ә) есімшенің өткен шақтың жұрнағы жалғанған негізгі етістіктен соң
жоқ,
емес
сөзі көмекші ретінде қолданылады да, жіктік жалғау қосымшасы сол
сөзге жалғанады. Мысалы:
барған жоқ+пын, айтқан жоқ+сың, келген жоқ.
Бұрынғы өткен шақ кейде
–қан, -кен, -ған, -ген
жұрнағы жалғанған
есімше мен
–ып, -іп, -п
жұрнағы жалғанған көсемшеден кейін
е
көмекші
етістігінің өткен шақтық түрі (
едім,едің, еді, едік, едіңдер
) тіркесіп айтылу
арқылы да жасалады. Мысалы:
барған едім, барып едім, айтқан едің, айтып
едің, келген еді, келіп еді т.т.
4. Ауыспалы өткен шақ.Сөйлемдегі өзге сөзге байланысты бірде өткен
шақтық, бірде келер шақтық ұғым беретін етістіктің шағы
а у ы с п а л ы ө т к е н ш а қ деп аталады.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің ауыспалы осы шағынан соң жіктік
жалғау қосымшалары жалғану арқылы жасалады. Мысалы:
бар+а+мын,
кел+е+тін+сің, ойла+й+тын+сыз.
Мен бұрын киноға жиі баратынмын.
Олар ертең келетін.
Бірінші
сөйлемдегі
баратынмын
деген етістік өткен шақтық ұғым беріп тұр, өйт-кені
ол сөйлемдегі
бұрын
деген сөз бару қимылының өткен уақытта болға-нын
білдіреді.Ал екінші сөйлемдегі
келетін
деген етістік келер шақтық ұғым
береді, өйткені ол сөйлемдегі
ертең
деген сөз келу қимылының болашақта
істелетіндігін білдіріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: