183
келуі мүмкін емес.
Бұл сөйлемдердегі
ешқашан, ешқайдан
деген болымсыз-
дық есімдіктер қ а ш а н ? қ ай д а н? деген сұрақтарға жауап беріп пысық-
тауыш болып тұр.
7.
Жалпылау есімдігі. Есім сөздерінің орнына жүріп, жалпылық ұғым
беретін есімдіктің түрін ж а л п ы л а у е с і м д і г і дейді.
Оларға:
бәрі, барлық, барша, бүкіл (бүтін, бүткіл), күллі,
сияқты сөздер
жатады.
Жалпылау есімдігі зат есім сөзінінің алдында келіп, қабыса байланысып,
қ а н ш а ? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болады.
Бәрі, барлық, барша
сөздері тәуелдік жалғауының ІІІ жағында септеліп,
орнына қарай сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметінде де қолданыла береді.
Бәрі,барлық, барша
сөздерінің септелу үлгісі.
Атау
Бәрі
Барлығы
Баршасы
Ілік
Бәрінің
Барлығының
Баршасының
Барыс
Бәріне
Барлығына
Баршасына
Табыс
Бәрін
Барлығын
Баршасын
Жатыс
Бәрінде
Барлығында
Баршасында
Шығыс
Бәрінен
Барлығынан
Баршасынан
Көмектес
Бәрімен
барлығымен
Баршасымен
Тақырып бойынша сұрақтар:
1)
Есімдік қандай сөздер ?
2)
Есімдіктер мағыналық ерекшеліктеріне қарай қаншаға бөлінеді ?
3)
Қандай сөздердің орнына жүретін сөздер жіктеу есімдігі деп
аталады? Оларға қандай сөздер жатады ?
4)
Жіктеу есімдіктерінің септелуінің қандай ерекшеліктері бар ?
5)
Сілтеу есімдіктері қандай сөздердің орнына қолданылады ? Сілтеу
есімдіктері қалай тұлғаланады ?
6)
Сұрау есімдігіне қандай сөздер жатады ?
7)
Өздік есімдігіне қандай сөздер жатады ? Өздік есімдігінің
қолданылуының қандай ерекшеліктері бар ?
8)
Қандай сөздер белгісіздік есімдігі деп аталады ? Белгісіздік есімдіктері
қандай сөзердің орнына жүреді ?
9)
Болымсыздық есімдігі нені білдіреді ? Болымсыздық есімдігіне қандай
сөздер жатады ?
10)Жалпылау есімдігіне қандай сөздер жатады ?
Достарыңызбен бөлісу: