ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
146
147
Білім берудің заманауи әдістемелері мен технологиялары/
Современные методики и технологии обучения /Modern methods and technologies of teaching
2.
Цифрлық білім беру құралдары.
Цифрлық құралдардың білім беру-
ге енуі. Білім беруде пайдаланылатын
аудиовизуалдық және техникалық құрал-
дардың түрлері.
Мультимедиа
технологиялары және
құралдары. Виртуалды және толықтырылған
нақтылық құралдары. Цифрлық робототех-
ника. Цифрлық модельдеу технологиялары.
Білім берудегі 3D-модельдер және көлемдік
басу.
Білім беруде қолданылатын телекомму-
никациялық құралдар. Цифрлық коммуни-
кация құралдарын оқыту және тәрбиелеу
барысында тұлғааралық қатынас жасау үшін
пайдалану.
3.
Білім беруді ақпараттандыру техноло-
гиялары.
Ақпаратты сақтау және ұсыну техно-
логиялары. Білім берудегі бұлттық тех-
нологиялар. Білім берудегі үлкен дерек-
тер технологиялары. Оқу материалын
ұсынудың гипермәтіндік технологиялары.
Гиперсілтемелер. Гипермәтіннің апараттық
мақалалары. Гипермедиа құралдары.
Ақпараттық модельдеу технологиялары.
Ақпарат
табыстау
технологиялары.
Жергілікті
және ғаламдық компьютерлік
желілер. Компьютерлік желілердің ресур-
стары оқыту құралы ретінде. Оқу үрдісінде
пайдаланылуы ойға қонымды Интернет
ресурстары. Білім беру Интернет-пор-
талдары. Интернет арқылы алынатын ау-
дио- және бейнеақпаратты жаңғыртудың
ерекшеліктері.
Арнайы қажеттіліктері бар адамдарды
оқытудағы заманауи ақпараттық технологи-
ялар.
4.
Білім беру қызметінің әр алуан түрлерін
цифрландыру.
Оқу үрдісіндегі цифрлық технологиялар.
Цифрлық оқыту құралдарының түрлері және
жіктемесі. Цифрлық оқыту құралдарын
жасауға және қолдануға қойылатын талап-
тар. Цифрлық
оқыту құралдарының сапа-
сын бағалау. Білім беруде қолданылатын
цифрлық құралдарды сараптау әдістері және
технологиялары.
Күндізгі және қашықтықтан оқытуды
ақпараттандырудың ерекшеліктері мен
әдістері.
Цифрлық
құралдарды
қолданудың
негізінде оқытуды дараландыру және сара-
лау. Тұлғаға бағдарланған оқытуды ұйымдас-
тырған кезде цифрлық технологиялардың
артықшылықтарын пайдалану. Білім беруді
ақпараттандыру жағдайларында ұйымдас-
тырылған тұлғаға бағдарланған оқытуға
қойылатын әдістемелік талаптар.
Оқыту
нәтижелерін бақылауды және
өлшеуді ақпараттандыру. Цифрлық бақылау
және өлшеу құралдары. Бақылау-өлшеу
материалдарын жасауға және қолдануға
қойылатын талаптар. Оқыту нәтижелерін
бақылауды және өлшеуді ақпараттандыру
әдістері.
Оқудан тыс іс-әрекетті ақпараттандыру.
Ғылыми және әдістемелік зерттеулерді
ақпараттандыру. Ғылыми-зерттеу қызметіне
арналған цифрлық құралдардың түрлері
және жіктемесі. Білім беру ұйымдарында
ғылыми зерттеулерді ақпараттандыру әдіс-
тері.
Білім беру ұйымының ұйымдастыру-
басқарушылық қызметін ақпараттандыру.
Ұйымдастыру-басқарушылы
қызмет
үшін цифрлық құралдардың түрлері және
жіктемесі.
Білім беру ұйымының кітап-
ханасындағы цифрлық технологиялар.
Оқытушының қызметін ақпараттандыру.
Білім беру қызметін есептеу, жоспарлау
және әкімшілік ету. «Виртуалды» білім
беру ұйымдары. Ата-аналармен жұмыстағы
цифрлық технологиялар.
5.
Цифрлық оқыту және тәрбиелеу құ-
ралдарының мазмұндық толымдалуын
іріктеу және қалыптастыру.
Білім беру саласы және пәндік сала-
лар. Гипермәтіндік презентация жасау.
Гипермәтіндік мақала мазмұнын дұрыс
қалыптастыру қағидалары. Презентациялар-
да Интернет-ресурстарды пайдалану.
6.
Цифрлық білім беру ортасы
.
Жоғары
оқу орнының және мектептің
цифрлық білім беру ортасы түсінігі. Цифр-
лық білім беру ортасын қалыптастыру
факторларының жүйесі. Оқу үрдісін цифр-
лық білім беру ортасының компоненттерін
пайдалана отырып ақпараттандырудың ерек-
шеліктері. Ұтқыр білім беру технологиялары
және әдістері.
Ақпараттық білім беру кеңістігі цифрлық
білім беру орталарының жүйесі ретінде.
7. Педагогтардың цифрлық технология-
ларды кәсіби пайдалануға дайындығы.
Педагогтардың білім беруде цифрлық
құралдарды пайдалануға дайындығын қа-
лыптастыру факторлары. Педагогтарды
білім беруді ақпараттандыру саласында да-
ярлау жүйесі. Педагогтарды цифрлық уни-
верситетте даярлау.
Екі курстың да үлгілік мазмұнын салысты-
ру олардың
қайталанбайтыныдығын және
бір бірін толықтыратындығынкөрсетіп отыр.
Оларды оқыту аясында студенттер – болашақ
педагогтар жиынтығында цифрлық техноло-
гияларды пайдалану және өздерінің кәсіби
педагогикалық қызметін цифрлық техноло-
гияларды жаппай енгізу жағдайларында іске
асыру саласында білімдер мен біліктіліктер
ала алады. Бұл ретте екі курстың да мазмұны
инвариантты, педагогтарды және педагог-
психологтарды даярлаудың бейінімен және
мамандануымен ешқалай байланыспаған бо-
лып табылады. Ұсынылып отырған түрінде
мұндай курстар жүйесі ҚазҰПУ-де барлық
бакалаврларды – болашақ педагогтарды да-
ярлау аясында іске асырыла алады.
Төмендегі кестеде іске асырылып отыр-
ған «Ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологиялар» курсының және ұсынылып
отырған «Білім берудегі цифрлық техноло-
гиялар» курсының мазұнының үзінділері
келтірілген, оларды салыстыру екі пәннің де
мазмұнының бір мезгілдегі сабақтастықпен
қиылысуларының
жоқ екендігін айқын
көрсетіп отыр (1-ші кесте).
Кесте 1
–
Достарыңызбен бөлісу: