сөйтіп, қорытып айтқанда, қысқасы, керісінше, жалпы алғанда, әсіресе, ендеше, сайып келгенде т. б. Бір сөзбен айтқанда, осының бәрі күні ертең-ақ шындыққа айналады. 5.
Қыстырма сөздердің бірқатары аитылған ойдың катар тәртібін білдіреді.
Олар:
біріншіден, екіншіден, ақырында т. б.
Ақырында, кештен гөрі азан ақылдырақ деген байламға келіп ұйқыға жатысты. (Л. Л.) 5. Кейбір қыстырма сөздер адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін (қуаныш,
өкініш, аяушылық т. б.) білдіреді. Бұлар:
шіркін, амал қанша, менің бақытыма, несін айтасы 1) Шіркін, ақын болсаң, осындай бол! (М. Ә.) 2) Амал қанша, сен дұрыс айтып түрған жоқсың. (Ә. Ә.) 180-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазыңдар. Қыстырма сөздердің астын сызыңдар да,
олардың қандай мағына беріп тұрғандығын айтып беріңдер.
1. Әрине, сен үшін кем жері жоқ.
(Ғ. Мүсір.) 2) Осымен қатар, Әбіштің
байқауынша, кейде Абайды бір мазасыз ойлар алаң етіп толқытқандай
болады.(М.Ә.). 3) Мен, әрине, ол арадан кетіп қалам. Себебі, біріншіден,
Мұстафаның өлі ағасына бауырмалдық сөздер айтып зарлану тұла бойымды
түршіктіреді, екіншіден, қаптауы және жабылуы көбейе түскен масалар бір
орында тұруға шыдатпайды (С.М.). 4) Сөз жок, енді көрсе, Раушан одан
жиіркеніп, теріс айналып кетпек.
(Т. А.) 5) Мүмкін, сізге бұл сөзім онша таныс
болмас.
(М. И.) 6) Шынында, ол, Саржан ойлағандай, жігіт сырын білсе де,
білмегенситін қыздың ролін ойнап отырған жоқ, көп түнерудің ішінде қалың
бір сырлар жатқанын сезген-дік еді.
(Ә. Ә.) 7) Мадиярдың қыскан қолын ұзақ
уақыт жібермей, кескініне қуанышпен қараған себебі, біріншіден, көптен
оқыған азамат кермей, оқыған адамды сағынуы болса, екіншіден, Мадиярдың
атын ғана естіп, оны көруге Аскардың көптен ынтық болуынан еді.
(С. М.)