БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ІЗГІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
Базарбаева А.
Ғылыми жетекшісі: Молдабаева К.Р., педагогика ғылымдарының магистрі,
М.Мәметова атындағы жоғары колледж оқытушысы-Қызылорда қ., Қазақстан
Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы дәстүрлері арқылы ізгілікке
баулудағы мұғалімнің басты міндетінің бірі – халықтық тәрбие құралдарын үнемі сабақта
және сабақтан тыс тәрбие сағаттарында қолданып отыру. Елбасының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы жарыққа шыққаны баршамызға мәлім. Оның басты идеясы
– біртұтас ұлт қалыптастыру және қоғамдық сананы өзгерту. «Елбасының соңғы мақаласы
Қазақстанда үлкен бір рухани сілкініс туғызды. Аталмыш құжат тәуелсіздікті жаңартқандай
болып, қаншама рухани сұрақтарға жауап алды. Президентіміздің атап өткен басты
қағидасы – Қазақстан мәдениетін әлемге таныту. Елбасы жастарға жомарт, кең көңілді,
мәдениетті, бостандық сүйгіш, адал азамат болуға шақырады. Сондықтан үлкендер
бұрынғы салт-сананы іріктеп, жаңа заманға лайықты келтіруі керек. Батыс мәдениетіне
еліктемей, өз мәдениетімізді, тілімізді, дінімізді жоғалтпауды ұмытпайық. Сонда Қазақстан
халқы өзінің жинап-терген байлықтарын одан сайын молайтып, келешекте дамыған ұлт
болады». Елбасының мақалада ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы толғамдары халықтың
ел болып заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуға жетелейді.
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік
қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ
ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет
тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті
алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»,
«Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша
қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып
көрсетеді. Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы
237
үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың
кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы
қажеттілігін түсінемін. Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше
басымдық беріп отыр. «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев
«Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт
ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті,
ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Осы
бағдарда ол бабалар ұлағатымен астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын
білдіреді:
Ұмыт болуға айналған бұрынғы ата-баба салты қайта жаңғыртылып, оны
мектептерде оқытудың көптеген кешенді бағдарламалары жасалып, оқу құралдары да
шығарылған. Еліміз бойынша мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруді іске асыруды
көздеген көптеген жалпы білім беру (қазақ мектептері) мекемелері бірнеше авторлық
бағдарламалармен жұмыс істеуде. Атап айтқанда: М.Құрсабаевтың «Атамекен»,
З.Ахметованың «Кәусар бұлақ», Ә.Садуақасовтың «Дәстүр», А.Райымбергенов,
айымбергеновалардың «Мұрагер», М.Х.Балтабаев, У.Ж.Серікболовалардың «Елім-ай»
эксперименттік бағдарламалары өз нәтижелерін беруде.
М.Құрсабаевтың «Атамекен» бағдарламасы І–ХІ сыныптарға арналған. «Атамекен»
– Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісіне қазақ халқының
өзіндік ұлттық айшық ерекшеліктерін, халық педагогикасының тәлім-тәрбиелік
ұстанымдарын қосалқы енгізуді көздейтін ғылыми-педагогикалық және әдістемелік
бағдарлама. Автордың «Қазақ-наме» кітабындағы мәліметіне қарағанда, аталмыш
бағдарламамен еліміздің екі жүзге жуық мектептері жұмыс жасаған, оның ішінде
Қызылорда облысы мектептерінің тоқсан пайыздан астамы бағдарламамен қамтылған.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттерінде былай делінген:
«Өз Отаны мен туған жеріне пайда келтіретін, Елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес
қосатын, білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, өз мемлекетінің Рәміздері мен Ата Заңын,
Президентін, ҚР Заңдары мен халықтар достығын құрметтейтін, өз халқының тарихы мен
мәдениетін, тілін дінін, ділін салт-дәстүрлерін қастерлейтін, бойында патриоттық сезімі бар
тұлғаларды тәрбиелеу ісіне ғылыми әдістемелік тұтқа болу. Қазақстан Үкіметінің білім мен
тәрбие саласындағы күрделі іс-шараларына ұйтқы болу, қолдау көрсету.
ҚР Білім тәрбие саясатына байланысты құжаттар мен бағдарламалардың жүзеге
асуына жәрдем беру».
Атамекен бағдарламасында 1-4 сыныптар арасында жүргізілетін шығармашылық
бірлестік «Балдырғандар ата-баба елінде» деп аталады.
Бірлестік өздерінің талап тілектеріне орай бағыттарын белгілейді. Олар белгілі бір
мерзімдер бойынша бірлестіктерге тапсырылып, шығармашылық жұмыстар жүргізеді.
Төменгі сыныптарда көбіне-көп бірлестікті бастауыш сынып мұғалімі сабақтан тыс тәрбие
шаралары ретінде өткізіп жүр. Мәселен, бағдарламаның бірінші «Салт-дәстүр» бағытын
алар болсақ, мұндағы бесікке салу, тұсау кесу, дәстүрлерімен балалар мектептің алғашқы
жылынан бастап таныс бола бастайды. Себебі ол дәстүрлер бірде - мектеп оқулықтарынан
орын алған болса, енді бірде сол дәстүрлер тәрбиелік іс-шарлардың арқауына айналып
жатады. Ал тоқым қағар, бата-тілек, сәлем салты - екінші сыныптың оқулықтарында
берілген. Яғни, бастауыш сынып мұғалімі сыныптың әр жылғы тәрбие бағдарламасын
жасағанда балалардың түсінік танымына сай материалдарды іріктеп тауып, сонымен қатар
оқулықта берілген материалды кірістіруге ат салысады.
Сынып жоғарылаған сайын балалардың түсінік танымы да ұлғая түседі, олар
көптеген танымдық материалдарды меңгереді. Балалар қоғам және отбасы ғұрыптарымен
танысады. Халықтық діни мейрам-жоралар, Жаңа заман дәстүрлері, «Ата салты» іс-
шараларын өткізуге болады. Мұнан басқа, «Атамекен» бағдарламасында Қазақстан
территориясында тұратын қазақ халқынан өзге де халықтардың көп ғасырлық тарихы бар
салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптармен кеңінен танысады. Мұғалім балаларға өз өмір
238
тәжірибесінен өзге халықтардың дәстүрі туралы қызықты әңгімелерді сабақ үстінде айтып
береді.
Бағдарламаның (5-бағыт) «Сөнбес жұлдыздар» бағытында – мұғалімдер мен
оқушылар қазақтың және өзге халықтардың біртуар перзенттері хандар мен батырлар,
билер, жыраулар, көрнекті қоғам, саяси, өнер және мәдениет, халық ағарту
қайраткерлерінің өмірлері мен қызметтерін терең оқып, танысады. Бұл бағытта балалар
қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің есімдерімен танысып, танымдық
материалдарда берілген үш бидің суреттерін көріп танитын болады. Сынып жетекшісі
тәрбие сағаттарында қазақ билерінің сөзін келтіріп, образдарын сомдайды. Халқымыздың
біртуар перзенттері батырлар, хандар өмірлерінен берілген үзінділер арқылы, олардың ел,
халық алдында жасаған ұмытылмас үлгі істерінен тәлім алады. Хандар, батырлар жайлы ел
аузындағы әңгімелер оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулитын тәрбиенің
таптырмас құралы.
Бастауыш сынып оқушылары «Толғау» бағытында халық ауыз әдебиетінің айтыс,
терме, күй, ертегі, аңыздар, эпостық жырлар тәрізді түрлерімен танысып, ондағы
кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз іс-әрекеттерін талдайды. Осы аталып отырған ауыз
әдебиеті жанрларының барлығы дерлік мектеп оқулықтарында қамтылған. Үшінші және
төртінші сыныптың «Әдебиеттік оқу», «Музыка» пәндерінде айтыс жанры, терме, күй,
эпостық жырлар берілген болса – «Қазақ тілі», «Дүниетану» «Өзін-өзі тану» пәндерінен
ертегі, аңыз, ауыз әдебиетінің ұсақ жанрлары жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштарды
көптеп кездестіреміз. Біз оларды жәй кезіктіріп қана қоймаймыз, олардың бала
тәрбиесіндегі танымдық мәні мен тәрбиелік рөлін сабақ үстінде не сыныптан тыс
жұмыстарда аша түсеміз.
«Атамекен» бағдарламасы балалардың таным түсінігімен үндесіп жатыр. «Домбыра
дастан» бағытындағы қазақтың домбыра, шертер, қобыз, сазсырнай сыбызғы, шаңқобыз
секілді аспаптарымен танысу мектептің «Музыка» оқулықтарында да түгелге жуық
қамтылған.
«Наурыз» бағытында – мұғалімдер тәрбиешілер және оқушылар Наурыз айының
жыл басы екенін қуанышпен тойлайды. Мектепте наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар
ұйымдастырылады. Наурыз тойы кезінде әр сыныпта сынып жетекшісі ата-аналардың
көмегімен «Қазақы дастархан» жайылады. «Наурыз көже» дайындалып, балалар көжеден
дәм татады. Қазақтың құрт, бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая қымыз, щұбат, айран ірімшік,
жент, майсөк секілді дәстүрлі ұлттық тағам түрлерімен, сондай-ақ үлкендердің дәстүрлі
киім (тақия, бөрік, кимешек, тымақ, қамзол, шапан т.б) үлгілерімен танысады. Той кезінде
адамдардың бір-бірімен ынтымақтаса қауышып, төс қағыстыра амандасқан, жылы лебіз
білдірген қазақы дәстүрлерін көріп, балалар мәз-мейрам болады.
Той ойын-сауықсыз өтпеген. Наурыз тойында қазақтың алтыбақан ойынын өткізу
үшін алдын-ала алтыбақан құрылады. Шайқалта тепкен алтыбақан мықты болуы үшін,
арқандарды мықтап байлайды. Балалар қарама-қарсы тұрып, алтыбақан тепкен
ойыншылардың ойынын тамашалайды. Алтыбақан тепкен екі ойнаушының бастауымен
жерде тұрған ойыншылар әуенге қосылып ән салады, балалар да қосылады.
«Ою-өрнек», «Бейнелер сыры» бағытында – оқушылар қазақтың киізге (текемет),
кілемге, жүк аяққа, сандықққа, аяққапқа, туырлыққа, басқұрға т.б. салынған қазақтың
«Қошқар мүйіз», «Қаз мойын», «Өмір жолы», «Түйе мойын» және де қайталанбас зергерлік
айшықтар сырымен танысады. Негізінен ою-өрнекті оқыту бастауыш сыныптың бейнелеу
өнері мен еңбек сабақтарында да қамтылған. Ұлттық ою-өрнек нақыштарынан баланың
бойында өз халқына деген сүйіспеншілік қалыптасып, асқақ сезімге бөленеді
«Ардагер» бағытында – балалар Желтоқсан оқиғасы құрбандары Қ.Рысқұлбеков,
Л.Асанова өмірімен танысады. Бастауыш сыныптың Әдебиеттік оқу, Музыка
оқулықтарында Қ.Рысқұлбеков пен Л.Асанова жайлы мәліметтер берілген. Пән мұғалімі
сабақты өту кезінде «Желтоқсан оқиғасы» жайлы аздаған мағлұматтар бере отырып,
егемендікке ұмтылған қазақ халқының алғашқы қарлығаштары Қайрат, Ләззаттың ерлік
239
істерін баяндайды. Отаршылдық саясатқа қарсы демократиялық қозғалысқа үн қосып,
жүрегі елім деп соққан қазақ халқының өрімдей жастары желтоқсан оқиғасының құрбаны
болды.
«Елім-ай» - эксперименттік бағдарламасының төртінші тоқсаны «Елім-ай» деп
аталған. Қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау кезде шыққан осы бір ән қазақ
тарихының куәсіне айналған. Ән жоңғар қалмақтарының қазақ жерін жаулауға кірген
«ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары туса керек. Әннің мәтіні мен айтылу әуені
күрделі, сарыны қайғылы, сондықтан баланың жас ерекшелігі, түсінігі, түйсіну қабілеттері
ескеріле отырып, жеңіл баяндалады. Мұғалім қазақ халқының басында болған тарихқа
қысқаша шолу жасайды. Бүгінгі өмір жарқын болашақ жайлы әңгіме айтады.
Осы аттары аталып отырған «Атамекен», «Елім-ай» бағдарламаларынан басқа
Ә.Садуақасовтың «Дәстүр» тұжырымдамасы мен З.Ахметованың «Кәусар бұлақ»
бағдарламаларында халықтық педагогика дәстүрлері кеңінен орын алған. Тәрбиенің негізгі
бағыты халық педагогикасы дәстүрлері арқылы жаңа толқын жеткіншектерді ізгілікке
тәрбиелеу. Сондай- ақ бұл жұмыс күнделікті оқу-тәрбие үдерісінің өзегіне айналған.
•
халық педагогикасы дәстүрлері – бастауыш сынып оқушыларының оқу-
тәрбие үдерісінде танымдық материалдар қызметін атқарады;
•
бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық ойындар
балалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру құралы;
•
халық педагогикасы дәстүрлері бастауыш мектеп мұғалімінің ұлттық
танымды қалыптастырудың мақсатты құралы ретінде пайдаланылып, жаңа буынның
ізгілендіру ісіне өз үлесін қосуда;
•
Қорыта айтқанда, халық педагогикасы дәстүрлерін оқу-тәрбие үдерісінде
пайдалану – оқушылардың ұлттық танымын қалыптастырып, олардың өз Отанына, жеріне,
ұлтына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз. Сондықтан халықтық
педагогика дәстүрлерін әрбір сабақта жас ұрпақ бойына егіп, онымен таныстырып, үйретіп
отыру алдыңғы буын ата-аналар мен, мектеп мұғалімдерінің борышты міндеті.
Халық педагогикасы дәстүрлері бастауыш сынып оқушыларын ізгілікке бастайтын
бүгінгі күннің тәрбие нысаны.
Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының халық педагогикасы дәстүрлері
арқылы ізгілік бастауының когнетивті компоненті бойынша қазақ ұлтына тән адамгершілік
сапалары, жағымсыз қасиеттер туралы білімі, халық педагогикасы дәстүрлерінің мән-
мағынасын ұғынуы, ұлтының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімін
айқындау үшін оқушыларға арнайы бақылау сұрақтары мен тестер, сауалнамалар,
тапсырмалар берілуде. Алынған нәтижелерді талдау барысы бастауыш сынып оқушылары
бойында халықтық дәстүрлер арқылы қалыптасқан ізгілік бастауының когнетивтік
компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берері сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының алпы орта білім беретін
ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау
хат.-Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,2017 жыл
2.
Нұрсұлтан Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласы, 26 сәуір 2017 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |