Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


әдет-ғұрпы  гасырлар бойында  қалыптасады.  Ойын-сауық



Pdf көрінісі
бет125/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

әдет-ғұрпы 
гасырлар бойында 
қалыптасады. 
Ойын-сауық 
көңіл көтеруге жақсы. 
Бұл сөйлемдегі 
әдет-
ғұрып, ойын-сауық 
деген қос сөздер көптік жалғау қосымшасы жалғанбай-ақ 
көптік ұғым береді. 
ғ) Зат есім сөзінің алдында 
көп, әлденеше, талай, бірнеше, бірсыпыра 
деген сияқты көлемдік, мөлшерлік мағынадағы анықтауыштар айтылса да, зат 
есім сөзіне көптік жалғау қосымшасын жалғап айтудың қажеті жоқ. Мысалы: 
Жиналысқа 
көп 
адам жиналды. 
Бірнеше 
күннен кейін студенттер қысқы 
демалысқа шығады
деген сөйлемдердегі 
көп адам, бірнеше күн 
сияқты 
тіркестегі зат есім сөздеріне көптік жалғау қосымшасы жалғанбай-ақ көптік 
ұғым беріліп тұр. 
Ескерту.
Кейде зат есім сөздеріне көптік жалғау косымшасы жалған-
байды. Егер жалғана қалса , ол көптік мағынаны білдірмей, өзге 
грамматикалық түсініктерді білдіру үшін қолданылады: 
1. Жалқы есім сөздеріне (кісі аттары мен тегіне және географиялық 
атауларға т. б.) көптік жалғау косымшасы жалғанбайды. Өйткені жалқы есім 
сөздері өңкей біртектес нәрселердің ішінде бір ғана нәрсеге тағылған арнаулы 
атты білдіреді. Ал көптік жалғау өзі жалғанған сөз арқылы атала-тын нәрсенің 
біреу емес, бірнешеу екендігін білдіреді. Егер жалқы есім сөздеріне көптік 
жалғау қосымшасы жалғана қалса, көптік жалқау қосымшасы көптік ұғымды
білдірмей, сол жалқы есім сөзі және тағы басқалар деген ұғымды білдіріп 


125 
тұрады. Мысалы: 
Бейсендер
 келді 
дегенде көп Бейсеннің келгенін білдірмей, 
Бейсен және басқа адамдардың да келгенін білдіреді.
2. Әдетте көптік жалғау қосымшасы сөзге тәуелдік жалғауы қосымшасы-
нан бұрын жалғанады. Кейде тәуелдік жалғау мен көптік жалғау қосым-
шалары орын ауыстырып та келе береді. Мұндай жағдайда да көптік жалғау 
қосымшасы көптік категорияны білдірмей, 
тағы басқа да
деген ұғымды 
білдіреді. М ы с а л ы: 
Менің апа- жезделерім оқуды бітіріп, қазір жұмыс 
істеп жүр. 
3. Сөйлем ішінде келген бірыңғай мүшелердің көптік жалғау қосымшасы 
барлығына бірдей жалғанбай, кейде алдыңғыларындағы көптік жалғау 
тусіріліп, ең соңғысына ғана жалғанса да болады. Бұл жалпы міндетті ереже 
емес, стильдік жеңілдік туғызу үшін ғана қолданылады. 
Мысалы: Жиналысқа
ұ й ы м , м е к е м е , к ә с і п о р ы н , ет және сүт өндіретін
ш а р у а ш ы л ы қ т а р д ы ң басшылары шақырылды. («Егемен 
Қазақстан»). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет