128
Білу және түсіну:
1. «Тері гигиенасы» деген түсініктің мағынасын айтыңдар.
2. Саңырауқұлақ тудыратын аурулар дегеніміз не? Олар қандай болады?
3. Неліктен тері аурулары қауіпті екенін түсіндіріңдер.
қолданылуы:
1. Өсіп кеткен тырнақ не үшін қауіпті екенін мысалдар келтіріп дәлел-
деңдер.
2. Бактериялар тудыратын безеу бөртпесінің
алдын алу шаралары
қандай?
3. «Тері ауруларының алдын алу шаралары» деген жаднама жасаңдар.
Талдау:
1. Тері ауруларының белгілерін талдаңдар. Ауру және оны қоздырушылар
арасындағы байланысты анықтаңдар.
2. Адамның терісінде өзіне тән түсі бар жарық (проплешины) пайда бол-
ды. Бұл жараны қандай паразит ағза тудырады?
3. Адамның саусақтарының арасы басылмай қышиды. Бұл ауруды
қандай паразит тудырады?
4. Тері ауруларының пайда болу себептері
мен жұғу жолдарын сыз-
ба түрінде бейнелеңдер. Сонымен қатар алдын алу шараларын
көрсетіңдер.
Синтез:
1. Терісінде көптеген жарықтары (проплешины) бар сиырды күтетін
адамға қандай ауру жұғуы мүмкін?
2. Ауру қоздырушыларының жүйедегі
орындарын критерий бойын-
ша жүйелеңдер. Олар терінің қандай жұқпалы ауруларын келтіріп
шығарады және олармен күресудің қандай шараларын білесіңдер?
Бағалау:
1. Адам ағзасында не жетіспегенде терісі
құрғақ болады әрі жарылып
кетеді?
2. Сыныпта мынадай мәселені талқылаңдар: адам терісіне зақым келмеу
үшін қандай киім қажет?
3. Мына адамдардың қайсысы тері ауруларынан жақсы қорғалғаны
туралы пікірлеріңді айтыңдар: 1)
жиі жуынатын, тісін тазалайтын
және
гигиенаны қадағалайтын; 2) спортпен айналысатын,
дұрыс
тамақтанатын және дәрумендер ішетін.
Достарыңызбен бөлісу: