енген жай сөйлемдердің өзара грамматикалық байланысқа ену тәсіліне және
мағыналық қарым-қатынастарына байланысты болып келеді.
Салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің әрқайсысының баяндауыш
тұлғасы тиянақты түрде (не ашық райлы етістіктен,не есім сөздері мен
модальдық сөздердің тіркесінен) қолданылады да,олар мағыналық жағынан
тең дәрежеде айтылып,әрқайсысы дербес өз алдына бөлек сөйлем боларлық
дәрежеде жұмсалады.
Салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғалары біркелкі
болмай,әр түрлі болып келеді.Бірінің баяндауышы морфологиялық тұлға
жағынан тиянақты түрде болып келеді де,екіншісінің баяндауышы тиянақсыз
түрде қолданады.Сабақтасқа енген жай сөйлемдер мағыналық жағынан тең
дәрежеде байланыспай,бірі өз алдына дербес сөйлем боларлық-тай тиянақты
ойды білдіріп тұрады да,екіншісіндегі ой тиянақталмай, мағыналық жағынан
тиянақты сыңарына бағынышты түрде айтылады.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер компаненттерінің (құрамының) тұлғалық
көрінісі мен мағыналық қарым-қатынастарына қарай екі топтан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: