Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Келші , қалқам, менің қасыма  отыршы



Pdf көрінісі
бет267/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Келші
, қалқам, менің қасыма 
отыршы
! Қарағым, мына баланы 
риза 
қылшы!
(Ә.Әбішев.).Балам, жөніңді 
айтшы!
 (М.Ә.). 
г) 
-шы, -ші
қосымшасы жалғанған бұйрық рай тұлғалы баяндауыштары 
бар сөйлемдер кейде біреуге сес көрсету, қорқыту мәнінде айтылады:
- Қане, осы баланың бәйгесін 
бермей көрші
! Тапсырманы 
орындамай 
көрші!
(Ғ.Сланов.). 
д) Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғаларынан жасалған баяндауыштары 
бар сөйлемдер ұран, үндеу мағынасында да жұмсалады:
22 Наурыз, көктем
мерекесі 
құтты болсын!
Спортшы жастар, қазақстанның көк байрағын 
олимпиада төрінде 
желбірете беріңдер! 
(«Егемен Қазақстан» газетінен) 
§ 101. Хабарлы, сұраулы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің тыныс
белгілері
1.
 
Хабарлы сөйлемнің соңынан нүкте (.) койылады. Мысалдар: 1) 
Жасы да, 
еңбегі де үлкен. 
2) 
Сол үлкен еңбегі әперген беделі де үлкен еді. 
3) 
Қарауын-
дағы жұмысшылардың бәрі де оның айтқанын заң көретін-ді. 
4) 
Лавада 
жұмыс қызу жүріп жатты. (Ә. Ә.) 
5) 
Ол өзі жастар ұйымының жетекшісі 
болатын. 
6) 
Тац атты. 7) Бүгін күн ешбір оқиғасыз өтті. (В. К.) 
2.
Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі (?) қойылады. Мысалы: 
Маңайлап 
кеп қарап түрған Шәкір мен Мұратты бір кезде Николай Трофимович 
қасына шақырды.

Сендер осы мектепте оқисыңдар ма?

Иә, осында оқимыз, Николай Трофимович.
— 
деді Мұрат.

Менің аты-жөнімді қайдан білесіңдер?
— 
деп, күлімсіреді Николай 
Трофимович.

Білмегенде ше? Біз осындағы шекарашылардың бәрін танимыз.
(Б. Соқп.).
3. Лепті, бұйрықты сөйлемдерден кейін леп белгісі 
(!) 
қойылады. 
Мысалдар: 

Сәтбала, Есігіңді аш! (Ғ. Сл.)

Мамыр біткен биылғыдай болсайшы! 
— 
деді аспанның түнгі көрінісіне 
сүйсінген Қайырбек. (Ғ. Сл.)
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет