337
және қарсылықты бағыныңқылы сабақтастардан өзгелерін с е б е п п ы с ы қ т
а у ы ш б а ғ ы н ы ң қ ы
л ы с а б а қ т а с, м е з г і л п ы с ы қ т а у ы ш б а
ғ ы н ы ң қ ы л ы с а б а қ т а с , қ и м ы л-с ы н п ы с ы қ т а у ы ш б а ғ ы н
ы ң қ ы л ы с а б а қ т а с, м а қ с а т п ы с ы қ т а у ы ш б а ғ ы н ы ң қ ы л
ы с а б а қ т а с деп те атауға болады.
Ықшамдылық үшін алдыңғы атау дұрыс. Бірақ жай сөйлемдегі
пысықтауыш мүше мен әр сапалы пысықтауыш бағыныңқылардың
синтаксистік қызметінің арасында теңдік бар деп қарауға болмайды. Бұлардың
кейбір ұқсастық жақтарының болуына қарамастан, екеуі екі түрлі синтаксистік
құбылыс.
Пысықтауыш бағыныңқы сөйлемдердің жай сөйлемдегі пысықтауыш
мүшеге ұқсастығынан ерекшелігі басым. Ол ерекшеліктер, негізінде, мыналар:
а) бағыныңқы сөйлемнің өзіндік толық мағыналық және тұлғалық дербестігі
болмаса да, сөйлемдік
ерекшелігінің барлығы, ә) көпшілік жағдайда
бағыныңқы сөйлемдердің өз бастауышы мен баяндауышының болатындығы,
б) бағыныңқы сөйлемнің басыңқы сөйлеммен ұласып айты-латын сөйлемдік
интонациялық ерекшелігінің болатындығы.
Достарыңызбен бөлісу: