АҚШАГҮЛ РАМАЗАНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ
АРНАУ ӨЛЕҢДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Каджанова А.,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс магистранты- Ақтау, Қазақстан
Ғылыми жетекші: Қамарова Н.С., ф.ғ.к. -Ш.Есенов атындағы Каспийтехнологиялар
және инжиниринг университетінің профессоры,-Ақтау, Қазақстан
Арнау жыр жазбаған ақын кемде кем шығар. Арнау жырлары дегеннің өзі –
шығарманың белгілі бір объектіге бағытталып шығарылуы. Бұл арнау жырын анықтауда
басты белгісі болғанымен, мұнымен қатар арнау жырларының өзіндік құрылысы, өлең
өлшемдері объектіні қамту ерекшелігі болады. Арнау жырларының шығу тегі мадақ
жырларымен тығыз байланысты болғанын бұл жанрды арнайы зерттеген орыс ғалымдары
да баса айтады. Адамзат тарихында қоғамдық құбылыстардың белгілі бір зандылыкпен іске
асатынын ескерсек, қазақ халқының мадақ жырлары мен ежелгі рим, грек. орыс
одаларының түп төркіні де бір екенін көреміз. Мысалы, ежелгі қоғамда мадақ жырлары
(ода) адам өміріндегі ерекше оқиғаларды, адам батырлығын, мінез ірілігін. табиғаттың
ерекше құбылысын мақтауға арнаған. Ежелгі грек ақыны Пиндардың осы тұрғыдан
өлеңдері кейін көп халықтың лирикаларына арқау болуы да сондықтан шығар. Ал бұл
құбылыс ежелгі Римде мемлекетті, оның басшысы Августы мақтау түрінде көрініс берген.
Бұл құбылыс Орхон-Енесей жазуларындағы Білге қаған, Күлтегін жырларындағы
қағандықты, қағанды мақтаумен астарласып жатқандығы тарихи шындық.
Француз халқындағы ХҮІ ғасырларда ерекше көрініс тапқан одалар мен ХҮ
ғасырдан бастап өзінің жаңа даму сатысына көтерілген жыраулар шығармаларындағы
мақтаулар тікелей байланысты болмағанымен, генетикалык жағынан арнау өлеңдерінің әр
елде өзіндік көрініс беруі екені даусыз. Мұндай мадақтау өлеңдері шығыс поэзиясында
"қасыда" түрінде көрініс берді. "Касыда" дегеніміз - бірнеше бәйіт бір ұйқаспен жазылатын
өлең түрі, мақтау жыры. Бұл өлең түрі кезінде Фердоуси, Науаи, Мактымқұлы, Низами
және
т.б.
шығармаларында
кеңінен
қолданылды.
Ерте дәуір әдебиеті мен одан кейінгі кез арнау өлендерін саралап қарастырсақ, арнау өлеңі
өзінің құрамына мадақ жырларын да, аңсау түрінде жазылған өлеңдерді де, сатиралық
89
тұрғыдағы шығармаларды да, ағартушылық тұрғыдағы ірі шығармаларды да қамтығанын
байқаймыз.
Ф.Брокгауза мен И.Ефрон құрастырған «Энциклопедиялық сөздікте» [1] арнау жанры
«философиялық толғаныстан бастап, сатиралық суреттеуге дейін» кең ұғымдағы мағынаға
ие екенін айтады. Бұл арнау жанры өзінің таңдап алған тақырыбы, арнаған адамына,
табиғатқа байланыстылығы жағынан сан алуан екендігін, оның әртүрлі түрлерінің көптігін
көрсетеді. Бірақ бұл жерде «жанрдың ой түюі» деген мәселе ұмытылмауға тиіс. Егер олай
жасамасақ кез келген арнау сөзін арнау жанрының объектісі ретіңде қарауға тура келеді.
«Жанрлық толғаныс» арнау жанрының тарихи-әдеби процесс кезінің әртүрлі сатысындағы
жанр түріндегі көкейкестілігін көрсетеді.
Арнау жанры бұрын-соңды әдебиеттану ғылымында негізінен дәстүрлі лирика
жанрының бір түрі ретінде қарастырылып келеді. Бірақ солай бола тұрса да ешкім арнау
жанрының «философиялық-теориялық, дидактика-публицистикалық, махабаттық-достық-
сатиралық» табиғатын жоққа шығармайды. Ал арнау жанрының табиғатының
тақырыбының өзгеруіне негізгі себеп әлеуметтік жағдай екенін барлық зерттеушілер
мойындайды. Бұл мойындау ерте кезден бүгінгі күнге дейін арнау жанры жеке объект
ретінде сөз болғанын көрсетеді.
Арнау жанрының табиғатын анықтауда А.Квятковский «монологтық поэзияның
ежелгі жанры» [2, 96] деген пікір айтады. Бірақ бұл тұжырымды автор «Хат формасы»
түрінде түсіндірмек болуы жанр жоғалады деген ұғымға алып келген. Арнау жырының
монологтық түрде өріс алуы түркі халықтары, соның ішінде қазақ жыраулық поэзиясында
ерекше дамығанын орыс зерттеушілері көрмейді немесе көргісі келмейді.
Қазақ фольклористикасы мен әдебиеттану ғылымына тән арнау жанрын оның
мазмұнына қарай жүйелеу Г.Н.Поспеловтің пікірімен үндестік табуы қай халықтың болсын
рухани дүниесін жүйелеу ұлттық ерекшелікпен қатар, көркем шығарманың табиғатының
ортақтығына қарап та бағаланатынын көрсетеді. Ғалымның айтуынша «шығарманың
жанрлық ұқсастығын оның мазмұнының аясынан іздеу керек» - дейді. Сондықтан да оның
пайымдауынша, «белгілі бір тұлғаға шығарманың бағытталуы тек сыртқы белгі ғана» дейді.
Г.Н.Поспелов: «Послание – это мотивировка лирической медитации, начинаюшейся с
обращения к тому или иному лицу. Это обычно лишь внешний вид для высказывания, сам
по себе еще ничего не говорящий о том, с чем и для чего поэт к кому-то обращается. Такой
прием мотивировки может быть применен в разных жанрах - в оде, элегии, романсе,
лирической сатире, эпиграмме и т.д.» [3, 15].
Ақынның мақсаты елдік ұстанымды ту ету, ұлы дала төсінде дәстүрі бұзылмаған,
іргесі берік ел болып қала беру екені белгілі. Ақшагүл ақынның өлеңдерінің бір арнасы –
арнау өлеңдер. Олардың әрқайсысы белгілі бір адамға, көрнекті тұлғаларға, өнер
адамдарына, ақындарға арналған. Әр өлеңнен философиялық ой көреміз. Атап айтқанда, ол
үшін Әбіш, Фариза, Оңайгүл, Светқали сынды тұлғалар көркем ойдың келісті үлгісі екені
көрінеді. Өлеңмен арнау, халықпен сырласу – Ақшагүл Рамазанова шығармашылығының
сүйікті жанрына айналған. Ақын жүрегінен жалын боп атқан жыр оты жыр сүйер қауымға
мұқалмас қайрат қосты.
Ақшагүл ақынның «Ініме тілек» өлеңінде бауырына деген бауырмалдығы,
сыйластығы, сүіспеншілігі айқын көрінеді:
Қазақтың түгел жігіті,
Бірі де ағам, бірі інім,
Бабамның білте үміті,
Жақсыдан қалған құлыным!...
Мінезден таппай олқылық,
Жігітте болу демек сын,
Айтардай ауыз толтырып,
Болғанға Інің не жетсін,
Болмағай жаным асылық,
90
Бал-балдың тінтіп бар құзын,
Қаратау қалған жасырып,
Жалаудан қалған Жалғызым!.. [4, 96],
– дей келіп, інісінің атадан жалғыз екені айтып, жанына жалау тұтады. Өлең ары
қарай былай жалғасын табады:
Таппадым қалқам мініңді,
Мінезде мүлдем қағыс қап,
Бағасы бөлек Інімді,
Талғатжан кеткен табыстап...
Масайрап бүгін Қаратау,
Маңында қалқам күліп тұр,
Тауларым басты шұлғыңдар,
Қасиет бойда тұнып бір,
Жалаудан қалған үлгің бар...
Жайсаңдық жаным жолдас-ау,
Жүресің қалқам тек күліп,
Тегінде сірә болмас-ау,
Тегіңде қалған Тектілік!
Шайырың бүгін гүлденген,
Шахардан артық қарашы,
Іргеміз бөлек жүргенмен,
Бір Шалдың біздер баласы!.. [4, 96]
Бұл арнау өлеңде ақын інісінің жайсаңдығын, мінсіз мінезін, әкесінің тектілігі інісіне
берілгенін щабыттана жырлайды.
Ал ақынның «Қашаған ата» өлеңі өзінің айтуы бойынша 1980 жылы Алматыда қазақ
поэзиясының падишасы Фариза апайдың үйінде қонақта отырғанда туған екен.
Күн үшін құйрық-бауыр асамадың,
Ешкімге жағымпаздық жасамадың.
Жырдағы желіп келген жүйрігім ең,
Ақпа бұлақ арқалы Қашағаның! [5] -
деп басталатын өлеңде жыр жүйрігінің бірбеткей мінезін, ақпа-төк жырларының
қуатын жырға қосады.
Арнау жырларының жанрлық табиғаты айшықты, көркемдік деңгейі биік болады.
Бұл тұста туған жырлар нағыз дәуірге, қоғамдық өмірге байланысты болып, нақтылы
объекттерге бағытталады, шешендік пен шеберлік те тығыз ұштасқан болады. Ғалым
Б.Кәрібозұлы арнау өлеңдерді «Характердің көрінуіне тікелей қатысты жанрдың бірі –
арнау өлеңдер. Себебі өлеңнің көпшілік жағдайда екінші жақтан өзінің арналған
нысанынан басталуы, содан кейін затқа не құбылысқа сипаттама жасалуы, олардың өзіндік
ерекшелігі болып табылады» [6, 211], - деп сипаттайды. Осы орайда ақын
А.Рамазанованың арнау өлеңдер жазудың шебері екенін атап өттік. Арнау өлеңдерінде
характер жасау шеберлігі тек өзіне ғана тән ерекшелігімен көрінеді.
Қазаққа батты-ау қазаңыз!
Ардақты аға! Әз Абыз,
Қош кетті-ау күндер сазы аңыз,
Алаштың ұлы ең, Айбарлы!
Халқыңа батты-ау ҚАЗАҢЫЗ!...
Жігерді қайрап жаныр күн,
Тап өзіндей едің-ау Тәңірдің!
Қазақтың айтып болмысын,
Құндылықтарымды таныр кім?! [7]
Әбіш ағаның қазасы жанына батқан Ақшагүл ақын жоқтау жырын осылай
айшықтайды.
91
Халқыма біткен Әз әнім
Таусылар ма екен?Аза мұң!
Қабырға сөгіп қайғырды-ау!
Қарға тамырлы ҚАЗАҒЫҢ!
Биік ұстап өзіңнен Ар-Күнәні
Тірлікте адамдығың Қалғымады
Жалғаншыны барасың жарқ еткізіп,
Ақ сөйлер, Алашымның Арғымағы!
Тау құздың жылағандай мұз бөктері
Қайғырып, бар Қазағың сіз кеткелі... [7]
Ақын бұл қайғы бүкіл қазақтың қайғысы екенін жеткізеді.
«Дегенмен осы дәуірдегі арнау өлеңдері өзінен бұрынғы дәуірлердегі тектес
поэзияның сипатын дәстүрлі тұрғыдан танытумен бірге, өзіндік ерекшеліктерімен де көзге
түседі. Ең алдымен, арнау жырларының жерлік, дәуірлік сипаты өте айшықты болып, әр
туындының тарихи артқы көрінісін тануға зор мүмкіндік берді» [8], - деп баға береді қазіргі
ғалымдар.
Қорыта келгенде, ақынның арнау өлеңдерінен өзінің отбасына, замандас достарына,
алдыңғы буын ағаларына, халқына деген шынайы махаббатын көреміз. Тау биіктігімен,
теңіз тереңдігімен көрікті десек, Ақшагүл ақын жанға жақын жырларымен сүйікті,
өлеңдерімен көрікті.
Ақын Ақшагүл Рамазанова – қазақ поэзиясында арнау өлең жазудың да шебері.
Арнау жазудағы ақынның өзіне тән қолтаңбасы, айтар тартымды ойы, оны жеткізер өзіне
тән стилі мен сөзі, өзіне тән сөйлеу еркешелігі бар. Арнау жазбаған ақын кемде кем. Бірақ
А.Рамазанова арнаулары өмірдің нақ өзі болып көрінеді. А.Рамазанованың арнау өлеңдерін
оқи отырып, ақынның өмірді, адамдарды танудағы сезімталдығын, ойлай білу, жаза білудің
ерекше қабілетін байқаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Энциклопедический словарь. – Т. І-a: Алтай – Арагвай / Издатели: Ф. А. Брокгауз,
И. А. Ефрон; Под ред. И. Е. Андреевского. – СПб.: Семеновская Типолитография (И. А.
Ефрона), 1890. – 485 с.
2. Квятковский А.П. Словарь поэтических терминов Изд. стереотип. URSS. 2020. 240
с.
3. Поспелов Г.Н. Лирика: Среди литературных родов / Г. Н. Поспелов. - Москва :
Изд-во Моск. ун-та, 1976. - 208 с.
4. Рамазанова А. Қыз көктемнің жүрегі. Өлеңдер топтамасы. Алматы: Үш Қиян,
2018. – 272 б.
5.
Рамазанова
А.
Қашаған
туралы
өлең.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100004369458752
6. Кәрібозұлы Б. Сырлы сөз сипаты: (Ғылыми монография) / Б.Кәрібозұлы; Жауапты
ред. З.Қабдолов.- Алматы: Қазақ университеті, 2003.- 281 б.
7.
Рамазанова
А.
Әбіш
ағаны
жоқтау.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100004369458752
8. Ысқақұлы С., Орнықбайұлы Ә., Жарылғапов Ж. Арнау өлеңдердің сатиралық
сипаты. ҚарМУ Хабаршысы, № 4, 2018 https://articlekz.com/article/29977
Достарыңызбен бөлісу: |