құм, тас , топырақ, кірпіш түсіріп жатыр. Биыл сұлы, бидай, тары бітік шықты делінеді де,
Құрылыс алаңына құмдар, тастар , топырақтар, кірпіштер түсіріп жатыр. Биыл сұлылар, бидайлар, тарылар бітік шықты деп айтылмайды. Сол сияқты,
Сен шашыңды неге алдырмайсың? деуге болады да,
Сен шаштарыңды неге алдырмайсың ? деуге болмайды. Өйткені
шаш бір талдан тұрмайды, жинақты
нәрсе екені белгілі.
б) Зат есім сөздерінің алдында нәрсенің біреу емес, бірнешеу екендігін
көрсететін сан есім сөздері айтылса, көптік жалғау қосымшасы жалғанбай-ақ,
көптік мағынаны білдіреді. Мысалы:
Біздің қаламызда 2 институт , 3 колледж, 5 мектеп, 6 балабақша бар. Биыл 285 студент оқу үлгерімі бойынша шәкіртақы алып оқитын болады. Бұл сөйлемдердегі
2 институт, 3
колледж, 5 мектеп, 6 балабақша, 285 студент деген тіркестерде көптік
жалғау қосымшалары жалғанбаса да, колледж, мектеп, балабақша,студент
сөздерінің көптік мағынада екендігі белгілі
в) Зат есім сөзінің алдында қайталама қос сөзден болған анықтауышы
болса, зат есімге көптік жалғауы жалғанбайды. Мысалы:
арба-арба астық, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы. т. т.
г) Қейбір қос сөздердің өздері де көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік ұғым
береді. Мысалы:
Белгілі бір халықтың