Студенттің өзін
-
өзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер
1.
Белоктық коэффицент деген не? Ол нешеге тең? Не үшін анықталады?
2.
Аланилцистеилглицин трипептидін жазыңыз. Осындай екі трипептидті дисульфидтік
байланыспен байланыстырыңыз.
3.
Осы амин қышқылдарынан түзілген белоктың қасиеті қандай болады? Пептидтік
байланысты көрсетіңіз. N– және С-шетін көрсетіңіз.
4.
Белоктың ИЭН-сі рН= 3,5; 6,5; 9,0; шамаларына тең болғанда, ол қандай қасиеттерге
(қышқылдық, негіздік) ие болады?
5.
Казеиноген белогының ИЭН-сі рН- 4,7. Қандай жағдайда (рН- 3,7; 4,7; 8,0) осы
белок тұнбаға тез түседі, неге?
6.
Белоктың жалпы формуласы
30
R
NH
2
COOH
осы белок қандай қасиетке ие? рН= 4,7; 7,0; 10 шамаларына тең болғанда,
белок заряды қандай болады? Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын
анықтаңдар.
7.
Белоктың жалпы формуласы
R
NH
2
COOH
NH
2
Осы белок қандай қасиетке ие? ИЭН-сі қай ортада? Нейтрал ортада заряды
қандай? Осы белоктың құрамына кіретін аминқышқылдарын анықтаңдар.
8.
Белоктың жалпы формуласы
R
NH
2
COOH
COOH
Осы белок қандай қасиетке ие? рН-тың мәні қай шамада бұл
нейтралды болады. Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңдар.
9.Фен- вал-асп- гли- гис амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын белоктың
біріншілік құрылымының үзіндісін жазыңыз. Жоғарыдағы полипептид тізбегіндегі
соңындағы амин қышқылдарын анықтаңыз.
10.
Белоктың біріншілік, екіншілік, үшіншілік құрылымдары немен қамтамасыз етіледі.
11.
Полипептидтік тізбегінде амин қышқылдары орын ауыстырса, белок қандай
өзгеріске ұшырайды?
12.
Глобулярлы, фибрилярлы белоктардың полипептид тізбегінің конфигурациясы
қандай (үшіншілік құрылым) ?
13.
Төртіншілік құрылымы бар белоктарға мысал келтіріңіз.
14.
Жеке белоктардың физико-химиялық қасиеттері немен түсіндіріледі?
15.
Орта рН-ның мәні қандай болғанда белоктар тұнбаға тез түседі?
16.
Белоктардың денатурациясының механизмі белоктардың тұнбаға түсуінен
айырмашылығы неде?
17.
Белок гидролизі, оның түрлері. Гидролиз сатыларын қандай реакциялар арқылы
анықтауға болады?
18.
Зерттелетін ерітіндімен сапалық реакцияларды жасағанда анықталды:
биурет реакциясы – оң
31
нингидрин реакциясы –оң
Шульце-Распайль реакциясы – теріс
Адамкевич реакциясы – теріс
Сапалық реакцияға қарап қандай қорытындыларды шығаруға болады?
19.
Екі ерітіндімен түрлі-түсті реакцияны жасағанда анықталды:
бірінші ерітіндіде
екінші ерітіндіде
биурет реакциясы
оң теріс
нингидрин реакциясы
оң оң
Фоль реакциясы
оң оң
Қандай қорытынды шығаруға болады?
20.Белок ерітіндісіне қаныққан (NH
4
)
2
SО
4
ерітіндісінің тең көлемін қосқанда тұнба пайда
болды. Қандай белок тұнбаға түсті?
21. Белоктың қышқылдық гидролизінің сатысын анықтаңыз, егер:
а) биурет реакциясы - күлгін түс
(NH
4
)
2
SО
4
тұздалу реакциясы – тұнба
б) биурет реакциясы- әлсіз күлгін түс
(NH
4
)
2
SО
4
тұздалу реакциясы – тұнба жоқ болса.
22.Биохимиялық
зерттеулерде
биологиялық
материалда
төмен
молекулалық
қосылыстарды анықтаудың алдында әдетте ерітіндіден белоктарды бөліп шығарады. Ол үшін
үшхлорсірке қышқылын (ҮХС) жиі пайдаланады. ҮХС қалай әсер етеді?
23. Стоматологияда мышьяк ангидридін ұлпаның некрозын тудыру үшін қолданады. Бұл
әсері неге байланысты?
24. Рибонуклеаза ферментіне мочевинаны қосты. Фермент денатурацияға ұшырай ма
және оның активтілігі жоғала ма? Неге?
25. Ауруда тромб түзуге бейімділік бар. Гликозамингликандардың қандай өкілін
тромбоздарды емдеу және алдын алу үшін қолдануға болады?
26. Сүтті қайнатқанда оның бетінде жұқа қабыршық пайда болды,27 оның құрамына
қандай белоктар кіреді және қайсысы ерітіндіде қалады, неге? Егер сүттің рН қышқыл жаққа
ауысса, жағдай қалай өзгереді?
27. Науқастан анализге алған қанды центрифугада айналдырғаннан кейін, плазманың түсі сүттің
түсіне ұқсас болды. Қандай липопротеидтер осындай түсті қамтамасыз етеді және бұл қан туралы не
айтуға болады?
|