«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ҚАДЫР ӘЛЕМІ – МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМІ



Pdf көрінісі
бет32/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

ҚАДЫР ӘЛЕМІ – МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМІ 
 
Қасен А.Ә., 
7М02701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранты;- Ақтөбе қ., 
Қазақстан, Ғылыми жетекшісі: Н.Ә.Сәдуақас, ф.ғ.к., доцент, Қ.Жұбанов атындағы 
АӨУ, 
k.aisanka_93@inbox.ru
,-Ақтөбе қ., Қазақстан 
Адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді: бірі - өзінен 
бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі - өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі 
мақсат орындалған жерде ғана шын мәніндегі әдеби туынды бар. Шын мәніндегі әдеби 
туынды дегеніміздің, Леонид Леонов айтқандай, мазмұн жағынан жаңалық ашу, пішін 
жағынан өнер табу болатын себебі де сондықтан. Қазақ әдебиетін жасасып, тыңнан түрен 
салғаны деп Қадыр Мырзалиевті айтсақ болады деп ойлаймыз. Қадыр – философиясы терең 
ақын. Ә. ре Нұршайықов атамыз былай деген екен: «Ақындардың бәрі ой толғайды, бірақ 
ойшыл ақындардың бәрі бірдей философ бола ре бермейді. Сен ре ойламаған ойын, ре оқымаған 
кітабың ре жоқ, ендігі ре философ ақындардың ре бірегейі едің»[1].
Қадыр Мырзалиевтің «Бұлбұл бағында» мынадай бір сырлы шумақ бар: 
Жүйрік арман қуып жете қалсаң-ақ, 
Жалт береді, 
Соның өзі бір сабақ! 
Осалдар жүр өзін жұрттан артық деп, 
Ал мықтылар өзін жұрттан кем санап [2]! 
Тап-таза шындық! 
Алдымен, азамат ойдың ешқашан арманы таусылмақ емес. Ардан туған адам 
әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан өлгенге дейін қуады және 
сол арманның шегіне жетпейді, жетсе де жеткенін сезбейді. «Арманым жоқ дейтіндер» 
қателеседі, яки өтірік айтады. Адамның арманы болмаса, ертеңі болмағаны; арманы бітсе, 
ертеңі бітеді, мақсаты түгесілгені; арманның таусылған жері – адамның өлген жері. Саналы 
кісіге мұның өзі сабақ екені рас. 
Содан соң, осалдардың өзіне-өзі қарық боп, өз деміне өзі буланып, күпсіп жүретіні, 
ал мықтылардың өзіне-өзі өңі толмай, өз ісіне өзі разы болмай, өзін-өзі сынап, мінеп 
жүретіні және рас. Айтатыны жоқ, осалдық деген де бір бота тірсек бозбалашылдық. 


99 
Осалдар өпірем, өрекпігіш, бойлауық, күпілдек келеді. Осалдығын сонымен жасырмақ 
болады. Онымен де қоймай, осалдық омыраулап, мықтылықты біраз көзден тасалап, 
ықтыра алмаса да бұқтыра тұруы мүмкін. Бірақ мықтылық деген – мықтылық, түбінде 
осалдық атаулының бәрін көне томдай қопара құлатып, сілкініп шыға келетіні сөзсіз. 
Осындай мықтылық иесінің бірі – Қадырдың өзі. Дәлірек айтқанда, Қадірдің қадірі 
– мықтылығында.
Мықтылығының бір дәлелін З.Қабдолов былай көрсетеді: Қадыр өлең өлкесіне 
күйдеңсіз, кібіртіксіз, тіпті ешқашан ешбір жаттығу жасамағандай бірден кәнігі шебер 
қалпында келді. Мұны біз тұңғыш рет қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясында 
танып-білген едік. 
Қадыр атамыз балалар әдебиетінің керемет шебері. Шебер болатын себебі ақын 
жеңіл әзілді суреттей отырып кейіпкерлерінің шынайы бейнесін көз алдымызға келтіретінін 
айтуға болады.
Мысалы «Әттеген-ай» деген өлеңіндегі мына бір баланың орнында кез келгеніміз 
болғанымыз әбден ықтимал:
«Ойнадым, ойнадым, 
Ойынға тоймадым. 
Шегім де бұралды, 
Сонда үйге оралдым. 
Мен жоқта үй іші 
Екі рет шәй ішіп, 
Тамағын пісіріп, 
Табаққа түсіріп, 
Өздері тойыпты, 
Маған аз қойыпты. 
Ет екен демедім, 
Өкпелеп жемедім.
Ал апам күлді де, 
Майлы шек, тілді де 
Қалдырмай жеп қойды, 
— Тәтті екен!— деп қойды. 
Өйтерін білмедім, 
Өйтерін білгенде 
Өзім-ақ жейтін ем, 
— Аз емес!— дейтін ем» [3]! Өлең жолдарына үңіле отырып қай дәуір, қай жыл, 
қандай уақыт болса да «баланың аты бала» болады екен ғой деген ойға келесің. Себебі дәл 
қазіргі заманда да бала мен ананың ас үйдегі көрінісін осы өлеңнен көріп отырмын.
Ал енді мына бір өлеңінде:
«Қанкөбелек ойнадық, 
Қызығына тоймадық. 
Біз айналдық, 
Бізбен бір 
Жатты дала айналып. 
Екі көзге жас тұнған, 
Болып кетті тас тұман. 
Қара жер зыр жүгіріп 
Қашты аяқтың астынан. 
Рас біздің сөзіміз, 


100 
Сөзімізге сеніңіз. 
Сенбесеңіз, 
Өзіңіз 
Шыр айналып көріңіз!» [3], - ақынның балалық шағындағы шыр көбелек айналып 
ойнаған ойын әлі күнге дейін бала біткеннің зор рахат алып, қуана ойнайтын ойыны емес 
пе?! 
Ақынның «Қояным» деген өлеңінде де мейірімді кейіпкер суреттеледі. Қоянның 
көзіндей үлкен кең жүрек бала ақынның боямасыз портретін береді. Өлеңге құлақ түрелік:
«Бір қоян асырап келемін, 
Оған мен көп уақыт бөлемін. 
Өзі бір сүйкімді, 
Бар менің 
Сол үшін шығарған өлеңім. 
Кісіге қараған кезінде 
Бір үрей тұрады көзінде. 
Су жүрек деп оны сөгер ем, 
Қорқам ғой кейде мен өзім де! 
Күшігім 
Өзі адамға үйірсек, 
Өліп-өшіп ойнайды. 
Қиқуласып жүгірсек, 
Қашып жүр деп ойлайды. 
Қуып жетіп қалғанда 
Білмейді не істерін. 
Балтырыңнан алғанда 
Батырмайды тістерін» [3]. Автор суреттеп отырған қоянын «батырмайды тістерін» 
деп жамандыққа қимайды. Қаламгер қандай мейірім иесі болса кейіпкері қоян да сондай 
мейірімді, сүп-сүйкімді. «Балтырынан тістемегеніне» балаша қуанып оқырман да отырады.
Сонымен Қадыр Мырзалиев – мейірімге толы өлеңдердің авторы. Әдебиет үшін 
өлшеусіз үлес қосты деуге әбден болады. Себебі «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп» деген 
сөз тура Мырзалиев шығармашылығына қатысты дер едік. Ол кісінің өлеңдерінен мейірім, 
жылы шуақ, бақыт, қуаныш, сүйіспеншілік желі есіп тұрады. Қадыр атаның балаларға 
арнап жазған әзілге толы өлеңдерін оқи отырып екі езуің жиылмайды екен. Ойымызға
жаздың алаңсыз шақтары, қыс айларының қызықтары, мұзға барып сырғанақ тепкен 
сәттеріміз, отбасында болып жататын қызықтар, т.б. тәтті сәттердің елесі сықылықтайды. 
Өлеңдерінің астарында балада ғана болатын аңғалдық, шынайылық лебі бар. Ақын 
жанының қаншалықты нәзік екендігін өлең жолдарынан сезіндік.
Әдебиеттің тамаша салаларының бірі балалар әдебиетіне деп қалам тербеген нәзік 
жүректі Қадыр атамыздың өлеңдері өміршең болатынына күмән келтірмейміз. Әріп танып 
енді оқуын бастаған баладан еңкейген қарияға дейін өлеңдерін оқыса қыран-топан күлкіге 
қаларлықтай Қадырда нағыз юмор бар дегіміз келеді. Сондықтан да ақынның бұл өлеңдерін 
түгел бір отбасы сүйсініп оқитындай дәрежеге көтеруіміз керек. Бала тәрбиелеп отырған 
отбасының кітапханасында Қадырдың шығармашылығы болуға тиісті.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым.мектеп жасындағы оқушылар мен 
көпшіліккеарналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б., Сужикова А. – Алматы. 
«Алматыкітап баспасы», 2009 
2. Мырза Әли Қ. «Күміс қоңырау». Таңдамалы туындылардың көп томдығы. –
Алматы, 2001. 
3. Мырзалиев Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы: «Жазушы»,
1989. – 445 б. 


101 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет