Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет73/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Архаизм деген қандай сөздер? 
2.
 
Сөздердің көнеріп, қолданыстан шығып қалуы немесе сирек 
қолданылатын сөздерге айналуы неге байланысты ? 
3.
 
Қандай сөздер неологизмдер деп аталады ? 
4.
 
Неологизмдер қандай жолдармен жасалады ? 
5.
 
Диалект деген не? Диалектілік ерекшеліктер неліктен туындайды ? 
6.
 
Кәсіптік лексика деген не ? 
7.
 
Кәсіптік лексиканың тілдік терминдерден айырмашылығы неде ? 
 
§ 36. Қазақ тілінің фразеологиясы 
 
Фразеология деген грамматикалық термин гректің 
фразис (
сөйлемше), 
логос
( ілім) деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған. Тіл ғылымындағы 
қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркестері деген ұғымды береді.Сондықтан 
фразеология деудің орнына кейде грамматикада
тұрақты сөз тіркестері
деп 
те қолданылады. 
Тілдегі жеке сөздер грамматиканың қарамағына еніп, белгілі морфология-
лық тұлғаларды қабылдап, өзара бір-бірімен тиісті грамматикалық байла-
нысқа түсіп, сөз тіркестерін құрайды. Сөйлемдегі сөздер , ең алдымен, өзара 
байланысқан бірнеше тіркестерден тұрады. Мысалға: 
Бұл оқиға былтыр бір 
кішене қалада болған еді (А.Қ.)
деген сөйлемді алатын болсақ, бұл сөйлемде 
сегіз сөз бар. Ол сөздер өзара байланысқан
бұл оқиға, бір кішкене, кішкене 
қалада, болған еді, оқиға болған еді, қалада болған еді, былтыр болған еді 
деген жеті түрлі сөз тіркесін құрап тұр. Бірақ тіркестер тарихи қалыптасқан 
жігі ажырамайтын тұрақты тіркестер емес, әрбір сөздің бастапқы мағына-лары
мен грамматикалық мағыналары толық сақталған, морфологиялық тұлғалары 
мен тіркестегі орындарын ауыстырып қолдануға келетін ерікті тіркестер. 
Сондықтан тіркестерді
бұл жағдай, үлкен қалада, шағын қалада, ертеректе 
болған еді, бұрын болған еді
деп,
 
өзгертіп қолдана беруге болады. 
Тілдің тарихи даму процесінде бірқатар сөздер белгілі морфологиялық
тұлғада бірте-бірте қалыптасып, белгілі бір мағынада қолданылатын тұрақты 
сөз тіркестеріне айналды. 
Қабырғаңмен кеңес, жігері құм болды, қой аузынан 
шөп алмайтын, жағыңа жылан жұмыртқаласын
деген сөз тіркестері
ақылдас, ойлағаны болмады, момын, жуас , жаман сөз айтпа
деген 


75 
мағыналарда қолданылып тұр. Бұл тіркестегі сөздердің жеке мағыналары мен 
тіркес күйіндегі беретін мағыналары бір-біріне сәйкеспейді және бұл 
тіркестегі сөздерді синтаксистік арақатынастарын ажыратып талдауға 
келмейді. Біртұтас тілдік тіркес ретінде, бір ұғым ретінде қолданылып тұр. 
Бұл сияқты сөз тіркестерінің қалай жасалып, қалай бір ұғым ретінде қалып-
тасқанын дәлелдеу қиын. 
Сөйтіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет