Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Қалалар  қҧрылымындағы  ӛзгерістер



Pdf көрінісі
бет90/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

         Қалалар  қҧрылымындағы  ӛзгерістер.  Оңтҥстік  Қазақстанда    қала 

орындары  кӛпшілігіндегі    қамалдардың  (цитадельдің)  салынуы  уақыт  ӛте 

келе  ӛзгерістерге ҧшыраған. Қҧйрықтӛбе қамалын қазу  мҧнда ІХ ғасырдың 

бірінші жартысында  ӛрт болып, соның салдарынан сарай кешені қирағаннан 

кейін  бірсыпыра  уақыт  ӛткен    соң  толық  қайта  жоспарлау  жҥргізілгенін 

кӛрсетті.  ҤІІ-ІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қҧрылыс  кешенінің  іргелі 

дуалдары  шегінде    қарапайым  қҧрылыс  махалласы  салынады.  ХІ-ХІІІ 

ғасырдың  басында  нақ  сол  жерде    қыш-қҧмырашылар  махалласы 

қалыптасады. 

    Отырар  алқабының  оң  жағалауындағы  Оксус,  Бҧзық  қамалдарында 

(цитадельдерінде),  тау  етегі  ӛңіріндегі    Бҧлақ-Қоғал  қаласында  қарапайым 

тҧрғын  ҥй  қҧрылыстары    пайда  болады.  Кейбір  қалалардың  цитаделі 

соншалықты  анық  бӛлектене  қоймай,  жалпы  қҧрылыстармен  астасып 

жатады,  тіпті  топографиясы  да  байқала  қоймайды,  мысалы  Байырқҧм, 

Тӛрткҥлтӛбе, Балықшы қалаларындағы жағдай осындай. 

      Қазба  жҧмыстарының  кӛрсеткеніндей,  қала  бҧрынғысынша  қаланың 

жалпы  қҧрылысына    қатынасы  жӛнінен  сол  баяғы  тҧйықталуы  сақталған 

жекелеген  тҧрғын  ҥй  махаллаларынан  тҧрады  және  махалланың  барлық 

ҥйлерінің  кірер  есіктері  жалпы  махалла  ішіндегі  кішкене  кӛшеге 

қаратылатын жоспарлау ҥрдісімен сипатталады. 

       Қҧйрықтӛбедегі қазба жҧмыстары қолӛнердің махаллалық шоғырлануын 

анықтай қойған жоқ, тек бір жерден ғана қҧмырашылар махалласы кезіккен. 

Топографиялық  байқаулар  мен  жазбаша  деректемелердің  кӛрсетіп 

отырғанындай,  бірқатар  қалаларда  махаллалардың  тҧрғындарының  атақ-

даңқы  мен  байлық  дәрежесі  бойынша  бӛлінетіні  байқалады.  Әзірше 

қазақстандық  махаллаларға  қарап,  оларды  кӛрінеу  кедей  немесе  бай  деп 

бӛлуге болмайды. Олардың бәрі де әлеуметтік жағынан араласып кеткен. 

     Қарастырылып  отырған    кезеңдегі    қал    қҧрылысының  қҧрылымында  

пайда  болған  жаңа  элемент  мешіт  болып  табылады.  ІХ-ХІІ  ғасырлардағы 

жазбаша  деректемелерде  қалаларды    сипаттаған    кезде  мешіт,  оның    қалада 

орналасуы – баяндаудың міндетті элементі болып табылады. 

      Егер қалаларда мҧсылмандар саны аз болса, олардың қажеттілігін шағын 

дәстҥрлі архитектуралық кешендер қанағаттандырды. Ал дінге  ҧстанатындар 

кӛп  шоғырланған  жерлерде  міндетті тҥрде  ҥлкен  мешіттер  салынды.      ІХ-Х 

ғасырлардағы 

дерек 


кӛздерінен 

христиандық 

шіркеулер 

мешітке  

айналдырылғандығы  белгілі,  Тараз  бен  Меркеде    осылай  болған  еді.  Әл-

Макдиси  еңбегінде  Кедерде    ҥлкен  мешіт  соғылғандығы  жайлы  хабарлама 

сақталған.  Кедермен  салғастырылған  Қҧйрықтӛбедегі  қазба  жҧмысы  кезінде 

дәл  осы  мешіт  қалдықтары  ашылса  керек.  Мешіт  қала    орталығында  ҥлкен 

кӛшелердің  қиылысында  орналасты.  Ерте,  «тӛменгі»  қҧрылыстан  кӛлемі 

22х22х4-5  см  кҥйдірілген  кірпіш  қабырғалары  сақталған.  Ол    тҥгелдей 

бҧзылып алынғаннан кейін оның орнына жаңа  мешіт салынған. «Жоғарғы», 

кейінгі  мешіт  ХІІІ-ХҤ  ғасырлардағы  мҧсылмандық  жерлеу  орындарының 

кірпіштері ретінде  алынғанымен,   негізгі нобайы қалпына келтірілген. Оның 

қалыңдығы  1,5  м  қабырғасы  кҥйдірілген  және  қам    кірпіштермен  ӛрілген. 




 

358 


Мешіттің  сыртқы  қабырғасымен    айналдыра  есептегендегі    аумағы  – 

36,5х20,5 м.  Ол оңтҥстік-батыстан солтҥстік-шығысқа қарай созылып жатыр. 

Солтҥстік-батыс  бӛлігі  жақсы  сақталған,  бҧл  жерден  кҥйдірілген  кірпіштен 

тҧрғызылған 16 негізгі колонна болғаны анықталды; Қысқа қатарда бесеу, ал 

ҧзын  қатарда  10-нан.  Колонналар  арасы  3-3,2  м  аралығында.  Шеткі  базалар 

мен қабырғалар арасы 1,5 м. 

    Қҧйрық  мешіті  бағаналық,  немесе  колонналы  қҧрылысқа  жатады.  Мҧндай 

мешіттердің  аумағы  колонналар  мен    тӛбенің  стандартты  шаршылы  санына 

байланысты  болды,  олардың  арасындағы    кеңістік  3,5  метрден  4,6  метрге 

дейін жетті. 

    Қала ӛмірінде  базар мен сауда  орындарының қҧрылыстары маңызды рӛл 

атқарды.      Қала  ішіндегі  рыноктарды    араб  авторлары  «сҧқ»  және  «асуақ», 

парсылар  «базар»  деп  атады.  Базарлар  шахристан,  рабад  аумғында  да 

орналаса  берді.  әл-Истахри  мәліметіне  қарағанда  Испиджабта  олар  

шахристанда,  ал  ибн-Хаукал  мағлҧматы  бойынша  бҧл  қаладағы  «рыноктар 

мединада да, рабадта да болады». 

    Дереккӛздері  дҥңгіршіктерді  де  жан-жақты  сипаттап  беріп  отырады. 

Оңтҥстікқазақстандық  қалада  олар  пенджаптықтарға  қарағанда  шағын 

базарларды  қҧрамайды,  бір-бірінен  алысырақ  орналасады.  Дҥңгіршік 

еденінде  жер ошақтар болды. Дҥңгіршіктерге  қазылып қойылған  хумдардан 

тҧратын шағын қамбалар жасалынды. 

    Х-ХІІ  ғасырларда  Оңтҥстік  Қазақстан    қалаларында    монша  соғыла 

бастады. Одан сәл бҧрын  оларды Орта Азияда соға бастаған болатын. Ҥлкен 

қалалардағы моншалар  саны  он-ондап есептелінеді. Қоғамдық қҧрылыстар 

арасынан    моншалар  кӛрнекті  орын  алды.  Отырар  рабадынан  ХІ-ХІІ 

ғасырларға  жататын  екі  монша  аршылған.  Сақталуы  нашар  болса  да 

солтҥстік  рабад  аумағындағы    монша  жоспары  айқышқа  (крестке) 

негізделгені  анықталды:  орталық  бӛлмесі  тӛрт  басқа  бӛлмелермен  

жалғасқан.  Дем  алатын  орындары    бар  орталық  залдан  басқа    жуынатын, 

шешінетін,  дем  алатын,  сондай-ақ  қҧдайға  қҧлшылық    ететін  бӛлмелер  де 

болды.  Суды  жылытатын  және  суға    арналған    цистерналар  тҧратын  бӛлме 

моншаның шығыс жағында орналасқан. Ағын су қҧбырлар арқылы бӛлмеден 

тысқары  шҧңқырға   қҧйылды. Монша ыстық ӛткізетін   каналдар кӛмегімен 

жылытылды.  

    Отырар  шахристанындағы    бекініс  қабырғаның    қиындысы  оның  ҤІ-ҤІІІ 

ғасырларда  тҧрғызылып,  ІХ-Х  ғасырларға  дейін  пайдаланылғандығын  

кӛрсетіп  берді.  Пахса  блоктарынан    тҧрғызылған  оның  ені  10  м-ге,    ал 

сақталған  биіктігі  4,5  м-ге    дейін  жетті.  Кейін  қабырғасы  тозып,    кҥл-қоқыс 

тасталатын  жерге    айналады.  ХІ-ХІІ  ғ.  бас  кезіндегі   аршылған  телімдерден  

ол    ҧшыраса  қоймады,  сірә  бҧл  Отырар  бекініс  қабырғасын    моңғолдардың 

қиратқанын айғақтаса керек. 

       Отырар  рабадының  дуалына    тҥсірілген  қима    оның  биіктігі  1м  ҥйінді  

платформасына    тҧрғызылғандығын    кӛрсетіп  берді.  Қабырға  ені  6,2  м  ҥш 

қатар  шикі    кірпішке  негізделді.  Кірпіш  қаламаларының    жанына    пахса 




 

359 


блоктары  (әр  жағына  екі-екіден)  орналасты  да,  аралары  қҧрлыс 

қалдықтарымен, топырақпен  толықтырылды. 

    Х 

ғасырдағы 



Баба-Ата 

шахристанының 

екі 

қатарлы 


дуалы 

кірпішпенӛрілгендігі анықталған. Бҧрынғы жалпақ дуал мен  кірпіш қабырға  

арасы  қҧрылыс  қоқыстарымен    тығыздалып  толтырылған.  Дуалдың  жиегіне 

кірпіштен  жақтау  жасалынған.  Баба-Ата  мҧнаралары  сегіз  қырлы    қҧйма 

негіз  ҥстіне  шикі  кірпіштен  тҧрғызылған.  Мҧнаралардың  біреуі  толық 

аршылды.  Оның  биіктігі  5,1  м,  жоғарғы  диаметрі  3,4  м,    тӛменгісі  4,6  м. 

Мҧнараның  ішінде  бҧрыштары  дӛңгелетілген  ҥш  бҧрыш  тҥрінде  бӛлме 

орналасқан.  Бӛлменің  тӛбесі    жалпақ  етіп  жабылған.  Мҧнараның  тӛбесінде  

дуалдағыдай жасалған  жақтаулар бар. 

    Жалпы  алғанда,  ІХ  ғасырдың  орта  шенінен  ХІІІ  ғасырдың  басына  дейінгі 

кезеңде Қазақстан қалаларының қҧрылысында елеулі ӛзгерістер болған, олар 

рабадтардың  қалыптасуынан,  махаллалар  кӛлемінің  ҧлғаюынан  кӛрінеді. 

Сонымен  бірге  кӛптеген  қалаларда  қамалдар  (цитадель)  салудың  сипаты  

ӛзгереді.  Мешіттер  мен  қоғамдық  моншалар  қала  қҧрылымындағы    жаңа 

элементтер болды. Қорғаныс бекіністері неғҧрлым мықты бола  тҥседі.  

   Оңтҥстік-Батыс  Жетісуда  да  қамал  қҧрылыстарында  ӛзгерістер  байқалады. 

Қызылӛзен  қала-жҧртының  қамалында,  ҤІІІ-ІХ  ғасырдың  бірінші  

жартысында мықты бекіністі сарай кешенінің тӛңірегінде қарапайым  тҧрғын 

ҥй  салынған.  Степнинскоенің    Ақтӛбе  қала-жҧртының  қамалында  қалалық 

бай  қоныс-жай  (усадьба)  мен  монша  болды.  Тараздың  қамалынан  да  Х-ХІ 

ғасырлардағы моншаның орны аршылды. 

     Солтҥстік-Шығыс  Жетісуда  Талғар  қаласының    жҧртын  қазу  жҧмыстары  

оның  қҧрылысында    жекелеген  махаллаларды  анықтауға  мҥмкіндік    берді. 

Кӛлемі  4000  шаршы  метр  болатын  ХІ-ХІІ  ғасырдың  басындағы    махалла 

толық  аршылды.  Ол  ҥлкен  кӛшенің    учаскесін  біріктірген    және  қалған 

қҧрылыстан 

шеткі 

ҥйлердің 



бҥйірдегі 

қасбетінің 

саңылаусыз 

қабырғаларымен  оқшауланған  ҥйлерден  тҧрған.  Ҥйлердің  шағын  кӛшелерге  

шығатын есіктері бар, ал  бҧл телімдегі ондай ҥйлердің саны 12-14. 

     Талғар  махалласын  Қҧйрықтӛбенің  уақыты  жағынан  сәйкес  келетін 

махаллаларымен  салыстырғанда  алғашқысының  кӛлемі  ҥлкен  екені 

аңғарылады.  Махалладағы  ҥйлер  саны  бірдей  болмағанымен,  Талғардағы 

махалла  алып  жатқан  телім  4  еседей  ҥлкен.  Мҧны  Іле  қалаларының 

ерекшеліктерімен  тҥсіндіруге болады, олар жерге кӛшпелілер мен жартылай 

кӛшпелілердің  отырықшылануы  нәтижесінде  пайда  болған  және  олар  ӛз  

қҧрылысында    бҧрынғы  ӛмірінің    кӛптеген  белгілерін  сақтап    қалған,  атап 

айтқанда, ҥйлердің қасында мал ҧстайтын ҥлкен аулалар болған. Сірә, Талғар 

махаллалары  да,  жоғарыда  Оңтҥстік  Қазақстан  қаласына  байланысты  

жазылғанындай,  туысқандар  ҥйлері  тобының  шоғырлануы  сияқты 

қалыптасқан  болса  керек.  Олар  туыс  және  ортақ  бір  атадан  шыққан 

әулеттердің ҥйлері болған. 

       Солтҥстік-Шығыс  Жетісу  қалалаларының    бекіністерін  зерттеу  Талғар 

дуалының  таспалау  әдісімен  саз  балшықтан  тҧрғызылғанын  кӛрсетті.  Дуал 

табанының ені  7 м, сақталған биіктігі 4 метрге дейін жетеді. 




 

360 


   Сҥмбе  қаласы  жҧртының  дуалдарына  да  осындай  қҧрылым  тән.  Дуалдың  

табанына  қойтастар  қаланған.  Олардың  арасы  балшықпен  толтырылған,  ал 

дуалдың  жоғарғы  жағы  қалыңдығы  20  сантиметрге  дейін  жететін  балшық 

қабатымен  биіктетілген.  Балшық  дуалдың  екі  жағынан  да  алынған,  бірақ  

кӛбіне  ол  сырт  жағынан  алынып  отырған,  мҧның  ӛзі  дуал  салумен  бір 

мезгілде ор  қазуға мҥмкіндік берген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет