«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


Х. ЕРҒАЛИЕВТІҢ «КҰРМАНҒАЗЫ» ДАСТАНЫНДАҒЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ



Pdf көрінісі
бет18/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

Х. ЕРҒАЛИЕВТІҢ «КҰРМАНҒАЗЫ» ДАСТАНЫНДАҒЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ 
БЕЙНЕСІ 
 
Бисекешова Р., 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті - Ақтау қ., Қазақстан 
Ғылыми жетекші: Каримсакова Б.А.  «Қазақ филологиясы» кафедрасының 
қауымдастырылған профессоры м.а - Ақтау қ., Қазақстан 
Бүгінгідей түрлі мәдениеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған 
заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен тұлғалардың қалдырған мұрасына қайта 
үңілу оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік.
Заманының заңғар ақыны қазақ әдебиетіне өзінің дара ізін қалдырған Хамит 
Ерғалиев - қазақ оқырмандарына кең тынысты, этикалық үн туындыларымен барынша 
танымал болған суреткер. Кезінде академик жазушы З.Қабдолов «Хамит Ерғалиев - 
жапанға біткен жалғыз қайың емес, қазақ әдебиетінің құнарлы топырағында заманымыздың 
нұр шұғыласына белене жайқалып өскен көк ормандай көп қайыңның бірі. Демек, Хамиттің 
қадір-қасиетін сөз ету қазақ әдебиетінің қалаулы сипаттарын байыптау екеніне дау болмаса 
керек»,-деген болатын [1]. 
Хамит поэмалары тақырыбы жағынан жан-жақты. Халқымыздың өткені мен бүгінгі 
өмірде ақынды қызықтырмайтын, ақындық шабытын шақырмайтын оқиға жоқ. Мұның өзі 
заңды да. «Өткенді білмей тұрып, бүгінгіні түсінбейсің, ертеңгіні болжай алмайсың», – 
деген Горький. Халқымыздың азаматтық тарихындағы елдік пен ерлік шежіресін 
жырлағанда ақын оны бүгінгі күннің рухани қажеттілігі мен ертеңгі күннің биік талап-тілегі 
тұрғысынан бейнелеуге ұмтылады.
Әдебиет майданында жүрген қырық жылға жуық уақыт ішінде ол отыздан астам 
кітаптың авторы атанды. Әдебиетіміздің алуан түрлі мәселесіне жан-жақты қатынасып, 
қоғамдық ой айтуда, қаламдастары туралы пікір қозғауда да білек сыбанып еңбек етіп жүр. 
Алуан тақырыптағы өлеңдерімен қатар ақын қазақ әдебиетінің қорына халқымыздың өткені 
мен бүгінгісін паш ететін «Әке сыры», «Жас ана», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің 


57 
ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Оралдағы отты түн», «Құрманғазы», «Аңыз ата», 
«Жылдар, жылдар», «Күй дастан» поэмалары сияқты толыққанды, күрделі туындыларды 
өмірге әкелді.
Ақын бұл поэмаларында еркін, азаптан азат өмірді аңсаған жылдар, жандардан 
бастап, сол өмірді өз қолдарымен жасаған адамдарға дейін қастерлейді, ағынан ақтарыла 
шындық шежіресін жасайды. Халқымыз бастан кешірген қилы-қилы мезгілдердің қай 
тұсынан алынған қаһарман болмасын автор оқырманын соны жітік тануға, сүюге 
ынтықтырады, қимыл-әрекетіне қызықтырады. Қаһармандар жағына белсене шығып алып, 
олардың жауларымен іштей сіз де күресесіз, қызынасыз. Сөйтіп отырып, сол тұстағы 
халықтың хал-ахуалымен танысқаныңызды аңғармай да қаласыз. Біздіңше, бұл эпик 
ақынның ауқымы молдығын, шеберлігін аңғартады. Ақын қаламынан ұзақ жылдар бойы 
өніп отырған осы дастандарға жеке-жеке тоқталайық. Ақынның 
шоқтығы 
биік 
дастандарының бірі - «Құрманғазы». Күй атасы атанған Құрманғазы бейнесін ақын өнеріне 
тән өзіндік әлемінде ашуы жаңашылдық, яғни Құрманғазы бейнесін қарапайым қоғамнан 
тыс асқақ күйлерімен қатар алып сипаттаған. Күйшінің жұтаң өскен балалық шағын «Ақсақ 
киік» күйімен болашағына сапар шектіріп, кейіпкер атынан сөйлейді. 
Кел маған 
Қарғамай кел! 
Түнейік бір. 
Сен өлмей жүрегімде шошы да жүр!
Бұйырсын жайлауыңа менің жаным, 
Кел, менің құшағыма күй болып кір! [2] 
Автор үлкен шығарма жазар алдында көп ізденіп, көп толғанып, үлкен әзірлік 
жасайды. Ол «Құрманғазы» дастанын жазу үшін де оның кім екендігін жете зерттеп, 
көңіліне тоқып, санасына құйып алды деуге болады. Құрманғазы - өзіне қарсы соққан дүлей 
боранға бой бермеген, қатал заманның заңына қасқая қарап тұрған, қайсар да дарынды 
адам. Таусылмайтын кектен, буырқанған ызадан оның құдіретті күйлері туған. Сан тұлғаны 
шындық күйінде шынайы жеткізу үшін ақын көп ойланды, көп толғанды, ұзақ жыл бойы 
жан-жақты зерттеп, ойы бір арнаға тоғысқанда барып, шығармасын жазуға кірісті. 
Хамит Ерғалиевтің «Кұрманғазы» дастаны-қазақ әдебиеті тарихында өте жоғары 
бағаға ие болған дастандардың бірі. Автор дастанды оңай жаза алған жоқ. Себебі күйші 
өмір сүрген кезеңнен мәлімет аз еді де, халық арасында, ол жөнінде әңгімелер әр түрлі 
болатын. Тіпті кейбіреулері бір-біріне қайшы келіп жататын. Алайда қаламгер Құрманғазы 
Сағырбаев өмірінен жақсы хабардар болған. Балалық шағынан күйші туралы көп естіген 
Хамит Ерғалиев «Жақсыдан шарапат» кітабында сол кезді еске алады: «Туып-ескен жер 
табаны біздің ауылға Құрманғазының Азғырынан да, кейінгі қонысы Сахмадан да 
әлдеқайда жақын Қабылан дейтін күйші жаз айларының бірінде біздің үйдің қонағы болды. 
Кешкілікте малды жайлап болған соң жиналған қанаттас ауыл адамдары есік-төрі үлкен 
кісілерден ауыспаған алты қанат үйдің іргесін айнала түргізіп сыртқа да тығыз орналасқан. 
Ел ағасының еркесі - мен ғана аспалы шамның астында, Құрекең шәкірті кәрі Қабыланның 
қарсы алдында жаңағы бала Құрманша жатып алсам керек. Ол сәттегі менің ұғымымда 
домбыра ұстағанның бәрі дерлік атын ауызға алмай күй шертпейтін Құрманғазы - осы кісі. 
Қабылан Кұрекеңнің қай күйі қандай жағдайда туғанын ауызекі айтып отырып тартатын 
кісі екен. Түннің бір уағына созылған қақтығыс-соқтығысы мол тарих пен кеудеңе тура 
сөйлеп сұғынатын сиқырлы саздарға мен де көзімді бір ашып, бір жұмып ұйып қалыппын» 
- дей келіп, балалық шағындағы естеліктерімен тоқталып қалмай, одан әрі күйші өміріне 
тереңдей ізденеді: «Шайтани аралында жерленді деп жүрген Құрманғазы зиратын мен 1952 
жылғы сапарымда қалмақша Күрлік, қазақша Албасты төбе деп аталатын биік жотаның 
басындағы көне қорымнан тауып қайттым. Оған мені Құрекеңнің көзінің тірісінде көріп 
қалған Ыбыр аға Досәлиев бастап апарып, құлыптасын көрсеткен». Одан әрі күйші 
зиратының қасындағы үлкен жолдан өтіп бара жатқан жолаушылардың тоқтап, аттан түсіп, 
жаяулатып жүретінін, және зират басындағы діңгекке байлаулы ақша салынған 


58 
түйіншектер көргенін айтады. Оның үстіне топырақ арасынан түрлі нәрселер - құран сүресі 
жазылған қағаздар, ескі ақшалар тапқанын да әңгімелейді. Miне, осындай жағдайларды 
басынан өткеріп, барлығын ой елегінен өткізіп, шындықты шыңдай түскен автор, өте құнды 
шығарманы халыққа ұсынды. Байқап отырғанымыздай, кейіпкердің көңіл-күйі, ішкі 
толғанысы асқан шеберлікпен берілген. 
Шығарманың арнауы, прологы мен эпилогы «Қозыбақ сазы», «Ақсақ киік», 
«Ерегіс», «Келін жолы». «Тұтқын», «Сот алдында», «Қайран шешем», «Бұрқасын», «Айжан 
қыз», «Құтқару», «Ұстаз», «Абақтының алдында», «Қызыл қайың қонағы», «Жатақтағы 
жақсы кеш», «Арман ағысы», «Шалғайдағы шапқын», «Сарыарқаға сапар», «Көбік 
шашқан» [3] деген жеке-жеке тараулардан тұрады. Олардың барлығында да күй атасы 
Құрманғазының бастан өткізген, өзі куә болған оқиғалар шынайы, кейіпкерінің көңіл-күй, 
ішкі сезім иірімдерімен үлкен толғаныспен баяндалады. 
Дастан барысында халық өкілі Құрманғазы бала кезден бастап, өмірінің ақырына 
дейін қалың бұқараның басындағы қиындықтың бәрін көреді. Автор «Пролог орнына» 
тарауында уақыт тынысымен таныстырса, «Ақсақ киік», «Қозыбақ» тарауларында алдағы 
қилы тағдырлар мен түрлі тартыстарға жол ашады. Бай малын бағып жүрген бала 
Құрманғазы «Ұзақ» күйін аңсары ауып, қурай ызыңына құлақ түріп, өз басының халін 
түсінгендей болады. Аяғына оқ тиіп, ақсаған киіктің де өз тағдырына ұқсастығын сезеді. 
«Ерегес», «Келін жолында», «Тұтқында» тарауларында оқиға ширыға дамиды. 
Құрманғазы елді зар илеткен Әбубәкір Ақбаевтан өзінің сүйген жары Әуесті арашалап 
алады. Бірақ Дөңбай қажының қарадойыр тобы Құрманғазының үйін ойрандатып кетеді. 
Ал, Құрманғазының қатты күйінген ағасы Бейғазы қажының бір үйір қысырағын айдап 
әкетіп, кедейлерге береді. Дастанның одан әрі қарайғы оқиға желісінде осы қақтығыста 
үстем тап өкілдерінің кісі өлтіргені Құрманғазы мен Бейғазының қолға түсуі, Ақбаев 
үйіндегі сот ширыққан оқиға желісімен беріледі. Тағдыр талқысына шираған ағалы-інілі 
екеу соттан именбей, халықтың қолдауымен негізсіз жаладан босанып шығады. Өздерінің 
жеңіліс тапқанынан өшіккен қанышерлер Құрманғазыны Астрахань түрмесіне айдайды. 
Атақты күйші түрмеден қашып шығып, адай елінде атақты Мамырайдың Айжан қызы 
ауылында боп, ат мініп, шапан киіп қайтады. Енді оқиға қайта өрши түседі. Келсе, інгендей 
боздап анасы жалғыз қалған, алты айлық ұлы менсүйікті жары Әуесті патша шабармандары 
алып кеткен. Осындай жағдайларды көп көрген Құрманғазы шын күреске ұмтылады. Осы 
тұста күйшінің «Қайран шешем» күйі дүниеге келеді. 
Содан бала-шағасын тұтқыннан босатып алған Кұрманғазы Жиделіден хан ордасына 
қарай ығысады. Бұл жерде ауқатты адамдар тұқымымыз деп бүркеншік жалған атпен 
жүреді. Мұның астарында үлкен сыр бар еді. Жас жігіт бұрын жеңіліс тапқан көтеріліс 
басшылары Исатай мен Махамбеттің ерлігін елге жария етіп, халықты сұлтандармен 
күреске шақыратын «Кішкентай» деген күйін шығарып, өлең арнап, оларды елге 
жариялағаннан соң, үлкен думанда өзін сездіріп қойып, ұлықтар қолына түсіп, қайта 
қамауға алынады. 
Дастанда тараулар өзара тығыз байланыста дамиды. Қайрат, жігер қайтадан қамауға 
алынған күйшінің еңсесін баса алмайды, керісінше, кеудедегі ыза мен ашу күй болып 
жатады. Ақын кейіпкерінің бірбеткейлігін, сөзге беріктігін, өжеттігін суреттеу арқылы 
оның өз маңындағы адамдардан ерекше екенін аша түседі. Құрманғазы жауларының 
алдында жартастай биіктұр. 
Автор күйші портретін жасауда асыра сілтеп, орынсыз дәріптемейді. Адамға тән 
қасиеттер арқылы ғана оның мүсінін шебер бейнелейді, «сом жігіт», «жебелі қара мұрты, 
қара сақай», «мұзбалақ, дөң қыраны», «ала көз, алпамсадай, қабақты жан» деп қана бет 
пішінін суреттеген. Күйші тұлғасын жасауда ақын адамдық қасиеттерден алыс кетпейді. 
Құрманғазы - құшағы ашық, елжіреп тұратын, қағылез, достыққа әзір, бауырмал жан. Ал 
керегінде қатал да бола алады. Айбарлы да сұсты, өнеріне сай қайраты бар, тұлғасына 
батырлық, ерлігіне серілігі сай кесек адамды көреміз. 


59 
Қорыта келе ақын поэтикасындағы күрделі тақырыптардың дүниетанымдық 
тұрғыдан көркем бейнелеу үлгісін ғылыми саралау – бүгінгі қазақ поэзиясының бастау 
көздерін анықтауға негіз болады. Соны ізденістер арқылы ақын өлең сөздерін жетілдіріп, 
рухани әлемімізді жаңа әдіс- тәсілдермен, бейнелік оралымдармен, жаңа сөз тіркестерімен 
образдық үлгілермен толықтырған. Х.Ерғалиевтің поэтикалық әлеміндегі бейнелі суретті 
образдардың мәні қазақтың ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен астасып 
жататындығымен құнды. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қабдолов З. Жанр сыры. Алматы, 1964 ж. 
2. Ерғалиев Х. Екі дастан. Алматы, 1949 ж. 
3. Ерғалиев Х. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1954 ж. 
4. Ерғалиев Х. Құрманғазы. Москва, 1954 ж. 
5. Ерғалиев Х. Құрманғазы. Поэма. Алматы, 1962 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет