№1 дәріс. Кіріспе. Математиканың бұлақ-бастаулары (IX ғ. дейін). Курстың объектісі, пәні және оны оқытудың мақсат-міндеттері. Курстың басқа оқу пәндерімен байланысы



Pdf көрінісі
бет45/45
Дата22.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#120538
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
4. Дәріс тезистері

М.Өтелбаевтың
ғылыми жетістіктері: 
-дифференциалдық операторлардың спектрлік қасиеттерін зерттеудің жаңа әдістерін 
негіздеді (ол - қарастырылмақ есептерді локализациялау туралы жалпы идеяны біртіндеп 
және тапқырлықпен іске асырудың нәтижесі. Бұл жерде ол бүгінде мамандарға “q*- Өтел-
баев функциясы” деген атпен белгілі коэффициенттерді орташаландыру конструкциясын 
ойлап тапты); 
-Спектрлік анализдегі мынадай әлемдік мәселенің шешімін тапты: классикалық Штурм-
Лиувилль операторы меншікті мәндерінің үлестірімі үшін әмбебап асимптотикалық 
формула табылмайды. Ол Дирак операторы үшін эквивалент болмаған жағдайда алғаш рет 
екі жақты асимптотиканы тапты; 
- Іштесу теоремаларын алудың жаңа әдісін тапты (оған “q* - Өтелбаев функциясын” тиімді 
қолдану арқылы қол жеткізді); 
- Тұңғыш рет Банах кеңістігіндегі сызықты операторлардың әдепті кеңеюлері мен 
сығылуларының теориясын жасады, атап айтқанда, «паталогиялық» (ультрагиперболалық 
және жалғанпараболалық) дифференциал теңдеулер үшін әдепті есептер туралы И.Г. 
Петровскийдің (1948ж.) әлемдік мәселесін шешті; 
- Көпөлшемді және жартылай шенелген емес операторлардың кеңейтілген кластарының 
бөлінгіштігі мен апроксимативтік қасиеттерін орнықтыратын әдісті тапты; 
- Бейсызық эволюциялық теңдеулер теориясында, есептеу математикасында және 
жалпылама аналитикалық функциялар теориясында өзінің енгізген v-кластарының 
көмегімен іргелі нәтижелер алды; 
- Шеттік есептерді сандық есептеудің жаңа әдісін ұсынды (онда іштесу теориясы, 
дифференциал теңдеулердің коэрцитивті шешімділігі және жалғасу теориясы сияқты 
қазіргі математика бағыттарының соңғы жетістіктерін пайдаланды, бұл әдіс ақырөлшемді 
матрицалардың меншікті сандары мен меншікті векторларын да тиімді есептейді). 
Академик М. Өтелбаевтың жетекшілігімен 80-нен астам ғалым кандидаттық, 12 
ғалым докторлық диссертация қорғады. 
Алгебра саласында әлемдік деңгейде мойындалған математик, физика-математика 
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі – 
А.Жұмаділдаев.
Ол 80-ге 
жуық ғылыми мақалалардың авторы. Оның мақалалары көптеген шетелдердің, Ресейдің 
негізгі математикалық журналдарында жарияланып, ағылшын тіліне аударылған. 
А.Жұмаділдаев мына сияқты бағыттарда тамаша нәтижелерге қол жеткізді. 
-Формалды векторлық өрісті Ли алгебраларының ішінде қарапайым емес бас өрістері 
болатын алгебраларды нақтылап, картандық типтес Ли алгебраларының екінші 
когомолиясын есептеуді жүзеге асырды. 
-Кососимметриялық мультисызықтық ассоциативті емес көпмүшеліктер кеңістігінің 
сипаттамасын, 0-Алиа және 1-Алиа алгебраларының құрылыстарын жасады, екі жақты 
Алиа алгебраларының зерттеулерінің Ли алгебраларының коммутативтік коциклдерін 
зерттеуге байланысты екендігін жүйеледі. 


-Дәрежелері 4 және 5-ке тең кососимметриялық теңбе-теңдіктермен анықталатын 
алгебралардың құрылымдарын бір жүйеге келтіріп, Ли коммутатор жағдайында айқын емес 
теңбе-теңдіктердің бесінші дәрежеден бастап пайда болатындығын және олардың екіге тең 
екендігін дәлелдеді, Лейбниц когомолиялары үшін фактор құрды, Лейбниц 
алгебраларының қарапайымдылығы туралы ұғым енгізіп, оның қасиеттерін зерттеді. 
Тың ғылыми жаңалықтарымен әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ халқын 
қуантып жүрген ғалымдарымыздың бірі - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 
Американың математикалық қоғамының жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығының иегері 
– У.Өмірбаев.
Ол еркін алгебрадағы Кон және Каргаполов сынды белгілі ғалымдар қойған 
математикалық мәселелерді шешіп қана қоймай, 30 жылдан бері шешілмей келген Нагата 
проблемасының түйінін тапты. Оны 1972 ж. жапонның атақты ғалымы Нагата қойған 
болатын. Ағылшын тілін еркін меңгерген қазақ ғалымы қазіргі кезде АҚШ-тың Дейтройт 
қаласында дәріс оқып жүр. 
Қорытындылай келе, болашақта әлемді мойындатқан осылар сияқты ғұлама 
ғалымдарымызды саны артып, «Математика» деген қасиетті ғылымның шетсіз де шексіз 
әлемінің көгінде қазақтың туын тігетін, қазақ ұлтын төрткүл дүниеге паш ететін 
математиктеріміз көбейе береді деп ойлаймыз.
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет