189
108-жаттығу
.
Мәтінді оқып шығып,
етістіктерді тауып, олардың қандай сұраққа жауап
беріп тұрғанын және мағыналарын айтыңдар.
Ол жазғы
таңғы ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды.Тасегеннің терістігінен
шығысына қарай жиектеген қан қызыл шұғыла
Қалқан тауының арғы бетінен
иегін артып, көкжиекті тегіс қармай, әлемге шырайын шашап келеді.Өлке беті
тып-тынық.Ауа мұнартпай, ап-айқын ғана мөлдірейді.Айнала
жиегін қызыл
торғынмен көмкерген биязы көк шатыр түні бойы маужырап тұрып, енді
үлпілдей бастады.Шатырдың шығыс жақ табалдырығына
нұрлы сұлу ажарын
айқындап, төңіректей жүріп келе жатты.
Достарыңызбен бөлісу: