Убихинон (КоQ)
Убихинон химиялық табиғаты бойынша бүйір изопрен тізбегі бар хинон болып табылады,
адам мен жануарлардың убихинонының құрамында 10 изопрен қалдығы бар. Убихинон
қайтымды тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады және митохондрияның тыныс алу
тізбегінде дегидрогеназалардан цитохромдарға электрондар мен протондарды тасымалдауға
105
қатысады. Убихинон митохондрия мембраналарында кездеседі, ол өзінің майда жақсы еритін
қасиетінің арқасында мембрананың липидтік қабаты арқылы сутегін тасымалдайды.
КоQ организмде синтезделеді, оның адамға қажеттілігі белгісіз. Дегенмен кейбір
патологиялық жағдайларда: бұлшық ет дистрофиясында, жүректің жиырылу қызметі
бұзылғанда, анемияның кейбір түрлерінде убихинонды қолдану тиімді болып саналады.
Дәрілік заттар ретіндегі витаминдер.
Адамның витаминдерге деген физиологиялық қажеттілігін қанағаттандырудың тиімді
жолы
тағамға
поливитаминдік
комплекстерді
немесе
құрамында
витаминдердің
концентраттары бар биологиялық қоспаларды енгізу болып табылады.
Студенттің өзін-өзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер
1. а) алиментарлы және ә) екіншілік витамин жетіспеушілігінің пайда болу себептері мен
механизмдері.
2. Витаминдердің жіктелуі қандай принципке негізделген?
3.
Суда және майларда еритін витаминдерді атаңыз.
4.
Организмді витаминмен қамтамасыз етудің бұзылысына байланысты аурудың үш түрін
атап, оларға сипаттама беріңдер. «Полиавитаминоз» термині нені білдіреді?
5.
Антивитаминдер дегеніміз не? Олардың әсер ету механизмі қандай? Бірнеше
антивитаминге мысал келтіріңіз.
6.
Организмде витаминдер қандай функция атқарады? Олардың ферменттермен
байланысын көрсетіңіз.
7.
В
1
витамині мен кетоқышқылдарының декарбоксилазалары арасында қандай байланыс
бар?
8.
Кокарбоксилазаның формуласын жазыңыз, оның құрамына қандай витамин кіреді?
9.
ПЖҚң тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз, берілген реакцияға қандай
витаминдердің қатысатынын көрсетіңіз.
10.
Коферменттерінің құрамында В
2
витамині бар ферменттерді атаңыз. Олар қандай
реакцияларға қатысатынын көрсетіңіз.
11.
Никотинамидтің формуласын жазыңыз, одан түзілетін коферменттерді атаңыз. Аталған
коферменттер қатысатын реакцияларды жазыңыз.
12.
В
с
және В
12
авитаминозы қалай аталады? Бұл жағдайда қандай ферменттердің
функциялары бұзылады?
13.
Құрамында Н витамині бар ферменттер қай класқа жатады?
14.
С витамині қандай биологиялық әсер көрсетеді?
15.
Р витамині қандай роль атқарады?
106
16.
Сәбидің басы үлкен және қарны қампиған, тістерінің дамуы бұзылған, тіс жаруы
кешеуілдеген. Осы жағдай қандай витамин жетіспеуінен байқалады?
17.
Науқаста ксерофтальмия, яғни көздің қасаң қабығының тұмандануы, кератомаляция –
көздің қасаң қабығының жұмсаруы, қараңғыда көзінің көруі нашарлайды. Бұл жағдай қандай
витаминнің жетіспеушілігі кезінде байқалады?
18.
Қандай витаминнің жетіспеушілігі кезінде мембраналардың тұрақтылығы бұзылуы
мүмкін, эритроциттердің гемолизге ұшырауы, ұрық бездерінің атрофиясы, жүкті әйелдің
ұрығының ыдырауы, бұлшық ет дистрофиясы, жасушаішілік азотты компоненттер мен бұлшық
ет белоктарының азаюы, бауыр некрозы, ми бөлімдерінң жұмсаруы байқалады?
19.
Қандай витаминнің авитаминозы кезінде паренхималық капиллярлық қан ағу
(мұрыннан қан кету, ішке қан кету) байқалады?
20.
Қандай витаминдердің артық мөлшері гипервитаминозға ұшыратады?
21.
Триптофанның декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Бұл реакцияны қандай фермент
катализдейді? Осы ферменттің құрамына кіретін витаминді атаңыз.
22.
В
6
авитаминозы кезінде қандай ферменттердің функциясы бұзылады? Неліктен? Осы
ферменттердің катализдік әсері.
23.
Құрамына РР витамині кіретін ферменттер катализдейтін кез келген реакцияны жазып
беріңіз. Бұл қандай ферменттер?
24.
B
12
авитаминозы кезінде қандай ферменттердің функциясы бұзылады? Осы
ферменттердің катализдік әсері.
25.
α-кетоглутар қышқылының тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Осы
реакцияны катализдейтін ферменттердің құрамына қандай витаминдер кіреді?
26.
В
с
и В
12
авитаминозы қалай аталады? Бұл жағдайда қандай ферменттердің қызметі
бұзылады, С витамині қандай әсер көрсетеді?
27.
Ішегінде құрты бар балалардың өңі бозарған, гемоглобин мөлшері төмен. Мұны қалай
түсіндіруге болады?
28.
Қан сарысуында пирожүзім қышқылының мөлшері артып, ол зәрде де пайда болған. Бұл
жағдай қандай витаминнің авитаминозы кезінде байқалады?
29.
Науқаста амин қышқылдарының алмасуы бұзылған, жүйке жүйесінің зақымдануы, РР
витаминімен емдеуге келмейтін дерматит. Науқасқа қандай витамин берген жөн?
30.
Науқаста перинциозды анемия. Мұны қай витаминнің жетіспеушілігімен түсіндіруге
болады?
31.
Науқастың кешқұрым көзі көрмейді. Терісі құрағап, түлеген, көздің қасаң қабығының құрғауы
байқалады. Мұны қай витаминнің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады? Берілген витаминнің
химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері және табиғатта таралуы.
107
32.
Науқас сәбидің басы үлкен, еңбегі қатпаған, қарны үлкейген, тістерінің шығуы
кешеуілдеген. Ауруға диагноз қойыңыз. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген
витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта
таралуы.
33.
Науқас әйел бұлшық еттерінің әлсіздігіне, бірнеше рет түсік тастағанына
шағымданады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты
туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
34.
Науқастың мұрны қанайды, асқазан-ішек жолдарынан қан кетеді. Хирургиялық
операция кезінде көп қан кетеді. Бұл жағдай қандай витаминнің жетіспеушілігінен болады?
Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік
қажеттілігі және табиғатта таралуы.
35.
Науқастың психикасы бұзылған, есте сақтауы нашарлаған, сандырақ, асқа тәбетінің
болмауы, жүрек қағысының жиілеуі, жүрек аймағының ауыруы, шеткі жүйке жүйесі бойынша
ауырсыну, балтыр бұлшық етінің ауыруы байқалады. Науқасқа диагноз қойыңыз. Қандай
витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері,
тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
36.
Науқастың тілінің және ернінің кілегей қабықтарында қабыну үрдістері (ашық қызыл
түсті), езуінде сызаттар бар, көздің қасаң қабығында қабыну үрдістері мен васкуляризация,
катаракта байқалады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық
табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
37.
Науқаста фоль қышқылымен емдеуге келмейтін дерматит (терісінің қабынуы). Қандай
витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін
сипаттаңыз, осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
38.
Науқаста асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеген, фоль қышқылымен емдеуге
келмейтін анемия. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық
табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және
табиғатта таралуы.
39.
Науқас ашуланшақ, басы айналады, іші өтеді, іші бүріп ауырады, бет, мойын, қол терісі
симметриялы түрде зақымданған. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің
химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі
және табиғатта таралуы.
40.
Науқас сульфаниламидті препараттар мен антибиотиктерді көп қабылдағандықтан,
дерматит (бүкіл денесі қызарып, қабыршақтанған) дамыды, шашы түсіп, тырнақтары
зақымданды. Егер В
5
и В
б
витаминдерімен емдеу нәтиже бермесе, қандай витаминмен емдеуге
болады? Берілген витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, осы
108
витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
Достарыңызбен бөлісу: |