№2 дәріс. Математиканың бұлақ-бастаулары (IX ғ. дейін).
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Шамалар және оларды өлшеу туралы түсініктердің пайда болуы
2. Бөлшек сан ұғымының қалыптасуы
3. Өлшемдес емес шамалардың ашылуы
4.
Теріс сан ұғымының пайда болуының алғашқы нышандары
5. Геометриялық білім-түсініктердің пайда болуы
6. Теңдеулер және оларды шешудің алғашқы тәжірибелері
7. Ежелгі математиканың үш есебі
8. Теориялық-дедукциялық математиканың қалыптасуы
Дәріс мазмұны
1.
Адам баласына заттарды санай білумен бірге өзінің күнделікті өмірі мен тұрмыс-
тіршілігінде қажет болатын ұзындық, уақыт, салмақ, аудан, көлем сияқты шамаларды
өлшей білу де қажет болды. Ерте замандарда шаманы арнаулы өлшеуішпен немесе оның
бірнешеге тең үлесімен өлшеу тәсілі болған жоқ. Мәселен, адам қандай да бір нәрсенің
ұзындығы туралы айтқысы келгенде, оны өзіне таныс, басқа бір нәрсенің ұзындығымен
салыстырып, «таяқ тастам жер», «көз көрім жер», «бір көш жер», «ат шаптырым жер», «бір
күндік жер», «түстік жер» деген салыстырмалы ұғымдарды пайдаланды. Бір нәрсенің
ауданы туралы сөз еткенде, оны өзі білетін басқа нәрсенің ауданымен салыстыра отырып,
«түймедей», «теңгедей», «ат төбеліндей», «алақандай», «туырлықтай», бір нәрсенің көлемі
жайында айтқанда, оны өзіне белгілі басқа нәрсенің көлемімен салыстырып,
«жұдырықтай», «ат басындай», «таудай», «үйдей» деп айтты. Осы сияқты нәрсенің ауыр-
жеңілдігін көрсететін «зілдей», «қаңбақтай», уақытты өлшеу үшін «сүт пісірім», «бие
сауым» деген сияқты ұғымдарды қолданды. Ұзындық, масса, аудан және көлем сияқты
уақыт та өлшенерлік шама болып табылады. Басқа шамалардай оның да да екі кесіндісін
өзара салыстырып, бірімен-бірінің тең екенін немесе қайсысы артық, қайсысы кем екенін
анықтауға болады. Алайда, уақыттың өлшем бірліктерін тағайындау басқа шамалардың
өлшемдерін тағайындаудан әлдеқайда қиын болды, өйткені уақыт басқа шамалар сияқты
көзге көрініп, қолға ілінбейді. Сондықтан да алғашқы адамдарда уақыттың дәл есебі болған
жоқ, олар жыл маусымдарын да айыра білмеді. Бірақ олар бірте-бірте табиғат
құбылыстарының өзгеріп отыратындығын (күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуын, Ай
формасының өзгеріп тұратындығын, т.с.с.) және бұл өзгерістерде белгілі бір мерзімде
қайталанып келіп отыратын периодтылық бар екендігін аңғарып, оларды өлшеуіш ретінде
қолдануға әрекет жасай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |