен
жабылған сияқты. Ағаш тіреуіштер шатырды ҧстап тҧрды. Есікке де ағаш
пайдаланылды.
І кезеңнің соңына қарай бекініс қҧрылыстары шағын кӛлемдегі шикі
кірпіштер (40-42х26-30х9-10 см) қатарымен ӛрілді. Мҧнаралардың кҥмбезді
жабындары бҧрынғы ерте кезеңдегідей ірі трапеция пішіндес кірпіштермен
тҧрғызылды.
Сыпалар, ошақтар, каминдер бҥйірінен қойылған шикі кірпіштерден
немесе олардың сынықтарынан жасалды, соңынан саз балшықпен сыланды.
Ҧсақ далдаға каркас ретінде ағаш пайдаланылды.
Жетіасар қҧрылыс техникасы жоғарғы деңгейге жеткен, мҧны кҥмбездер
конструкциясы да растайды.
Барлық жетіасар қалаларының мықты қорғаныс жҥйелері болды, қала
ішіндегі әрбір алаң ӛз бекініс қабырғаларымен (дуалдарымен) қоршалды.
Қазба жҧмыстары фортификациялық қҧрылыстардың даму динамикасын
анықтауға мҥмкіндік берді. Бастапқыда сопақша келген бекіністің ӛзегі
(шамамен 45х50 м) периметрі бойынша пахса блоктары мен шикі кірпіштер
арқылы кӛтерілген мықты дуалмен қоршалды. Бекініс қабырғасына шахмат
тақтасының тәртібі бойынша ҥш немесе екі қатар оқ ататын тесіктер
жасалды. Қамал ішіне екі қабатты кҥмбезді бӛлмелер орналасты. Кейіннен
бекініс қабырғасының сыртына мҧнара мен биік табанды оқ ататын
галереялар тҧрғызылды, соңғыларына қайтадан мҧнара жапсарлатыла
салынды, бірақ оның платформасы биік еді, бҧл мҧнараларға жаңа дуалдар
соғылды.
Баспана. Жетіасар қалалары ішінде тҥгелімен баспаналар салынған
қамал іспеттес. Жетіасар ескерткіштерінде жҥргізілген қазба жҧмыстары қала
ішіндегі ерте кезге жататын екі тҥрлі жоспардағы қҧрылыстарды жіктеуге
мҥмкіндік беріп отыр. Мәселен, Жетіасар-2 қаласының жоғарғы алаңында
бастапқы қамалдың ішінде ҧзын да тар кҥмбезді бӛлмелер қатары орын
алғандығы, олардың біразы екі қабатты болып, бір-бірімен арка арқылы
жалғасқандығы белгілі.
Одан соң ішкі қҧрылыстың басқа тҥрі пайда бола бастайды. Бҧл жоспар
кең ауданда қазылған Жетіасар-12 қаласынан жап-жақсы байқалған. Мҧнда,
белгілі бір дәрежеде және тығыз тапталған ерте кездегі жоспардағы
бӛлмелер, бір типтегі тҧрғынжай секциялары болғандығы анықталған.
Секциялар екі-ҥш бӛлмеден тҧрады. Негізгі тҧрғынжай интерьері – екі
қабырғадағы (ҥш қабырғада сирек) кең сыпа мен орталықта орналасқан ашық
ошақ; бҧлар барлық келесі кезеңдегі қабаттарға тән еді.
Әрбір секция оқ ататын дәліздің бір бӛлмесімен жалғасып тҧрды, олар
бейбіт кҥндері қосымша тҧрғынжай немесе шаруашылық бӛлмелері ретінде
пайдаланылса керек.
226
Әрбір секциядағы әрдайым ҥлкен ауданды алып жатқан негізгі және
басты тҧрғынжайларда тҥгелімен ортада ашық ошақ болды, еденнен тӛмен
жатқан оның жоспары сопақ немесе тік бҧрышты еді, шеттеріне саз
балшықтан бҥйір (борт) жасалды. Олар кірер есіктің екі жағындағы сыпа
шетіне шағын доға тәрізді балшық білік арқылы жалғасып жатты. Пәс әрі кең
сыпалар қарама-қарсы тҧрған қабырғаларды бойлай салынды және орталық
бӛлікте оны ӛтетін жер бӛліп тҧрды.
Негізгі тҧрғынжайлардан дәнҥккіш тҧғырлары кездескен.
Сондай-ақ секцияның негізгі тҧрғынжайының басқа да жоспарлары
болды. Бҧл нҧсқадағы негізгі тҧрғынжайдың ішкі жоспарында есік орталық
бӛліктен емес, бҧрыштан шығарылды. Есіктің кірер алдындағы кеңістік
немесе ӛзіндік тамбур басқа бӛлмелердің ауданынан биік (1,5 м және одан да
биігірек) тар кірпіш қабырғасымен (ҧзындығы 1,5-2 м) бӛлініп тҧрды.
Бӛлменің ҥш қабырғасына П-тәрізді сыпа орнатылды, ол бірінші жоспардағы
тҧрғынжайға қарағанда біршама тар және биік. Бӛлменің орта тҧсына
еденнен тӛменірек дӛңгелек жоспардағы ашық ошақ орналасты, оның
бҥйірлері жоғары еді және оған трапеция тәрізді жоспардағы алаңқай
жалғасты, оған кесілген конус сияқты тҧрпаттағы екі «ошақ тҧғыр» қойылды.
Негізгі тҧрғынжайлардан басқа әрбір секцияда бір-екі қосалқы бӛлмелер
болды, олардың кейбірі тҧрғын бӛлме болуы да ықимал, дегенмен ол
шаруашылық қарекеттерге пайдаланылды. Бҧл бӛлмелердің ішкі кеңістігінде
әдетте қабырғаға жабысқан бірнеше ошақтар, шаруашылық шҧңқырлар,
қоймалар болған. Астықты (әдетте бидай) сақтау ҥшін ыдыс ретінде қалың
қабырғалы кҥйдірілмеген сопақша және дӛңгелек келген қҧмыралар
пайдаланылды. Бҧл қам (шикі) ыдыстар жетіасар мәдениетіне тән және ерте
кезге жататын ескерткіштердің барлық қҧрылыс горизонттары мен
кезеңдерінен кездеседі. Кейде мҧндай қосалқы шаруашылық-тҧрғынжай
бӛлмелерде бір-екі ошағы бар аласа сыпалар да табылады. Тҥрлі секциялар
алып жатқан аудан кӛлемі аздап қана ӛзгереді.
Жерлеу құрылыстары. Әрбір жетіасар қаласының жанында жҥздеген,
мыңдаған жерлеу қҧрылыстарынан тҧратын қорымдар орналасқан, олардағы
ескерткіштердің екі тҥрі бар – оба астындағы топырақ қабір мен сағана-
лақыттар (склеп).
Оба ҥйінділері сақтала қоймаған және қазіргі жер бетінен тҥсті дақ
тҥрінде немесе обаны жиектей ӛскен ӛсімдіктер шоғырының орды бӛліп
тҧруынан ғана байқалады. Ордың диаметрі 8-20 м шамасында ӛзгеріп
тҧрады. Оңтҥстік жартысында қосқыш (ені 1,2-2 м) болады. Әрбір ҥйінді
астында әдетте бір қабір болады, алайда бірнеше рет екі не одан кӛп топырақ
қабірлердің ҧшырасқандығы тіркелген. Қабір шҧңқыры солтҥстік-оңтҥстік
бағытта. Қабір шҧңқырының шығыс қабырғасынан ыдыстар мен мал
сҥйектері (қой немесе сиыр) қойылған шағын қуыстар аршылған. Бірнеше
қабір шҧңқырын бойлай шағын әрі аса терең емес орлар қазылған. Мҥрде
қамыс тӛсенішпен оралған, оны шалқасынан ағаш қабығына немесе тоқылған
қамысқа жатқызған. Жерлеу қҧрал-саймандары бір-ҥш ыдыстан тҧрады, бҧл
жерде міндетті тҥрде «ас ҥй» кӛзесі, қҧмыра, саптыаяқ немесе тостаған
227
қойылады. Ыдыстардың бір бӛлігі қуыстардан, ал бір бӛлігі мҥрденің аяқ
тҧсынан алынады. Алайда мҥрденің бас жағына қойылған ыдыстар (әдетте
кӛзелер немесе қҧмыралар) кездесетіндігі аңғарылған. Жауынгер-сарбаз
қабірінен пышақ пен қанжардан басқа сҥйек жапсырмалы кҥрделі садақ пен
жебе ҧштары да жиі табылады. Әйел адамдардың қабірінен қола айна, бор
кесегі, ӛзен қабыршақтары, сырға, моншақ, білезік жиі кездеседі.
Жетіасар жерлеу қҧрылыстарының екінші тобын «жер асты» және «жер
ҥсті» секілді екі типке бӛлінетін сағана-лақыттар қҧрайды. Екі типтегі сағана-
лақыттар жоспары тік бҧрышты шикі кірпішпен тҧрғызылған және кірпіш
кҥмбезбен жабылған.
Жер асты сағана-лақыттар арнайы қазылған қазаншҧңқарға салынған
кірпіш камера тҥрінде болып келеді. Тік бҧрышты (орташа 5,5х4 м) немесе
шаршы (5х5 м) жоспарлы камераның ¾ бӛлігі жерге кіріп тҧрады және
кірпіш кҥмбезінің ҥсті топырақпен жабылады. Кейбір жағдайларда
топырақпен жабылған қабырға ҥстінен және ішінара камера кҥмбезі арқылы
кӛлденеңінен ӛтетін екі қатарлы кірпіш қаландысы да анықталған.
Қаландының сытқы шеттері камера қабарғасындағы сызықтан 3,5-4,5 м
қашықтықта тҧрады. Камераның ішкі бӛлігі жоспары бойынша тік бҧрышты
(орташа алғанда 3,6х2 м), оның екі немесе ҥш қабырғасына жатын-сыпа
(лежанки-суфа) орналасты. Оңтҥстік жағынан камераға дәліз тәрізді аркалы
текпішекті жол тҥседі де, сағана-лақыт қабырғасынан 1-1,5 м шығып тҧрады.
Сағана-лақыт кҥмбезі трапеция пішінді шикі кірпіштен соғылды. Камера
ішіндегі еден, қабырға мен сыпа балшықпен сыланған.
Киізге немесе қамыс жабынға оралған мҥрделер сыпа ҥстіне шалқасынан
жатқызылып қойылған. Олардың жанындағы сыпаға және еденге керамика,
еңбек қҧралдары мен қару-жарақ қойылды. Әйелдердің қасына бор кесегі,
қабыршақ, әдетте мата қапшыққа салынған қола айна қойылған. Сыпа
арасындағы еденге от жағылды.
Сағана-лақыттар бірнеше рет пайдаланылды, әрқайсысында бірнеше
жерлеу орындары болды. Әрбір жерлеуден кейін арка секілді ӛтетін жер
кірпішпен қаланып, сыланды.
Жер ҥстіндегі сағана-лақыттар да жоспары бойынша тік болды, оңтҥстік
жағындағы дәліз секілді кірер есігі камерадан 1,5 м шығып тҧрды, пахса
блоктары мен бірнеше қатар шикі кірпіштерден (40х30х9 см) тҧрғызылған
камера қабырғалары стилобат платформаға (биіктігі 80 см-ге дейін)
орнатылған. Камера ішінен (5,6х2,6 м) қабырғаны бойлай биік жатын-сыпа
соғылды. Кіретін арка балшықпен қалың етіп сыланған. Қамыс жабын
қалдықтарына қарағанда, жер бетіне салынған сағана-лақыттарға
жерленгендер де сыпаларға қойылған.
Екі типтегі сағана-лақыттарға бай қабір қҧрал-сайман қойылғанымен,
зерттелген ескерткіштердің ежелгі замандарда тоналғандығы байқалады,
кейбір қаңқалардың жатысына қарағанда, тонау жерлеуден ӛткен соң жҥзеге
асқан, алайда кейбір сағана-лақыттарда кҥміс және қола тоғалы, алтын,
кҥміс, қола әшекейлері бар киім қалдықтары шыққан. Бір рет қана металл
228
тоға, алқа және шыны моншақтармен әшекейленген матадан жасалған бас
киім қалдықтары сақталғандығы анықталған.
Керамика. Жетіасардағы ежелгі тҧрғындардың заттай мәдениеті ӛзіндік
ерекшеліктерімен кӛзге тҥседі, бҧл ең алдымен қыш қҧмыра жасау
ӛндірісінен байқалады. Қҧмыраны отқа кҥйдіретін пеш қалдықтары
табылған. Мәдениет ӛмір сҥрген кездегі бҥкіл керамикаға тән нәрсе, онда
ерекше біртҧтастық пен ӛзіндік кешендік, пропорция мен ою-ӛрнек
тҧрақтылығы, архаизм мен консерватизм сақталған.
Жетіасар мәдениетінің бҥкіл керамикасы екі топқа бӛлінеді.
1 топ (бірнеше жҥз) кӛзелеріне сҧр тҥсті ангоб жағылған және сыртында
кҥйенің іздері сақталған. Бірінші типке жататын негізгі ыдыстардың тҥбі
жалпақ болып келеді. Ыдыстардың кӛпшілігі ою-ӛрнексіз, бірақ кертпекті,
денесі немесе иық тҧсына жапсырылған бҥршік және кейде бҥршіктермен
жалғасып жатқан жарты ай секілді ӛрнектері де кездеседі.
2 кезеңнің бас кезінде ғҧндардың металл қазандарының тҧрпатын
(пішінін) тҥгелдей қайталайтын ыдыстар пайда бола бастайды. Кӛзе немесе
хум сияқты ірі ыдыстар мәдениеттің барлық кезеңдеріне тән. Сыртына
қызыл-қоңыр қою ангоб жағылып, жалтыратылған. Олардың барлығы
дӛңгелек, шар тәрізді тҧрпатқа жақын, тік мойынды, ернеуі шағын, диаметрі
тҥбінен бір жарым есе ҥлкен болып келеді. 2 топтағы ыдыстар арасынан
бәрінен де қҧмыралар кеңінен таралды. Қҧмыралар денесі қампиған, одан
кертпектеле бӛлінген ҧзын мойыны тік келген, бір-екі білікті, қарапайым
шеті әдетте кішкентай ҥш бҧрыш не болмаса дӛңгеленген, бір (егер
ҧстағышы болса), екі су ағарлы.
Табақтар мен тостағандар жетіасар ескерткіштерінің (қала, қорым)
барлығынан кездесекен. Олар жҧқа қабырғалы. Саптыаяқтардың кӛпшілігінің
денесі қҧмыраларға ҧқсас болып келеді.
Қару-жарақ, ат әбзелдері. Жетіасар ескерткіштерінен қоладан, сҥйектен
және темірден жасалған жебе ҧштары, кҥрделі садақтың сҥйек
жапсырмалары, қанжарлар табылған. Шағын ҥш қалақты сапты темір жебе
ҧшҧтары сирек ҧшырасады. Қола және темір жебе ҧштарына қарағанда,
сҥйектен жасалған жебе ҧштары кеңінен таралған. Олар қабірлерден де, қала
мәдени қабаттарынан да кӛптеп кездеседі. Бҧл артефактілердің барлығы
мҧқият жалтыратылып, тегістелген. Кейбірінің тҧрпаты оқ сияқты.
Бірінші кезеңдегі мәдени қабаттардан екі тесікті мҥйізден және сҥйектен
жасалған сулықтар табылған, мҧндай сулықтар б.з.б. І-мыңжылдық орта
тҧсында және екінші жартысындағы ескерткіштердің материалдарына ҧқсас.
Сулықтардан басқа табылған ат әбзелдерінің қатарына ірі жануарлардың
сҥйектерінен дайындалған алдыңғы ердің ішкі бӛлігі сияқты зат та жатады.
Сүйектен, тастан және металдан жасалған бұйымдар. Әзірге ежелгі
жетіасарлық тҧрғындардың ӛз зергерлік немесе шыны жасау ӛндірісі туралы
айтуға мҥмкін болмағанымен, кҥл шоғыры, жарамсыз болып шыққан қола
бҧйымдардың сынықтары металлургиялық ӛнеркәсіп жайында сӛз қозғауға
мҥмкіндік береді, ал сҥйек ою ісі мен шеберханалар жайлы жануарлар мен
балық сҥйегінен жасалған кӛптеген заттардың табылу фактісі де растаса
229
керек. Осындай шеберханалардың бірі Жетіасар-12 қаласындағы тасталған
мҧнарадан шықты.
Онда шеберхана ҧйымдастырылып, кҥрделі садақтардың сҥйек және
мҥйіз жапсырмалары, т.б. заттар дайындалған. Мҥйіз және сҥйек
жалтыратқыштар, қырғыштар, тескіштер кӛп, пышақ пен бігіз саптар,
сулықтар, тҥрлі тҧрпаттағы жақсылап жонылған жебе ҧштары, айылбастар
мен алқалар, сақина мен жҧқа шынжыр-моншақтар жетіасарлық
оюшылардың жоғарғы деңгейдегі шеберлігін дәлелдейді.
Жетіасар қалаларындағы мәдени қабаттардағы ҥнемі кӛптеп табылатын
олжалар – сҥйек тескіштер, тас қайрақтар, жалтыратқыштар, дәнҥккіштер,
т.б.
Жҥзі тік және арқа тҧсы жайлап дӛңестелген темір пышақтардың нашар
сақталған бӛліктері кӛптеп кездеседі. Бірен-саран темір ірі қармақ ҧштары
табылған.
Киім-кешек пен әшекейлер. «Жетіасарлықтардың» киімі жӛнінде сӛз
қозғауға мола шҧңқырлары мен жер асты сағана-лақыттарынан табылған –
кенеп пен жібек маталардан жасалған кӛйлек, кафтан мен бас киім
қалдықтары аздап мҥмкіндік береді. Жетіасар-2 қорымындағы №1 сағанадан
алтын тҥсті жібектен дайындалған әйел адамның кафтанында жасыл тҥсті
геометриялық ӛрнек бар және де алтындатылған теріден жасалған ромб пен
ҥш бҧрыш тҥріндегі жапсырмалармен, кҥміс тоғалар қатарымен кӛмкерілген.
Жетіасар-12 қорымындағы №1 сағана-лақыттан алынған сары-қоңыр
тҥсті кафтан тері мен қызыл тҥсті кенеп аппликациялармен ӛрнектелген және
де мойыны мен жиектеріне (белге дейін) жарты шар тҥріндегі металл тоғалар
қатары тҥсірілген, ал жеңдеріне тігінен Сирияда ӛндірілген кӛк шыны бисер
моншақтар қатары (кемінде он-оннан ҥш қатар) тағылған. Кҥміс және қола
тоғалар киімнің кеуде тҧсын жиі әшекейлегендігін, кейде жеңін де
кӛмкергендігін басқа жерлеу қҧрылыстарында сақталған материалдар да
растайды. Бірнеше рет кафтан астында қызыл тҥсті ҧзын кӛйлек болғандығы
байқалған. Жетіасар-12 қорымындағы сағана-лақыттардың бірінен бас
киімнің бір бӛлігі шыққан, оның қою қызыл тҥсті матасына кҥмістен және
қоладан жасалған тоғалар тағылған, бҧл заттың тӛменгі шеті терімен
қапталуы да ықтимал. Бас киімнің кӛк шыны моншақтармен бірге қҧйылған
жҧқа металл пластиналар жіппен тағылған, екі жаққа орналасқан олардың
әрқайсы 12-ден. Тері белбеу мен етіктің қалдықтары, етіктің қола айылбасы
және тоға-жапсырмалар «жетіасарлықтардың» биік етік киіп жҥргендігін
дәлелдейді.
Жетіасар мәдениетінің әшекейлеріне моншақтар, сырғалар, білезіктер,
сақианалар, алқалар, тоғалар кіреді. Қабірлер мен қалалардың мәдени
қабаттарынан янтарь моншақ олжалары жиі табылып жатады. Кӛгілдір тҥсті
мысыр фаянсынан дайындалған дӛңгелек қабырғалы моншақтар, цилиндр
секілді маржандар, паста және дӛңгелек шыны, сонымен қатар шыны кӛзді,
халцедоннан жасалған дӛңгелек моншақтар б.з.б. ІҤ-ІІІ ғасырларға және б.з.
алғашқы ғасырларынан белгілі. Жетіасар ескерткіштерінен сақина олжалары
230
сирек табылған. Сҥйектен, темірден және қоладан дайындалған білезік
қалдықтары да кездесіп қалады.
Жетіасар кешеніндегі толып жатқан қола сырғаларды екі типке
жатқызуға болады: ҧштары бір-біріне кіріп тҧрғандай пішіндегі сақина
тҥріндегі және ортаңғы бӛлігі шығыңқы жҥзік сияқты.
Бірінші кезеңнің соңына жататын қабірлердің бірінен сапасы тӛмен
алтыннан жасалған кӛлемді сырға аршып алынған, оның қола иіні мен шыны
орнатқышы болған.
Осы кезеңге кҥмістен және қоладан дайындалған белбеу ҧштарын,
дӛңгелек және сопақша жоспардағы тілі жылдам қола және темір
айылбастарды да жатқызуға болатын сияқты.
Бірінші кезеңнің соңына екі серіппелі пластина фибула (тҥйреуіш) да
жатады, мҧндай бҧйым ІҤ ғасырда Польшадағы пшевор мәдениетінде де
кеңінен таралған.
Қола айналар басқа да кӛптеген заттар сияқты қабірлерден де, қалалардың
мәдени қабаттарынан да табылған. Әдетте бҧл жалпақ диск, кӛбіне шеті
шығыңқы және дискпен бірге қҧйылған сапты.
Культық бҧйымдарға, сірә, аң-қҧс тҥріндегі қола алқа-бойтҧмарларды
жатқызуға болатын сияқты.
Саз балшықтан және алебастрдан адамның қарапайым тҥрінде жасалған
пҧттар да табылды, олардың бір бӛлігі боялған.
Бірінші кезеңге парфяндық гемма да жатады. Халцедоннан дайындалған
сасанидтік геммалар да бар.
Мысыр, Сирия, Ҥндістан елдерінде ӛндірілген тас және шыны
моншақтардың, сонымен қатар жібек маталардың, кейінгі парфян және
сасанидтік геммалардың табылуы жетіасарлықтардың кеңінен жолға
қойылған сауда байланыстарын да айғақтайды.
Шаруашылық, әлеуметтік ұйымдасу. Қалаларда тіршілік еткен
тҧрғындардың шаруашылығы кешенді сипатта еді, олар балықшылық пен
аңшылық аздап орын алған мал ӛсірумен және егіншілікпен айналысты.
Тҧрмыс қарекетінде маңызды рӛл атқарған мал шаруашылығы тҥліктер
арасында ірі мҥйізді қараның кӛбірек ӛсірілуімен сипатталынады.
Тҧрғынжайлар бірінен тҥйе мен ҥй шошқасы сҥйектерінің бірге табылуы да
қызығушылық туғызады.
Егіншілік те маңызды болды. Ирригациялық қҧрылыс іздері Қуаңдария
алабының барлық аумағынан анықталған, барлық мәдени қабаттардан
шыққан дәнҥккіштер, тары мен арпа дәндері егіншілік маңызын айғақтай
тҥседі. Сондай-ақ бірқатар қалалардың маңынан су жиналатын алаптар
анықталған. Оны ӛзен суларының азаюы нәтижесінде адамдар жасауға
мәжбҥр болса керек.
Балық қылтанақтары мен қабыршақтары, балық аулайтын ілгек, сонымен
қатар тҥз тағыларының сҥйектері тҧрғынжайлардан кӛптеп аршып алынған,
бҧл «жетіасарлықтардың» натуралды шаруашылығында балықшылық пен
аңшылық едәуір орын алғандығын айғақтайды.
231
Алғашқы кезеңде жетіасар мәдениеті Сырдарияның орта ағысындағы
(қауыншы және ең алдымен отырар-қаратау) аудандардағы мәдениеттермен
тығыз байланыста болды. Соңғы екеуімен жетіасар мәдениетін кӛп ортақ
дҥниелер (қала салу ісі, керамика дайындау, т.б.) байланыстырады. Бҧл ортақ
белгілер белгілі бір дәрежеде физикалық-географиялық жағдайға байланысты
шаруашылық типінің бірдей болуымен де тҥсіндіріледі. Ҧзақ уақытқа
созылған тығыз қарым-қатынас орнатқан жетіасар мен отырар-қаратау
мәдениеттерінің тҧрғындары этносаяси байланысқа кеңінен тҥсіп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |