Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет341/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Абай 
(М.
 
Ә.)
4. Қаратпа сөздер адамды білдіретін сөздер мен адам аттары болып, олар 
қарағым, шырағым, қалқам 
сияқты сөздермен тіркесіп айтылса, сөйлемнің қай 
жерінде келсе де, үтірмен бөлініп тасталады. Мысалы: 


1) 
Қарағым Абай-ай, 
бізге берген күнді ана байдың үйінің иті екеш итіне де 
бермесін. 
2. 
Қалқам Әдбіш, 
әжең сені де көп ойлады ғой марқұ м. (М. Ә.)
Ал бұл сияқты кісі аттары мен адамды білдіретін сөздерге тіркесіп қаратпа сөз 
ретінде қолданылатын 
қарағым, шырағым, қалқам 
сөздері бөлініп айтылса, 
бөлініп айтылған қаратпа сөздің екі сыңары да сөйлемдегі өзге сөздерден
үтірмен бөлініп жазылады. Мысалы:
1) —
Балалар
, ана үйде ән салып, даурығып отыр едіңдер ғой, мұнда да 
қымсынатын жер емес, ойнап, ермек етіп отырыңдар, 
шырақтарым! 
2.— 
Телғара
, сені апаң шақырады, 
қалқам
! (М. Ә.) 3. 
Балалар
, аманбысың, 
шырақтарым!
 (Ж. Ж ). 
 
179-жаттпығу.
 
Мына сөйлемдерді оқьш шығыңдар да, қаратпа сөздерді көрсетіңдер, 
олардың қандай орында тұрғандығын айтындар. 
1)
— Қапитан, солдаттың сөзі дұрыс болар. Кәне, столға отыралық,—деді 
ол. 2) Жолдас капитан, ол менің бөлімшемнің жауынгері еді. 3) Дәу де болса 
сен мені танып тұрсың-ау, Мұрат, ә? 
(Т. А.) 
4) — Алда, шырағым-ай, жиенім 
екенсің ғой!— деп, Амантай қайта қолдасты. 5) — Барайын, тымағымды алып 
берші, Бүркітбай!—деді қуанып кеткен Итбай. 
(С. М.) 
6) Бар, Иса, бір топ қой 
ығып кетті. 
(М. Ә.) 7) 
— Қалқам-ай, мынау атыңның мінезі қалай өзі? Сақ 
болшы!—деді. 
(М. Ә.) 
8) Мейрам Омарович, жұрт жиыла бастады, біз 
жиылмаймыз ба?
(Ғ. М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет