54
2-СЕКЦИЯ.
ҚАЗІРГІ
ӘДЕБИ
ПРОЦЕСС,
ӘДЕБИЕТ
ТЕОРИЯСЫ
ЖӘНЕ
ФОЛЬКЛОРТАНУДЫҢ
ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖАНАТ ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Латипова И.К.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс магистранты- Ақтау, Қазақстан
Ғылыми жетекші: Қамарова Н.С., ф.ғ.к. .Есенов атындағы Каспий
технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры, Ақтау, Қазақстан
Қазіргі қазақ поэзиясындағы өзінің сара жолын даралығымен, көркем шеберлігімен
анықтап алған ақындардың бірі – Жанат Әскербекқызы. Бала шағынан бастап-ақ өлең сөзге
әуес болып, әдебиетті жанымен сүйіп оқиды. Шығармашылық ғұмырында поэзиямен ғана
шектеліп қалмай, аударма саласында да елеулі еңбек етіп, шетел шығармаларын төл
тілімізге тәржімалаған. Ақынның қазақ әдебиетіндегі алар орны ерекше.
Жанат Әскербекқызының өлеңдерінде ерте замандардан бері сақталып келе жатқан
асыл мұрамыз – қазақ фольклорының сарындары, халық ауыз әдебиетіндегі батырлар мен
әйелдер образдары, көне ертегілік, әпсаналаық сипаттаркөптеп кездеседі. Оның ақындық
шеберлігі
мен ойының ұшқырлығын, таным-түсінігінің кеңістігін танытуда ақын
поэзиясындағы фольклор поэтикасын зерттеудің маңызы зор.
«Жалғыз тал» деп аталатын шығармасында ақынның терең психологиялық хәлі, ішкі
сезімдері, толқыныс пен толғаныстары бір-бірімен астасып жатыр. Ағашты киелі санау,
оны қастерлеу – қазақ халқының танымында ежелден бар түсінік. «Өмір ағашы», «Өлім
ағашы», «Әлем ағашы», «Бәйтерек» сынды ұғымдардың барлығы – ертедегі мифтік әлемнің
жемісі. Тірі жанның ізі баспайтын ай далада жалғыз ғана талды ерекше суреттей отырып,
көне мифтік ұғымдар мен түсініктерден нәр алғандай.
Ақынның өлеңге тірек еткен дала, ағаш компоненттері – халқымыздың қастерлі
ұғымдары. Жанат Әскербекқызы жалғыз тал бейнесі арқылы жалғыздық азабын, әкесінің
жалғыз ұл екенін қатар ала отырып, параллелизм тәсілі арқылы жапандағы ағашпен іштей
тілдеседі:
Жалғызтал!
Жалғыздық деген зарлы жыр еді,
Әкем де менің жалғыз ұл еді.
Күдігін шайған сенімді үміттің
Шырайы қанық алқызыл еді...
Жалғызтал!
Жалғыздық қазір атыңда ғана,
Жалғызбын деуге дәтің бара ма?!
Көк терек пенен ақ қайыңдардан
Атың да оқшау... затың да дара [1, 10-11].
Мұңын
өлеңмен ақтарып, сырын талға айтқан ақын жүрегі кімді де болса,
елжіретпей қоймайтыны анық. Ақын жалғыз талды ешбір ағашпен теңестірмей, керісінші,
оның бағасы өзгелерден жоғалары, басқалардан биік екенін аңғартып тұр. Шығарманың
идеялық мазмұнына терең көз жүгірте отырып, автордың айтпақ ойын ұғынып, өзің де бір
сәтке жалғыздық әлемге тап болғандай күй кешесің. Сол үшін де ақын өлеңі қарапайым
сөзімен, жылы лебізімен, әсерлі
сөз қолданысымен ерекшеленіп, көркемдік шеберліктің
шыңына шығып тұр.
«Жанат Әскербекқызының шығармашылығында – фольклорлық метафора, меңзеу,
тұспалдау тәсілі шеберлікпен қолданылады. Ақын дерексіз ұғымдарды заттандырып,
жалқы ұғымдарды жалпыландырады. Өзі суреттеп отырған оқиға-образдың өзегіне терең
бойлап, оның арғы, бергі тарихын тануға ұмтылады» [2, 177].Ақын поэзиясында туған
55
жерге сүйіспеншілік пен құштарлық, елге, жерге деген риясыз махаббат пен шексіз құрмет
анық сезіледі. Өлеңдерінің бір ерекшелігі – өзінің
өмірінен алынған тағылымды
тағдырының көрінісі. Тақырыптық жағынан да алып қарайтын болсақ, қаланы емес, даланы
жырлау сипаттары басымырақ. Фольклордың ерекше бір жанры ретінде ертеден
қалыптасқан арнау өлеңдер де аз емес. Мәселен, сіңлісі Ләззатқа арналған «Жұбату»
өлеңінде Жаратқаннан амандық тілеп, сабырлыққа шақырады:
Фәни мен бақи – екі өмір,
Екі әлем, егіз екі өңір.
Қамыға бермей, қатайып,
Қалқам-ау, сабыр ете біл!
Кеудеңде жүрер бір арман,
Қуаныш сыйлар күн алдан.
Бірі кем дүние...барына
Амандық берсін Бір Аллам! [1, 29]
Фольклорлық сана бойынша, бүкіл әлемді жаратқан бір Алланы ешбір пенде көзбен
көрген жоқ. Оның бейнесін тіпті елестетудің өзін күнәға санап, дүниедегі бар ізгілік пен
жақсылықтың атауымен атаған. Пәк, кіршіксіз, өте мейірімді,
кешірімді Алла есімі
поэзияда өте жиі қолданылады. Ерте замандарда туып, қалыптасып, халықтың құлағына
сіңіп кеткен «Құдайдың құлағына шалынсын», «Алланың көз оң болсын», «Алла
қолдасын», «Құдай жеткізер» деген сөздер Жаратушы мына дүниеде болып жатқан барлық
нәрсені біліп, көріп тұрады деген қорқыныш пен үрейден туындаған. Аллаға жалбарыну
мен Одан көмек сұрау, амандық сұрау тілектер мен ғұрыптар да адамзат қоғамы
қалыптасып бастаған кезден-ақ пайда болды. Осындай көне
заманнан бері келе жатқан
таным-түсініктің бүгінгі күнге дейін біздің санамыздан жоғалмай келе жатқанына тағы бір
дәлел. Керісінше, Алланы тану және оны көркем поэзияда жырлау қазіргі қазақ
ақындарының шығармашылығында жиі кездесетіні рас.
«Фәни» сөзі ақын поэзиясында жиі кездеседі. Келесі бір өлеңінде ол фәни-жалған
деген тіркесті қолдана отырып, мына дүниенің уақытша екенін жазады:
Фәни – жалған, жүрекке сыр жасырып,
Сол сырының салмағы жырға асылып.
Тыншытпастан жанымды, күні-түні
Сілкілеумен мазамды жүр қашырып [3, 69].
Жанат Әскербекқызының өлеңнің атын «Жұбату» деп атауында да ерекше мән бар.
адамға көңіл айтып, оның қайғысын жеңілдету мақсатында жылы сөздер айту үрдісі –
ежелден бар ізгі дәстүр. Жұбату тұрмыс-салт жырларының біріне жатады. Жұбату жанры
халық ауыз әдебиетінде түрлі үлгілерде – мақал-мәтел, нақыл сөз түрлерінде кездесе береді.
Қазіргі ақындар жұбату дәстүрін өлең арқылы кестелі сөз марандырмен жеткізеді.
Поэзиядағы фольклор сарындарының тағы бір сипаты ретінде түрлі аспаптарды
жырға қосуды айтуға болады. Мәселен:
Қобызым менің жоғалған...
Қособада ма екен?
Баланып күшім қалды ма босағаға бөтен...
Аспандап ұшқан алты қаз тағдыр оғынан
Талайлы бір сәт туғанда тасалана ма екен?
Бақсының сарыны –
Аспан астындағы бұл сарын, [1, 40]– деп жырлауы ақынның халық ауыз әдебиетінің
мол мұраларынан сусындап өскені байқалып тұр. Бақсының сарыны – нағыз фольклорлық
сарын. Оның өлеңде қолданылуының өзі күнделікті тыныс-тіршілік пен әдепкі ұстанымнан
бөлек, ерекшелікке меңзеп тұр. «Бабалар сөзінің» 93-томында мынандай түсініктеме
береді:«Бақсылар да ақын, жырау, сал-серілер сияқты фольклор жасаушылардың байырғы
өкілдерінен саналады. Бірақ бақсының аталған тұлғалардан алабөтен айырмашылығы бар.
56
оның негізгі міндеті көркем шығармашылықпен айналысу емес, белгілі бір дүниетанымға
негізделген діни культті атқару болып табылады» [4, 55].
Ақынның қобыз аспабын аса қастерлеп, оның қасиетін іздеуі де бекер емес. Қобыз
Қорқыт заманынан бері әлі күнге дейін қазақ халқы үшін қадірі аспаптардың бірі болып
саналып келе жатыр. Қобыздың үні қазақ әдебиетіндегі
талай ақын-жазушылардың
шығармаларына арқау болғаны жасырын емес. Жанат Әскербекқызы өзінің
шығармаларында қобызды, бақсының сарыны, аңыздық әңгімені қатар ала отырып, өлеңнің
фольклорлық поэтикасын биік деңгейге көтереді.
Жанат Әскербекқызының қаламынан шыққан әрбір туынды – ақынның ішкі жан
дгниесінен ыққан бағалы мұра. Мазмұндық, идеялық, тақырыптық, стильдік,
көркемдік
тұрғысынан да алып қарасақ, ақынның әрбір шығармасы терең ой мен көркем танымға
негізделген. Жанат Әскербекққызы поэзиясында кездесетін фольклорлық сарын мен оның
поэтикасын зерттеу және талдау – қазіргі әдебиет пен фольклордың өзара үндесітігі мен
сабақтастығын, бір-бірінен ажырамас байланысын нақтылап берері сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Әскербекқызы Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр: Өлеңдер мен поэма. – Алматы:
«Жазушы», 2007. – 240 б.
2. Қазіргі әдебиет және фольклор. – Алматы: «Арда», 2009. – 480 б.
3. Әскербекқызы Ж. Көк түріктер әуені: Өлеңдер. – Астана: Елорда, 2002. – 88 б.
4. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2013. Т.93: Магиялық фольклор.
– 432 б.
Достарыңызбен бөлісу: