р, у,
й
дыбыстарына
аяқталса, көптік жалғау қосымшасы
–
лар,
- лер
түрінде жалғанады.
Мысалы:
бала + лар,іні-лер,ер-лер, тау-лар, үй-лер;
ә) түбір сөздің соңы ұяң
з, ж
дыбыстары немесе үнді
л, м, н, ң
дыбыстары
болып келсе, оларға көптік жалғау қосымшасы
–дар,-дер
болып жалғанады.
Мысалы:
қыз+дар, ұл+дар,біз + дер, _ел + дер, киім+дер, тон + дар, өзен +
дер, аң + дар, колледж-дер;
б) сөздің түбірі қатаң дауыссыз дыбыстардың біріне бітсе, көптік жалғау
қосымшасы
–тар,- тер
түрінде жалғанады. Мысал
ы:студент-тер, мектеп +
тер, дос-тар, кітап-тар;
Көптік категория үнемі түбір сөзге көптік жалғауын жалғау арқылы
көрінбейді. Кейде көптік жалғауы сөзге жалғанбай-ақ, мынау сияқты
жағдайларда көптік ұғымын беруге болады:
а)
ел
,
халық аттарын білдіретін, жинақтық ұғымы бар сөздер көптік жалғау
қосымшасынсыз-ақ көптік мағынада қолданыла береді. Мысалы:
Бұл
колледжде орыс та, қазақ та, қырғыз да, өзбек те оқиды.
Бұл сөйлемдегі
орыс, қазақ, қырғыз, өзбек
деген сөздер сол халықтардан бір-бір адам бар
деген ұғым емес, тұтас ұлт түсінігінде, жинақтық ұғымда келіп, көптік
мағынада қолданылып тұр.
ә) Талдап не даралап санауға келмейтін ұсақ нәрселердің аттарын білді-
ретін сөздерге көптік жалғау қосымшасы жалғанбай-ақ, жинақтық ұғым
береді. Мысалы:
құм, тас, топырақ
,
ұн, бидай, тары, шөп, шаш
тағы
басқалар. Сондықтан да:
Құрылыс алаңына
Достарыңызбен бөлісу: |