2.Мекен үстеулері . Етістіктегі айтылған қимыл, амалдың болып
жатқан, болатын орнын , бағытын білдіретін үстеулерді ң түрі м е к е н
ү с т е у л е р і деп аталады .
Мекен үстеулері
қайда?қайдан?
деген сұрақтардың біріне жауап береді .
Мысалы :
жоғары,төмен,әрі, бері , алда, алға, алдан,артта, үсте, үстен,
мұнда, осында, сонда,ілгері,ілгеріде, кейін,жолшыбай, тұс-тұстан асты-
үстінен ,әлдеқайдан, осылай. т. б.
3)
Мөлшерлік үстеулер. Қимылдың я санның теңдік не көлемдік
мөлшерін, шамасын білдіретін үстеудің
түрін м ө л ш е р л і к ү с т е у
дейді.
Мөлшерлік үстеулер
қанша?қаншалық? қаншама?
деген сұрақтардың
біріне жауап береді. Мысалы :
мұнша, сонша, соншалық, соншама, осынша,
осыншама, анағұрлым, солғұрлым,соғұрлым, әжептәуір, бірен –саран, талай,
бірталай, бірқатар, қыруар, едәуір ,азғантай,осыншалық, мұндайлық т.б
4).
Сын-қимыл (бейнелік) үстеулері. Етістіктегі айтылған қимыл -
амалдың сапалық белгілерін , өту тәсілін , жай-күйін білдіретін үстеу-
лердің түрі сын-қимыл (бейнелік) үстеулері деп аталады.
Сывн-қимыл үстеулері
қалай? қалайша?кімше?
деген сұрақтардың
біріне жауап береді. Мысалы :
әрең, азар, дереу, шапшаң, жылдам, тез, дәл,
әншейін,әскерше, қазақша, адамша, бірге, тікелей, біржола, қолма-қол ,
ауызба- ауыз , емін- еркін, зорға, қапыда, етпетінен, жүресінен, кезекпен,
бекер, бет алды, жатпай-тұрмай, бостан-босқа, емін-еркін, шама-шарқынша
т.б
5).
Мақсат үстеулері. Қимылдың, іс-әрекеттің мақсатын білдіретін
үстеулердің түрі м а қ с а т ү с т е у л е р і деп аталады.
Мақсат үстеулері
неліктен?, не мақсатпен
? деген сұрақтардың біріне жауап
береді.
Мақсат үстеулері өзге топтарға қарағанда сан жағынан өте аз топтың бірі.
Бұларға:
әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана
деген санаулы сөздер жатады.
6).
Достарыңызбен бөлісу: |