60
науқанының ауылдағы халыққа әкелген азабы баяғы кеңес өкіметінің коллективтендіруінен
кем түспеді. Жекешелендірудің қырық қабат қыртыстарын түсініп алғандар сатылатын
объектіні жабық аукционға салып, келіскен адамдарына у-шусыз бере салатын айла тапты»
[1. 209]. Ауылдағы көптеген орындар жеке адам меншігіне айналған соң, қарапайым
халықтың көбі жұмыссыздыққа ұшырады. Ел наразылық тудырса да, саясаттың қитұрқы
істері тоқтап қалған жоқ. Ауылдан сән кетіп, адамдар мүсәпір халге түсті. Фариза осы
шындықты ашық айтып, 1994 жылдардағы қазақ халқының жағдайын ашып көрсетеді.
«Саяхат сахнасындағы соқтығыстар» бөлімінде адамдардың саясатқа бір табан
жақындап, бас-басына билікке ие болғысы келетінін ашық жазады. Ол
кезеңде саясатқа
ұмтылғандардың пиғылы халықтың тұрмысын түзеп, жағдайын жақсарту емес еді. Әркім
өзімен ойлас адам тауып, топтасып, бір-бір партия құрып, тек қарын қамын ойлаумен
болды. Билік тарапынан рухани байлыққа бастайтын жұмыстар жүргізілсе де, олардың
ешқайсысы жемқорлықты тамырымен құрта алмады. Қолына билік тиіп, қызмет
алғандардың төрткүл дүниені ұстап тұрғандай, өзінен басқаны өзгені көрмес менмендік
халықтың
жанын жеп, жағдайын төмендетіп, әр кезде наразылықты тудырып отырды.
Фариза Оңғарсынова бұл туралы: «Соңғы жылдары – нендей құпиясы бар екенін кім білсін
– талай кемшілік пен қайшылыққа ұйытқы болған әкімдер мен министрлер жазаланбайтын
болды...» [1. 209], – деп жазады. Осылайша ақиқат пен шындық үшін күрескен Фариза
тәуелсіз халықты биліктің ығына жығып берген шенеуліктерді қатты сынайды.
Мақалада ұлт мәселелерінің барлығы болмаса да, ең негізгілері туралы ой қозғалған.
Соның ішінде тіл мәселесі де кенде қалған жоқ. Қазақ тілінің мәртебесін арттырып, ұлттың
жаны – ұлттың тілі екенін анық айтқан қазақ зиялыларының ұстанымдарын алға тартты.
Екітілділікті жою керек екенін, жас мемлекеттің жалынын өзге елдің әсерінен сөндіріп
алмауымыз қажет екенін қайталап өтеді. Тіпті публицист-ақынның соңғы бөлімді «Мені
елдің жайы қатты алаңдатады» деп атауының өзі оның жүрегінің тек қазақ деп соғып, ұлт
десе, шарадай жаны жүрегінен шығып кетердей жанашыр, риясыз көңілі көрініп-ақ тұр.
Қандай ауыр қиындыққа тап болдық десек те, Қазақстан – тәуелсіз, егемен мемлекет.
Фариза жазған 1994 жылдардағы тауқымет ұлы тұғыр – Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында
көрген қасіреттің қасында түк емес.
Фариза Оңғарсынованың халықтың мақсат-мүддесімен ұштасып жатқан тағы бір
мақаласы – «Санаға сілкініс керек». Тақырыбының өзі оқыған адамды елең еткізеді.
Адамның
санасы өзгермей, халықтың санасы өзгремей, ұлттық өзгеруі, жаңа арнаға бет
бұруы, өзгерістерге дайын болуы, дамуы, жаһандануы мүмкін емес. Мақала 1989 жылы
«Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Автор мұнда әрбір облыс, қалалардағы қолында
билігі бар, лауазымы жоғары, қызметі де жоғары адамдарды сынға алады. Мақаланы
тақырыбы – қазақ жеріндегі ұлттық кадр мәселесі. Билікке қолы жеткендердің көбін адал
жолдан аттап өткен лайықсыз адамдар деп таниды. Автордың мақалада мыналарды
қозғайды:
1) Кадрлық мәселее жүйесіздіктің орнауы. Билік басына қызметкерлердің
жергілікті жерден таңдап алынбай, республиканың әртүрлі басқа өңірлерінен шақырылуы
көптеген қателіктердің орын алуына себеші болды.
2) Облыстардағы билік басында отырғандардың адамгершілік қасиеттерден алшақ,
тым тәкәппар мінездері қарапайым халықты менсінбеушілікке итермелеп тұр. Өзінің қара
басының қамынан басқа ештеңе қызықтырмай, өзімшілдіктің шекақарасынан асып кете
алмағандардың жоғары лауазымдарға адамдық өресі жетпейді.
3) Қолында билігі бар, қызметте отырғандардың өз орнына лайықсыз болуының
екінші себебі – сауатсыздық. «Сауатты болу» деген ұғымның астарында үлкен ән жатыр.
Жазу-сызудан бөлек,
адамға е алдымен, ой сауаттылығы қажет. Жоғары қызметтегілер
тура билік айта алмаса, әділеттілік орната алмаса, елдің айтқанына дұрыс үн қата алмаса,
нақты жауап бере алмаса, мұндай кісі қалай сауатты болмақ? Елде білімсіз
қызметкерлердің қаптағанын Фариза анық жазып көрсетеді.
61
4) Сауатсыз, білімсіз, тәкаппар адамдардың билікке келуіне жағдай жасап, көмек
қолын созатын – олардың таныстары, туған-туысқандары. Қазақтың туысқандық пен
таныс-тамырластық мәселесі – ұлттың жауы. Ерте кездерден-ақ осы мәселе адал жолда
аяққа қақпан болып келе жатыр. ынтымақты елдің бірлігін ыдыратып, дамуын
тәжеуілдететін де – осы. Таныс-тамырмен келгенннің қайсы бірі биліктегі лауазымға
лайық дейсіз? Әрине, бір-бірінің қателегін көрсе де көрмегендей өте
шығатын мұндай
адамдар халыққа жаны ашымайтыны рас.
Автордың көтерген мәселесі сол кездері республика бойынша түрлі партияларда да,
комсомолдарда да айтылып жүрді. Мақалада кадр мәселесінің өршіп тұрған аймақтары
ретінде Маңғыстау облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Шымкент облысы
көрсетілген. «Азаматтарымызды қорғай алмаймыз. Халық үндемейді. Әрине, мұның екінші
жағы да бар: халықтың мәніс біледі деген ойлылардың пікіріне құлақ салып жатқан
басшылар жоқ. Дегенмен, босқа күйіп кетіп жатқан азаматтар туралы өз ойларын айтып,
арашалау деген біздің халық арасында бұл күнде ұмытылып барады. «Ойбай өзімізге бір
пәлесі тиіп кетер» деп жан сауғалауға жаппай бой үйретіп бара жатқандаймыз» [2, 3]. Жан-
жақтан келген қызметкерлердің көпшілігінің ішкі түкпірінде, көкейінде «уақытша» деген
ұғым тұрады. Олар елдің қамын, халықтың тұрмысын жақсартуды ойламайды. Уақытша
қызмет жасай тұруды көздеп, төмен пиғылды ниетте болды. Алдымен, таныс-тамыр, басқа
да жолдар арқылы биліктегі лауазымды қызметті қолына алады да, елдің жалақысынан
бірнеше есе көп ақшаны иемденіп, тұрмыстық жағдайын түзетуге асығады. Осының бәріне
қолы жеткеннен кейін,
ештеңеге бас қатырмай, алаңдамай Мәскеуге тарта жөнеледі. Ең
соңында зардап шегетін – қарапайым халық. Тауқыметін де, бейнетін де көріп, зардабын
тартатын – халық. Фариза республикада орын алып жатқан осы мәселені жараның орнын
дәл таныған секілді дөп басады. Мұның салдары – бүлінген ел ен бұзылған шаруашылық.
Мақаладағы айтылар ой – қазақтың еліне, жеріне жаны ашитын, жағдайын түзеп,
Мәскеуге кетіп қалмайтын, жүрегінде иманы бар, елім деп еміренген ұлттық кадрларды
дайындау қажеттілігі. Болашақты ойласақ, ертеңгі күннің жарқырап атуын тілесек, елге
қызмет етуді мақсат ететін, адал басшыларды дұрыс таңдай білуіміз қажет. Сонда ғана
халық биліктегілердің жіберген қателіктерінен зардап шекпейді.
Фариза осы мәселелерді қозғау арқылы халыққа ақиқатты көрсетуге ұмтылады. Өз
заманының
шындығын жаза отырып, халықтың саяси өмірі мен қоғамдық-әлеуметтік
жағдайына да терең тоқталады. Сөздің қадірін түсініп, халықтың зәру мәселелерін
шығармаларында терең қозғай білген Фаризаның публицистикаға сіңірген еңбегі зор.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Фариза Оңғарсынова: Толық шығармалар жинағы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі,
2016. Т 9. – 320 б.
2. Оңғарсынова Ф. Санаға сілкініс керек // Лениншіл жас. – 1989. – 17 тамыз.
Достарыңызбен бөлісу: