1. Д а у ы с с ы з д ы б ы с т а р д ы ң д а у ы с т ы ң қ а т ы с ы н а
қ а р а й ж ү й е л е н у і
Дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы не мүлде жиыры-
лып тұрады, не сәл ғана керіліп тұрады. Сондыктан ешқандай діріл пайда
болмайды да, дауыссыз дыбыстарда дауыс қатысы болмай, ауыз қуысындағы
дыбыстау мүшелерінің бір-біріне соғылысуынан пайда болған салдыр ғана
болады. Бірқатар дауыссыз дыбыстарда үннің ғана қатысы болады. Сөйтіп,
дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына қарай, ең алдымен, үнсіз және үнді
(сонор) дыбыстар болып екіге бөлінеді. Бұлар өзара тағы да екіге бөлінеді.
Үнсіз дауыссыз дыбыстар: 1) қатаң, 2) ұяң болып; үнді дауыссыздар: 1) ауыз
жолды, 2) мұрын жолды болып жіктеледі.
Дауыссыз дыбыстардың дауыс қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді (сонор )
болып жүйеленуінен дыбыс үндестігі деп аталатын, көрші дыбыстардың
бірінің-біріне тигізген әсерінен пайда болатын ықпал заңдары туады.
Достарыңызбен бөлісу: