ән мен күйге кұмар халық. 2) Еңбек адамды даңққа белейді деген осы. 3) Бұл қасиеттер Қалибекте баршылық («Қ. әд.») 4)- Ойдың көкесі өлеңде болады, бала. (Қ. А.) 5) Ақанның қаһармандық еңбегінен, өмірінен оқы да тоқы, жас өркен. 6) Дүкеншіден басқа жайларды білгісі келетінін байқатты. 7) Зағирамен ақылы қосылып, үй ішін көрсете жүріп, өзара түсініп жатты. 8) Олар мұндай затпен әлдеқашан қамтамасыз етілген. («М. Т.»). Бұл сөйлемдердегі қара әріппен терілген
сөздер к і м г е ? н е г е ? к і м д е ? н е д е ? к і м н е н ? н е д е н ? к і м м е н ? н е м е н ? деген сұрақтарға
жауап беріп толықтауыні болып тұр.
Есім сөздері лексикалық мағыналары жағынан көлемдік, кеңістік,
мезгілдік ұғым беріп, барыс, жатыс және көмектес септік жалғауларының
бірінде айтылып
қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап
беретін болса, пысықтауыш қызметін атқарып тұрады.
Мысалы: 1) Жұрт перронға жапырлай шығып, өзді-өзінің вагонына тартты. 2) Мен оны сонау Шудан алып келдім. 3) Базаралыдай сый қонақты үлкен ықыласпен күткен ажар бар. (М. Ә.) Бұл сөйлемдердегі қара әріппен терілген барыс, шығыс, көмектес септік
жалғауларында айтылған сөздер
қ а й д а ? қ а й д а н ? қ а л а й ? деген
сұрақтарғңа жауап беріп, өздерін меңгеріп тұрған етістіктегі қимыл, амал-
әрекеттің беталыс бағытын, шыққан орнын және қимылдың қалайша өтіп
жатқандығын сипаттап, пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
6. Кейбір есім сөздеріне
үшін, кейін, шейін (дейін), қарай, таман, соң, қабат, қатар, сайын, бірге, ары, бері, арқылы сияқты шылаулардың бірі
тіркесіп айтылу арқылы да пысықтауыш болады.
1)
Қанайдың қорасы керуен қасына келгенге шейін жаң иссінің мекені екендігін білдірмейді. (М. Ә.) 2)
Мен жазбаймын өлеңді ермек