математиктері жетекші роль атқарды. Олардың еңбектерінде тригонометрияның бірқатар
жаңа ұғымдары енгізіліп, осы салада аса маңызды ғылыми нәтижелер алынды.
Мұсылман математикасының табыстары Еуропада XV ғасырдың аяқ шенінен бастап
тригонометрияның қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Тригонометрияның алғашқы
ұғымдары мұнда мұсылман елдері ғалымдарының астрономиялық
еңбектерінің латын
тіліндегі аудармалары арқылы пайда болды. Еуропада тригонометрияға арналған алғашқы
кітап «Үшбұрыштардың барлық түрлері туралы бес кітап» деген атпен жарық көрді (1461),
оның авторы неміс математигі - Иоганн Мюллер (Региомонтан). Оның негізгі мазмұны
мұсылмандық әдебиеттен алынған (ибн Корра, әл-Баттани, әт-Туси, т.б.), автор оларды
сондағы бай тригонометриялық материалды жүйеге түсіріп баяндайды.
Еуропада
тригонометрияның онан әрі дамуында И.Кеплерлің, Г.Ретиктің, Т.Финкенің, Т.Брагенің
еңбектерінің маңызы зор болды.
Достарыңызбен бөлісу: