77
да болса белгілі дәрежеде айырмашылықтары бар. Мақалдар бір сөйлемнен
де, бірнеше сөйлемнен де құралып келе береді.Мақалдарда белгілі аяқталған,
тұжырымды, тиянақты ой айтылады. Ал мәтелдерде аяқталған, тиянақты ой
айтылмайды.Олар сөйлемдік дәрежеде болмай, бір-бірімен байланысты
бірнеше сөздердің тіркестері түрінде айтылып, ой аяқталмай тұрады.
Бұлардың өзара айырмашылығын анығырақ түсіну үшін бірнеше мысалдар
келтірейік:
Шөптің басы жел тұрмай қимылдамайды; Жақсымен жолдас
болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа; Жері
байдың елі бай
дегендер – мақалдар. Өйткені бұлардың әрқайсысында белгілі
аяқталған ой айтылып, сөйлемдік дәрежеде тұр.
Ер елінде, гүл жер-інде; ұлын-
ұрымға, қызын-қырымға; жауыр атқа жіп құйысқан; балапан басына,
тұрымтай тұсына;заманына қарай амалы
дегендер мәтелдер қатарына
жатады. Бұларда айтылуға тиісті ой аяқталмай, ойдың бір нәрсесі жетпей
тұрғандай болады. Белгілі тақырып қана айтылып, оның немен бітетін себебі
айтылмайды.
Мақал мен мәтел - талай ғасырлар бойына екшеліп, сақталып келген,
еңбекші қалық туғызған алтын қазына, баға жетпес мұра.Бұл –халық
данышпандығының ерекше қорытыла айтылған түрі.Мақал мен мәтелде
халықтың талай ғасырлар бойы жасаған өмірі де, ісі де, жүргізген күресі мен
қолы жеткен жеңісі өткір көркем сөздер арқылы сарқыла айтылған.
Мақал мен мәтелдер ақиқаттық өмір тәжірибесінен алынып айтылған
қорытынды пікір болғандықтан, әрбір тарихи дәуірде туып отырады. Мысалы,
бұзаудың басы болғанша, өгіздің аяғы бол
деген мақал Махмұт Қашқаридың
Сөздігінде кездессе, мағынасы жағынан осыған жақын
көп жаманның ағасы
болғанша, бір жақсының інісі бол
деген мақалдың кейінгі уақыттарда туғаны
анық. Мақал, мәтелдер біздің заманымызда да жасалып, халық қазынасына
қосылып жатады. Мысалы:
Сын түзелмей, мін түзелмейді; Әкім бол, халқыңа
жақын бол;Үйдегі қиялды базардағы нарық бұзады; Теңге тиыннан
құралады;
Тұрақты сөз тіркестеріне фразеологиялық, идиомалық тіркестер ғана еніп
қоймайды. Сонымен қатар екі кейде одан да көп сөздердің белгілі дәрежеде
қатар айтыла келіп, бастапқы мағыналарын сақтай отырып, бір ұғымды
білдіретін тіркес ретінде қалыптасқандары да тілде жиі кездеседі. Бұларға:
қол
қою, көз салу, тап беру, жең ұшынан жалғасу, жан қалта,қол сағат, бет
орамал, бас киім, темір жол, күре тамыр, диплом жұмысы, сынақ
кітапшасы, өндірістік тәжірибе
тағы сол сияқты алуан түрлі сөздер де
жатады.
Бұл сияқты сөз тіркестері әр сөздің бастапқы мағыналарын сақтай отырып
бір ұғым ретінде жұмсалатын болғандықтан, бұларды лексикалық тіркестер
деп атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: