ПЫСЫҚТАУЫШТЫҢ ТҮРЛЕРІ Пысықтауыштар етістік баяндауышпен және етістіктен болған өзге
мүшелермен байланысты болып, етістіктегі қимылдық процесті түрлі жағынан
пысықтап тұрады. Пысықтауыш және онымен байланысты етістіктен болған
мүшелердің арасындағы мағыналық қарым-қатынастардың түріне қарай
пысықтауыштар мына сияқты алты түрге бөлінеді:
1)Мезгіл пысықтауыш. 2). Мекен пысықтауыш. 3). Мақсат пысықтауыш.
4)Сын-қимыл (амал) пысықтауыш, 5) Себеп пысықтауыш. 6) Мөлшер
пысықтауыш.
§ 120. Мезгіл пысықтауыш Етістік баяндауышпен немесе етістіктен болған басқа мүшемен байланысты болып, етістік мағынасындағы қимылдың мезгілін білдіретін пысықтауышты м е з гі л п ы с ы қ т а у ы ш дейді. Мезгіл пысықтауыштар қ а ш а н? қ а ш а н н а н? қ аш а н н а н б е р і? к
а ш а н ғ а ш е й і н? қ а й к е з д е? сияқты сұраулардың біріне жауап береді.
Мезгіл пысыктауыштар төмендегі көрсетілген сөз таптарының мына сияқты
тұлғалық ерекшеліктері арқылы жасалады.
1. Мезгіл үстеулері дара күйінде келіп те, өзге сөздерге тіркесіп айтылып
та мезгіл пысықтауыш болады. 1)
Ертемен жайылып оты қанған бұзаулардың алды жусай бастады. (С. Бег.) 2)
Босағалы бүгін он күн болды. (Ғ. Мүсір.) 3)
Ертеде осы аңгардың кәріне іліккен үлкен көштен бір ит қана тірі қалыпты-мыс. (Ғ. Сл.) 2. Кейбір шақтық, мезгілдік ұғым беретін есім сөздері
(жаз, қыс, көктем, күн, түн, сәске, кеш, күз) түбір күйінде, сондай-ак, барыс, жатыс, шығыс,
көмектес жалғауларының бірінде келіп те мезгіл пысықтауыш болады. 1)
Жаз жайыларсың, қыс қысыларсың. («М. М.») 2)
Түнде шыққа малынған тау қараған адамға бері келе жатқан сықылды. (С. Бег.) 3. Сілтеу есімдіктеріне және