Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет192/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

ЕТІСТІК 


 
§ 72. Етістік туралы түсінік 
 
Лексикалық мағынасы, морфологиялық тұлғасы ( жасалуы, тұлғалануы), 
грамматикалық категориялары және синтаксистік қызметі жағынан есімдер-
ден ерекшеленіп қалыптасқан сөз табының бірі-етістік. 
Есім сөздері лексикалық мағыналары жағынан заттың атауын, сынын, 
санын білдіріп келетін болса, етістік сөздері қимылдық процесті, амал-әре-
кетті, қимылдық қалыпты білдіреді. Мысалы, 
бала, арба, ақыл, көз
деген 
сөздер заттың атын білдіріп, зат есім; 
қызыл, ауыр, қатты, ұзын, жақсы 
деген 
сөздер заттың түсін, салмағын, көлемін, сапасын білдіріп, сын есім; 
екі, 
бесінші, он шақты, жетеу 
деген сөздер заттың санын білдіріп, сан есім 
болып тұрса, 
оқы, кел, жаз, ұйықта, күл, сана 
деген сөздер белгілі қимылдық 
процесті, қимылдың қалпын білдіріп,етістік болып тұр. 
Есім сөздері (зат есімдер) семантикалық категориялары жағынан жалпы 
есім мен жалқы есім, деректі мен дерексіз және жинақтық деген сияқты түр-
лерге жіктелсе, етістіктер семантикалық жағынан болымды, болымсыз, негіз-
гі, көмекші, есімше, көсемше, етіс, салт етістік, сабақты етістік болып жікте-
леді. Мысалы: 
бар, кел, жаз
– болымды етістік; 
барма, келме, жазба 
– бол-
ымсыз етістік; 
оқы, сөйле, кес
-негізгі етістік; 
оқыған, келетін, айтар
-есімше 
етістік, 
барып, сөйлей, айта
-көсемше етістік; 
оқы, хатты жаз, ағашты жар 
дегенде 
оқы, жаз, жар
-сабақты етістік, 
сен қал, сен ұйықта, сен күл 
дегенде 
қал, ұйықта, күл
-салт етістік. 
Есім сөздер грамматикалық категориялары жағынан көптеліп, септеліп, 
тәуелденіп тұлғаланатын болса, етістіктер райға, шаққа және жаққа қарай 
жіктеледі. Мысалы: 
жаздым, жазамын, жаз, жазайын, жазу керек, жазса
дегенде жазу қимылы жаққа, шаққа, райға қарай тұлғаланып тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет