Туындыетістіктер .Тілдегі қолданылып жүрген етістік сөздерінің
барлығы бірдей негізгі түбір сөздер бола бермейді.Қазіргі қазақ тіліндегі
қимыл, амал, әрекетті білдіретін етістік сөздерінің көпшілігі негізгі түбір
етістіктерден не өзге сөз таптарынан жұрнақ жалғану арқылы жасалған, жаңа
мағыналы туынды сөздер болып келеді.Мысалы:
Сен есікті аш.Биыл қалада жаңадан екі мектеп ашылды.Комиссия тұқым құйған складты ашқызды .Бұл
сөйлемдердегі
аш, ашылды, ашқызды деген етістіктердің түпкі лексикалық
мағынасы бір болғанмен, әрқайсысының семантикалық мағынасы, қимылдың
сапасын, түрін білдіруі бірдей емес;
аш дегенде қимыл, амал аталып, екінші
жақтағы адамға сол қимылды істеу бұйырылып айтылса, ашылды дегенде өз
бастауышының (субъектісінің) қимылы болмай, қайта субъектінің өзі сол
қимылдың әрекетінен туған нәрсе екендігі көрсетіліп тұр. Ал
ашқызды дегенде ашу амалын сөйлемнің бастауышының (субъектісінің) өзі емес, сөзге
біреу арқылы істеткендігі көрсетіледі.
Балтала, ақта, тағала деген етістіктер зат есім, сын есім сөздеріне
жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды етістіктер болып саналады.
Негізгі түбір етістіктерден және басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы етістік сөздерді т у ы н д ы е т і с т і к дейді. Туынды етістіктер қандай сөз табынан жасалуына қарай, екі түрлі болады:
а) етістік негізді туынды етістіктер; ә) есім негізді туынды етістіктер.
а) Етістік негізді туынды етістіктер Бұлар негізгі түбір етістіктерге мына төмендегі сияқты жұрнақтар жалғану
арқылы жасалады:
1) -ын, -ін, -н :
жақ-жағ ын , ки-ки ін , ал-ал ын , тара-тара