6.
Шығыс септік. Шығыс септік жалғауының зат есім сөзіне жалған-
ғандағы сөздің лексикалық мағынасына қосымша тудыратын грамматика-лық
мағынасы, негізінде, барыс септік жалғауының мағынасына қарама-қарсы
болып келеді. Барыс септік жалғауы қимылдық процестің бет алыс бағытын
білдірсе, шығыс септік жалғауы қимылдың өкше ізін, қайдан басталғандығын
білдіреді. Мысалы:
Олар мектепке кетті. Олар мек-тептпен келді. Сонымен қатар, шығыс септік жалғауы белгілі нәрсенің, заттың неден,
қандай материалдан жасалғандығын білдіреді. Мысалы:
Үйді ағаштан да, тастан да салады. Алтыннан, күмістен істелген бұйымдар өте қымбат болады. Кейін, соң, бері, әрі шылаулары зат есім сөзіне тіркесіп айтылса, зат есім
сөзінің шығыс септік жалғауда тұруын талап етеді.
Әрі, бері шылаулары тіркесіп айтылған шығыс жалғаулы зат есім сөздері
қимылдың орнын, мекенін білдіреді. Мысалы:
Ауылдың барлық бойдақ малы өзеннен әрі өрістеп жайылып барады. Машина жаңа ғана көпірден бері шықты. Бұл сөйлемдердегі
өзеннен әрі, көпірден бері деген сөз тіркестері
қ а й д а ? деген сұраққа жауап беріп, мекендік ұғым береді.
Зат есім сөзіне
кейін, соң шылаулары тіркесіп айтылса, шығыс жалғаулы
сөз қимылдың мезгілін білдіреді. Мысалы,
Жиналыстан кейін ата-аналарға арналған концерт болады. Бүгін сабақтан соң бірінші курс студенттері орталық мұражайға экскурсияға барады деген сөйлемдегі
жиналыстан кейін, сабақтан соң сияқты сөз тіркестері қ а ш а н? деген сұраққа жауап
беріп, мезгілдік ұғым береді.
Шығыс септік жалғаулы сөз к і м н е н ? н е д е н ? қ а й д а н ?