Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет150/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

78-жаттығу:
Септеулік шылаулар мен көмекші есімдерді тауып, олардың қай септіті 
меңгеріп тұрғанына, грамматикалық мағыналарына түсінік беріңдер

1)Алатау жоталарының осыдан жүз жыл, тіпті миллион жыл бұрын да дәл 
осындай асқақтап тұрғанын, бұдан кейін де тұра беретінін, мына бір 
соқтықпалы, бұралаң жолдармен талай ұрпақтың жүріп өтетінін есіне алды. 
Осынау өмірдің хам-қаракеті , жақсылық үшін, ізгілік үшін күрес мұнан кейін 
де тоқталмайды екен ( Қ. Ж. ). 2) Мектептің қасынан әдебиет үйірмесін 
ұйымдастырып еді, кешікпей бұл үйірме аудандағы әдеби орталыққа айналды
( Б. Соқп. ). 3) Менің ұзақ сұқтана қарағанымды байқап қалған екен ( Қ. Н. ).
4) Қыстауға қонғаннан бері , кеш сайын ешкімге білдірмей, елеусіз ғана 
әжесімен оңаша қалады ( М. Ә. ). 5) Енді басқа көш тақаған сайын тау реңі 
ғажап құбылып, өзгеріп барады екен. Бірақ ілгері жүріп, тобықтыға тақаған 
сайын, осы жетек жүзге тарта болды (М. Ә. ). 6) Ақмолада тұратын бай 
саудагер Сейіткамал арқылы жаңа үйге ұсталған кілемдерді де Омар алғызды.
( Ғ. Мұст. ).


58. Тәуелді септеу 
Зат есім сөздері үнемі тәуелдік жалғауы жалғанбаған түрде септеле бер-
мейді, сонымен қатар, тәуелдік жалғауы жалғанған зат есім сөздері де барлық 
септік жалғауларын қабылдап, септеліп отырады.
Сөйтіп, қазақ тілінде септеудің екі түрі бар: 1) жай септеу, 2) тәуелді 
септеу. 
Зат есім сөздерінің тәуелденіп барып септелуін т ә у е л д і с е п т е у
дейді. 
Тәуелді септеудің сөзге жалғанатын қосымшалары жағынан жай септік-тен 
барыс, табыс, жатыс
жалғауларында ғана айырмасы бар да, өзге септік 
жалғауларында ешқандай айырмашылық жоқ. Жоғарыда аталған үш септіктің 
айырмашылықтары мынада:
1.Тәуелді септеудің барыс септік жалғауы І және ІІ жақта 
–а, е 
қалам-а, 
қалаң-а, үйім-е, үйің-е)
түрінде жалғанады да, ІІІ жақта


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет