9.Липопротеидтер, құрылымдық және тасымалдаушы, құрылысы.
Липопротеидтер
– липид-белокты комплекстер, олардың құрамына әр түрлі липидтер
40
кіреді. Атқаратын қызметіне қарай: құрылымдық липопротеидтер және транспорттық болып
жіктеледі. Құрылымдық липопротеидтер – биомембрана, эндоплазмалық тордың және
клеткадағы басқа органоидтардың құрамында кездеседі. Тасымалдаушы липопротеидтер
құрамына кіретін липидтерге байланысты үш түрге: тығыздығы өте төмен
липопротеидтер(ТӨТЛП), тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП), тығыздығы жоғары
липопротеидтер (ТЖЛП) бөлінеді. Олар бауырда синтезделіп, ерімейтіән липидтерді
тасымалдауға қатысады.
10.Тыныс алу ферменттері, құрылысы, өкілдері, олардың маңызы.
Тыныс алу ферменттері
тотығу – тотықсыздану реакцияларына қатысып, ағзаны
энергиямен қамтамасыз етеді. Оларға: флавопротеидтер, цитохромдар, каталаза,
пероксидаза жатады.
11.Нуклеопротеидтер, жалпы құрылыс ерекшелігі, рөлі.
Нуклеопротеидтер – күрделі белоктар, молекула құрамында көп мөлшерде фосфор
қышқылының
қалдығы
болғандықтан,
әлсіз
қышқылдық
қасиет
көрсетеді.
Нуклеопротеидтер суда, сілті ерітінділерде ериді, молекулалық массасы бірнеше миллион
немесе тіпті миллиард дальтонға дейін жетеді.
Нуклеопротеидтердің молекуласы жай белоктан және простетикалық топтан тұрады.
Простетикалық тобы нуклеин қышқылы. Нуклеопротеидтер тірі организмде маңызды рөл
атқарады. Жасушада, тіндерде жүретін барлық белоктардың синтезіне тікелей
қатысады, белоктардың ерекшелігін, құрылысын, қасиеттерін қамтамасыз етеді. Көбею
процесіне қатысады, тұқым қуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.
Нуклеопротеидтердің құрамына қандай нуклеин қышқылы кіретіндігіне байланысты
дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып
бөлінеді.
Жануарлардың нуклепротеидтерінің құрамында гистондар көп, ал теңіз
жануарларында протаминдер көп. Аз мөлшерде альбуминдер, глобулиндер кездеседі.
ДНҚ-ны қорғауда гистон белоктарының маңызы үлкен, хромосоманың құрылымын
сақтап тұру ықпалын тигізеді, гендердің экспрессиясын реттеуге қатысады.
Нуклеопротеидтің құрамына кіретін гистонға жататын белоктар ферменттік қасиет
көрсетеді.
41
Н У К Л Е О П Р О Т Е И Д Ы
Простые белки
Нуклеиновые кислоты
(полинуклеотиды)
(протамины, гистоны,
альбумины, глобулины)
n(нуклеотиды)
(нуклеозидфосфорные кислоты)
нуклеозид
фосфорная кислота
основание
пентоза
пуриновые
пиримидиновые
рибоза
дезоксирибоза
аденин
гуанин
урацил
тимин
цитозин
Достарыңызбен бөлісу: |