51
серенің
қолында болып, тәрбие мен орындау сабақтарын алған. Мұның бәрі оның ұлы
Зейноллаға әсер етпей қоймады.
Мектептегі және студенттік жылдары ол әдебиетке деген сүйіспеншілігін және
көркем шығармашылыққа деген құштарлығын көрсетті. 1945 жылы Алматы тау-кен
институтына оқуға түседі. Осы университетте оқумен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетіндегі белгілі жазушы, ғалым, профессор Мұхтар Әуезовтің дәрістеріне
қатысады. Оның өмірінде Мұхтар Әуезов, оның дәрістері үлкен рөл атқарды және ол
политехникалық университеттен ҚазМУ-ға ауысып, оның шәкірті болды. ҚазМУ-ға қалай
ауысқаны жөнінде «Менің Әуезовім» роман-эссесінде егжей-тегжей баяндап береді.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы еңбек еткен білім ордасы ғалым үшін «әкеден
кейінгі екінші қасиетті инстанция» болды. Осы уақыт ішінде ол әдебиет теориясы, көркем
шығармашылық психологиясы және жазушының шеберлігі
туралы онмыңдаған дәрістер
оқыды.
З.Қабдолов сонымен қатар орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар
жасауда, әдебиеттану мәселелерін зерттеуде жемісті жұмыс істеді. Ол көптеген сыни және
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазып, орта мектепке арналған қазақ әдебиетінің оқулығын
дайындады.
Оның шығармашылық және ғылыми қызметі Қырғызстанмен тығыз байланысты
болды. Оның қырғыз ғылыми кадрларын даярлауға қосқан үлесі зор. Ол қырғыз әдебиетінің
классигі Шыңғыс Айтматовтың жақын досы болған. Ш.Айтматов өзінің «Қызыл алма» атты
әйгілі әңгімелерінің бірін З.Қабдоловқа арнады және Қырғызстанның еңбек сіңірген ғылым
қайраткері атағына ие болды.
Сол университет оны үлкен әдебиет әлеміне алып келді. Жас жазушы өзінің алғашқы
өлеңдерін, «Ант» әңгімесін республикалық басылымдарда жариялап, Жазушылар
одағының мүшелігіне қабылданған кезде небәрі 20 жаста болатын. Бұл үлкен жетістік және
ерекше беделдің белгісі болатын. 8 жылдан кейін оның «Өмір ұшқыны» әңгімесі мен
«Жалын» романы жарық көрді. Біраз уақыттан кейін шыққан екі романды біріктірген
"Бостандық жанып жатқанда" дилогиясы Зейнолла Қабдоловтың әдеби қоғамдастық
тарапынан көркемдік талантын сөзсіз мойындаған кезеңдік жұмыс болды.
З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романында Мұхтар Әуезовтің әдеби бейнесі үздік
шеберлікпен сомдалады. Ол осы романы үшін 1998 жылы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығы иегері атанды.
Академик-жазушының «Менің Әуезовім» роман-эссесінің тақырыбы мен басты
сюжеті қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтің
өмірбаянына, тағдырына, қаламгерлігіне, ұстаздық қызметіне негізделіп жазылған көлемді
прозалық туынды. Мұхтар Әуезовтің дәрісін тыңдап, сүйікті шәкіртіне,
дос-інісіне
айналған Зейнолла Қабдолов ұзақ жылдар бойы ұстазының еңбегін, әр жанрдағы, әр
жылдардағы шығармашылық мұрасын жинап, зерттеп келді. Романда ұстазының жан
дүниесі, болмыс-бітімі, ұстаздық еңбегі автор көзімен бағаланып,
авторлық баяндаумен
ашылады. Романның негізгі оқиғалық арқауы – М.Әуезовтің 1930-60 жылдар аралығында
Қазақ Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық қызмет еткен
кезеңінен бастау алып, шегіністер арқылы, кейіпкерлер диалогы арқылы ұстаздың осыған
дейінгі тағдыр белестеріне де шолу жасалады.
Мұхтар Әуезовтің балалық шағы өткен туған жері – Шыңғыстау, Бөрілі өңірінің
табиғаты, атасы Әуездің, немере ағасы Қасымбектің болашақ жазушыға әсер еткені, хакім
Абай және оның ақындық аясы, оған үлгі болған Алаш арыстары, яғни оның ұлттық
дүниетанымын оятып, тағылым ұсынған ұлы ұстаздары
туралы ой-толғамдар кеңінен
ширатылып жазылған. 1920-1930 жылдар арасында етек алған тарихи, саяси оқиғалар, сол
тұстағы жазушының қудалауға түсіп, азап шеккен кезеңдері, барлығы романда терең
суреттеледі. Алты тараудан тұратын роман әсерлі баяндаумен оқырманды өзіне елітеді.
Романда кездескен эпизодтардың барлығын да автор бірде өз көзімен көргендей, бірде
шегіністер арқылы іштей сабақтасып жатыр.
52
Романда өмірбаяндық сюжеттер мен авторлық толғаныстар үндестік тауып,
тұлғаның бүкіл ғұмырын терең толғаныспен суреттеген. Образды, көркем, суреткерлік
шеберлікпен Мұхтар Әуезовтің болмыс-бітімін, адами тұлғасын
дәл әрі нақты жеткізе
білген.
Ғалымның еңбекқорлығын, шәкірт тәрбиелеуге деген құлшынысын жарқын тұлғасы
қанша науқастанып отырса да М.Әуезовті айта бастағаннан-ақ қатты толқып, өңі жарқырап
шыға келетінінен байқауға болатын. Қабдоловтың Әуезовке деген құрметі, шәкірттік
махаббаты ерекше тын. Оның дәрісін тыңдау үшін университеттегі ең үлкен дәріс залы
таңдалып, филология факультетінен басқа журналистика, тарих факультетінің де
студенттері бірге отыратынбыз. Онымен қоса, басқа да
жоғары оқу орындарының
педагогтары мен тіл білімі зерттеушілері де ғалым дәрістерін жібермей, іздеп келіп қатысып
отыратын. Сол кездері академиктің соңғы шәкірттері біздер болған екенбіз. Басқа оқу
орнынан келіп отырған әдебиеттанушы оқытушылар бізге қызғана да қызыға қарайтын.
Ғалымның әрбір дәрісі құнды ақпараттарға, терең сезімге, махаббатқа толы болатын.
Жүйелі сөздері жүректен шығып үлкен толғаныспен тыңдаушыларын баурай ала
жөнелетін. Ол талантты жазушы ғана емес, сонымен қатар көптеген жас жазушылардың
тәлімгері бола білді.
Достарыңызбен бөлісу: