137
портфель. (Б. С.)
3)
Кермеде
ат байлайтын бос орын жоғын көрді де,
Баршагүл оқшау жалғыз еменнің түбіне кеп түсе қалды. (Ғ. Сл.)
Бірінші
сөйлемдегі
қалада,
екінші сөйлемдегі
мойнымда, қолымда,
үшінші сөйлемдегі
кермеде
деген жатыс жалғаулы сөздер мекендік ұғым беріп тұр.
Жатыс септік жалғаулы сөз к і м д е ? н е д е ? қ а й д а ? деген сұрақ-
тардың біріне жауап береді.
Жатыс септіктің қосымшасы мыналар:
-да, -де
,
-та, -те, -нда, -нде.
Бұл
жалғаулар буын үндестігі бойынша сөздің соңғы буынының әуеніне
қарай
жуан буыннан кейін
-да, -та
,
-нда
( қала-да, жұмыс-та, бақшасы-нда)
түрінде жалғанады да, жіңішке буыннан кейін
-де
,
-те,
-
нде
(үй-де, кереует-
те, бөл-месі-нде)
түрінде жалғанады.
Жатыс септік қосымшалары дыбыс үндестігі бойынша
сөздің соңғы
дыбысының әуеніне еріп, мына сияқты болып кұбылып жалғанады:
1)
Сөздің соңы не дауысты, не үнді, не ұяң
з, ж
дыбыстары болса, жатыс
септік
жалғауы
-
да,
-де
(дала-да, ауыл-да, мұз-да, кеме-де, ел-де, үй-де)
түрінде жалғанады.
2) Сөздің соңы қатаң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, жатыс септік
жалғау қосымшасы
-та, -те
(сабақ-та, жұмыс-та, кітап-та,сурет-те,
кабинет-те,)
түрінде жалғанады.
3) Тәуелдік жалғаудың III жағынан кейін жатыс
септік жалғауы
-нда, -нде
(баласы-нда, қаласы-нда, ауданы-нда, бөлмесі-нде, үйі-нде)
түрінде
жалғанады.
Жатыс жалғаулы сөз к і м д е ? н е д е ? деген сұрақтарға жауап беріп,
сөйлемде толықтауыш болады. Мысалы: 1)
Достарыңызбен бөлісу: