қоңырат, қаңлы, үйсін, ұйғыр, т.б. атап кетеді. Олардың арғы тегі ерте
ортағасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Оңтҥстік-Шығыс Казақстан
тҧрғындары еді.
276
ХVІ соңы мен ХV ғасыр алғашқы жартысында олар өзбек атты жалпы
саяси атаумен де белгілі болды.
Сығанақ хандықтың орталығына айналады.
ХV ғасырдың 50-жылдарының аяғы мен 60-жылдарының бас кезінде
Әбілхайыр қарауындағы тайпалардың едәуір бӛлігі Жәнібек пен Керей
сҧлтандардың бастауымен қопарыла кӛшіп, Моғолстанның батыс жағына
келіп қоныстанады, ол 1468 жылы бҧларға қарсы қанды жорыққа шығады,
бірақ жолай қайтыс болады.
Әбілхайыр хандығы тарап кетеді. Мемлекеттің жеке-жеке иеліктерінің
арасында іштей баянды байланыстың орнатылмағаны, жер-суды бӛлісу ҥшін
ҧдайы болып жататын әулеттік араздық пен ӛзара қырқыстар және қатардағы
кӛшпелілердің рақымсыз қанау мен езгіге кӛрсететін қарсылығы, сӛйтіп
қыруар халықтың басқа жерге дҥрлігіп кӛшіп кетуі – осының бәрі қосылып,
хандықты әлсіретіп, оның қҧлауына апарып соққан еді.
Оның ҧрпағы Мҧхаммед Шайбани біршама жылдар бойы қазақ
хандарымен кҥресіп, ақырында оңтҥстікке ығысады, мҧнда Темір әулетінің
иеліктерін тартып алады. Онымен бірге кеткен кӛптеген ру-тайпалар «ӛзбек»
атауын ӛздерімен бірге ала кетті.
Ноғай Ордасы. Алтын Орда ыдырау кезінде пайда болған аса ірі
мемлекеттік бірлестіктің бірі Ноғай Ордасы XIV-XV ғасырларда Батыс
Қазақстан аумағының бір бӛлігіналып жатты. Алғашқы кезде XIV ғасыр
соңынан бастап, Жайық пен Еділ арасындағы тайпалар бірлестігі, оның ең
бір кӛп тайпасының атымен «Маңғыт жҧрты» деп аталатын.
Басқа да кӛшпелі мемлекеттер сияқты, Ноғай Ордасының шекарасы да
сыртқы саяси жағдайға байланысты ӛзгеріп отырды. XV ғасыр екінші
жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауы шебінен ӛтіп, Әбілхайыр
хандығының ӛріс-қонысын басып ала бастайды.
Ноғай Ордасының қҧрамы белгілі бір кезеңге дейін, сол аймақтың тҥрік
халықтарының бас қосып, ынтымақтасуы аяқталғанға дейін Ақ Орда мен
Әбілхайыр хандығының қҧрамына жақын бол ған еді. Ноғай Ордасының
қҧрамына тҥрік және тҥріктенген моңғол тайпалары мен тайпалық бірліктер
кірді: маңғыттар, қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, наймандар,
үйсіндер, қарлұқтар, алшындар, тамалар, т. б. енді. Ноғай Ордасы
этникалық-саяси бірлестік ретінде пайда болады. Оған кірген тайпалар XV
ғасыр аяғында ноғай халқының негізін қалады.
Қазан және Астрахань хандықтары Ресей қҧрамына ӛткеннен кейін,
сонымен қатар Ноғай Ордасындағы билік ҥшін болған ӛзара талас-тартыстан
соң мемлекет бірнеше иеліктерге бӛлініп кетті.
Қазақ хандығы. Қазақ хандары ортақ мемлекеттілікке және бірлестікке
ҧзақ уақыт бойы этносаяси және шаруашылық-мәдени дамуы дайын болған
жерлерді біріктірді.
ХІV-ХV ғасырлардағы біртҧтас экономикалық ӛңірдің қалыптасуына
экономикасы аралас кӛшпелі, мал ӛсіруші және сауда-қолӛнер бағыттарында
шаруашылық қарекет жҥргізілген облыстарға табиғи интеграцияның тигізген
әсерінен барлық ӛңірді бір саяси қҧрылымға біріктіруге жағдай пісіп жетілді.
277
Кӛшпелі және отырықшы ӛңірлердің экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси
байланыстарының кҥшеюі ҧзаққа созылған халық ретінде қалыптасу
процесін аяқтай бастаған қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне нақты
мҥмкіндіктер туғызды.
Бҧл қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына тікелей әсер еткен шынайы
себептер мен жағдайлар болатын.
Алғашқы қазақ хандарының мемлекетті қалыптастыруға және сақтап
қалуға ҧмтылысы қазақ ру-тайпаларының шонжарлары тарапынан қолдау
тапты. ХV ғасыр орта тҧсында-ақ Керей мен Жәнібек жанына олардың
біразы жиналып қалған болатын. Жәнібек пен Керей біртіндеп мемлекет
аумағын ҧлғайта берді. Олардың ата-бабалары Ақ Орда хандары болған еді.
Сондықтан да екі сҧлтан бҧрынғы Ақ Орда аумағында билік қҧруды аңсады.
Әбілхайыр хан 1446 жылдары Сырдария ӛңіріндегі бірқатар қалаларды
(Сығанақ, Созақ, Аркӛк, Ҥзгенд, Ақ-Қорған) басып алғаннан кейін ол біраз
уақыт кҥшейіп тҧрды. Кейіннен ру-тайпа аралық қатығыстарда
Әбілхайырдан қолдау таппаған Керей мен Жәнібек ӛздері басқарып отырған
рулармен бірге хандықтан іргесін аулақ салып Моғолстан жеріне кӛшіп
кетеді. Осы кезден бастап Әбілхайырдың жҥргізген саясатына риза емес
халықтың топтары олардың жанына жинала бастайды.
ХV ғасырдың 20-жылдары ойраттар жайылым іздеп әрі сауда
орталықтарына жақын келіп Жетісу жеріне шапқыншылықтар жасай
бастайды. 1457 жылы Әбілхайыр хан ойраттардан қатты жеңіліске
ҧшырайды. Оған ауыр шартпен бітім жасасуға тура келді, ойраттар Шу
арқылы ӛз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр ӛз ҧлысында, соның ішінде
Қазақстанның оңтҥстігінде де ӛзінің билігін мойындамағандарды жазалай
отырып, қатал шаралармен тәртіп орната бастады.
Тынымсыз дерлік ӛзара тартыстар мен соғыстар халық бҧқарасының
жағдайына ауыр тиді. Соғыс қимылдары қатардағы кӛшпелілерді ӛнімді
еңбектен қол ҥздірді, оларға бақытсыздық пен қайыршылық, кесел мен ӛлім-
жітім әкелді. Халық бҧқарасының наразылығы ортағасырлық кӛшпелі
қоғамға тән қарсыласу тҥрінде – ӛз әкімдерінің билігінен кетіп қалуға, басқа
жаққа кӛшіп кетуге әкеп соқтырды. XV ғасырдың 50-жылдардың соңғы
шенінен бастап ондаған жылдар бойы осындай бір ҥдере кӛшіп кетушілік —
қазақ халқының бір бӛлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Тҥркістан
алқаптарына және Қаратау бӛктерлерінен Жетісудың батыс ӛңіріне,
Моғолстан жеріне жаппай кӛшіп баруы еді.
Қазақ хандығы алғашқы уақытта Батыс Жетісу аумағын, Шу мен Талас
ӛзендері аңғарын алып жатты. Ол жергілікті халықпен бірге, Орталық және
Оңтҥстік Қазақстаннан келген ру-тайпаларды біріктірді. Бҧл жӛніндегі хабар
алғаш рет Мҧхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-Рашиди» деп аталатын
шығармасында келтіріледі, ол Қазақ хандығының қҧрылуын 1465-1466
жылдарға жатқызады, келесі бір авторлар оны 1470 жылы болған оқиға деп
есептейді.
278
XV ғасыр соңында Қазақ хандығы экономикалық жағынан нығайып,
қазақтардың этникалық аймақтарының едәуір бӛлігін ӛзіне қосып алу арқылы
жер кӛлемін кеңейте тҥсті.
ХVІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығы Сарыарқа мен Моғолстанның
бір бӛлігін алып жатты.
Қазақ хандығы ӛзінің ең жоғары қуаттылығына XVI ғасыр бірінші
ширегінде, әсіресе Қасым хан (1512-1521) тҧсында жетті. Ол Жәнібектің ҧлы
болатын (1455 жылдары туылған).
Қасым ханның қол астындағы халық миллион адамға жетті. Оның
тҧсында Қазақ хандығы батыс елдеріне де танымал болды.
ХVІ ғасырдың 20-жылдарында Қасым ханның қайтыс болуы Жошы
ҧрпақтары арасындағы ӛзара қырқыстарды кҥшейтіп, Қазақ хандығын
әлсіретті. Ӛзбек және моғол билеушілері қазақ хандарына қарсы тҧрды.
Сырдария ӛңіріндегі бірқатар қалалардан хандық айырылып қалды.
Тҥркістан уәлаяты шәйбандық Ҧбайдолла сҧлтанға бағынды. Қазақ ханы
Тахыр (1523-1533) Ноғай Ордасымен болған соғыста сәтсіздіктерге
ҧшырады. Ішкі қарсылықтар Тахырды Жетісуға қарай жылжуға мәжбҥр етті,
мҧнда ол қырғыздармен бірге моғол ханы Сҧлтан Саидқа қарсы шықты.
ХVІ ғасыр соңына қарай Сырдария қалалары Сығанақ, Отырар,
Тҥркістан (ХҤІ ғасырдан бастап Ясы қаласы осылай атала бастады) және
басқалары Мауреннахрдағы шәйбанидтер мемлекетінің қҧрамына ӛтті.
Тҥркістан аймағында тҧрған қазақтар Ӛзбек ханы Бараққа, оның ҧлы
Баба сҧлтанға бағынды. Ӛзге басқарушылардың билеп-тӛстеуіне, әсіресе,
далалық кеңістіктердің кӛшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халқы
жиі ӛтіп отырды. ХVІ ғасыр екінші ширегінде қазақ хандары оңтҥстік-
шығыста моғолдар мен ойрат тайпаларымен, батыс пен солтҥстікте
ноғайлармен, башқҧрттармен теке-тіресіп тҧрды.
Ақназар (Хақназар) хан қазақтардың қҧқығын әкесі Қасым хан
тҧсындағы дәрежеге жеткізу ҥшін және де сол кездері ҥлкен аумақты алып
жатқан мемлекеттің кҥшін қалпына келтіру ҥшін ҧзақ жылдар бойы кҥресті.
1586 жылы Тәуекел (Шығай ханның ҧлы) Тҥркістандағы бірқатар
қалаларды басып алды, Ташкентті алуға әрекеттенді. 1586 жылдан 1594
жылға дейінгі аралықта оған қазақтың ӛзге сҧлтандарымен, Ақназардың
ҧлдарымен ҥзаққа созылған кҥресте хандық қҧруға деген ӛз қҧқын бекітуге
тура келді.|
Қазақтың жаңа ханы, Шығай ханның ҧлы Есімнің (1598-1628) тҧсында
Қазақ хандығының қҧрамына қалаларымен бірге Тҥркістан аймағы, сондай-
ақ уәлаятымен қоса Ташкент, бірсыпыра уақытқа Ферғана кірді.
XVII ғасыр Қазақстандағы ішкі саяси ӛмір тҧрақтылығымен ерекшелене
қойған жоқ. Қазақ хандығы барған сайын бӛлшектене тҥсті, феодалдық ала
ауыздықтар кҥшейді. Кӛшпелі ақсҥйектердің әр тҥрлі топтары ӛзара
бақталастыққа берілді. Бірте-бірте ҥш жҥздің әр қайсысында ӛз алдына жеке
хандар пайда болды. Қазақ хандығының сыртқы жағдайы қиындай тҥсті.
1635 жылы Жоңғар хандығының қҧрылуына байланысты ойраттардың
Ертіс маңындағы және Жетісудағы қазақ жерлерін басып алу қаупі арта тҥсті.
279
Цин империясының ығыстыруынан жаңа жайылымдар және Қазақстанның
оңтҥстігі мен Орта Азияның сауда-қолӛнер орталықтарына шығу жолдарын
іздеген олар қазақ жерлеріне зорлық жасауын бәсеңдетпеді.
XVII ғасыр соңына қарай жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтҥстік
Қазақстанға басып кірді. Бірнеше қазақ ҧлыстары талқандалды, тоғыз қала
жаулап алынды, олардың арасында Сайрам, Манкент, Қарааспан, Шымкент,
Ташкент және басқа қалалар болған еді. Сайрам тҧрғындары жауға табанды
қарсылық кәрсете білді; Қалдан қалдырған уәли ӛлтірілді, мҧның ӛзі
ойраттар әскерінің Оңтҥстік Казақстанға қайтадан басып кіруіне әкеп соқты.
Сайрам кҥшпен алынып, талқандалды; тҧрғындарының бір бӛлігі Жоңғария
мен Шығыс Тҥркістанға зорлап әкетілді.
Тәуке хан билік еткен кезеңде (1655/80-1718) Қазақ хандығының
нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы
жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Олардың
1680 жылы Оңтҥстік Қазақстанға шабуылдаған уақытында тек Тҥркістан
қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылығынан аман қалды. Ӛйткені онда
әскерлерімен Тәуке хан болған еді.
Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтҥстігіндегі қалалар
тіршілігінің бірте-бірте сӛнуінің басты себептерінің бірі болды.
Жонғарлардың шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын кесіп тастады,
бейбіт халықтың шаруашылығына ҥлкен зиянын тигізді.
Тәуке ханға ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды аздап
бірыңғайлаудың сәті тҥсті. Хандық ӛкімет билігінің беделін кӛтеріп,
ақсҥйектердің бӛлініп, оңашалануын тоқтату, халықты біріктіру ҥшін, ол
бірсыпыра шараларды іске асырды, Оның тҧсында қҧқықтық тәртіп пен
мемлекеттік қҧрылымның негізгі принциптерін айқындайтын әдеттегі
қҧқықтың «Жеті жарғы» деп аталған нормалар жиынтығы жасалады.
Бірақ біршама тыныштық ҧзаққа созылмады. Жоңғарлардың қазақ
жерлеріне шапқыншылығы ХVІІІ ғасыр бас кезінде кеңінен етек алды. 1723
жылы «Ақтабан шҧбырынды» басталды. Олар қазақтардың бір бӛлігін
этникалық аумағынан тысқары шалғайға ысырып тастады.
Оңтҥстік Сібірде Ертіс бойында, Алтай жерлерінде орнығып алған орыс
ӛкіметі тарапынан Орта жҥз тайпалары мен руларының қазақтары да барған
сайын экономикалық және саяси кҥшті қысымшылық кӛре бастады. Малдары
мен жайылымдарынан жаппай айрылу Ҧлы және Орта жҥздердегі
шаруашылық кҥйзелісінің едәуір асқынып кетуіне әкеп соқты. Билік
жҥргізетін аумағы мен қол астындағылар санының кемуі хандардың
позициясын әлсірете тҥсті, жауластық пен ҧрыс-талас кҥшейді. Осындай
экономикалық және саяси қиын жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылу
мәселесі алға тартылды.
Қазақтардың саяси, экономикалық және этномәдени тарихының бҧдан
былайғы кезеңдері Ресей империясының қазақ жерлерін отарлау уақытымен
байланысты ӛрбиді.
280
Достарыңызбен бөлісу: |