Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет58/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


169 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Қазақстан мен Литвадағы білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінің 
салыстырмалы талдауға арналған теориялық және эксперименттік зерттеулерді 
қортындылай келе, бұл мәселе шын мәнінде педагогика ғылымында маңызды 
болғанымен жеткілікті түрде зерделенбегені байқалады. 
Отандық және шетелдік дереккөздерді ғылыми талдау негізінде білім 
беру менеджменті – жоғары кәсіби білім беру ұйымдарындағы инновациялық 
басқару әрекетінің теориясы мен тәжірибесін көрсететін көп қырлы 
педагогикалық құбылыс деп айтуға болады. Отандық және шетелдік 
педагогикадағы білім беру менеджменті сол елдердің тарихи және ұлттық-
мәдени ерекшелігінен туындайтыны байқалды.
Бұл жүйе бірқатар жалпы белгілерге, басқару теориясы мен тәжірибесінің 
бірлігіне, 
көпқырлы 
пәнаралық 
ғылыми 
білімдерге, 
гуманитарлық-
педагогикалық және экономикалық құрамдар үйлесіміне, білім беру ұйымының 
кеңістігін құру қажеттілігіне негіздеуге және басқару жүйесінің инновациялық 
сипатына ие. 
Салыстырмалы талдау негізінде отандық және шетелдік зерттеулерде 
білім беру менеджерлерін дайындау мәселесін шешудің көптеген тәсілдері бар 
екені анықталды. 
Зерттеу нәтижесі білім беру менеджерлерін дайындаудың посткеңестік 
дәстүрлі жүйесі ұлттық білім берудің талаптары мен болашақ білім беру 
менеджерлерінің дағдыларын, кәсіби және басқарушылық білімдердің жоғары 
талаптарына сәйкес еместігі анықтады. 
Қазақстан мен Литва үшін ортақ біріктіруші факторды ескере отырып, 
мамандық пен даярлық мазмұны бойынша, Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес, 
нақты білім беру нәтижелерін жобалауға бағытталған мектеп практикасы 
туралы білім беру менеджерін даярлау жүйесін арнайы ұйымдастыру 
қажеттілігі анықталды. 
Қойылған міндеттерге сәйкес диссертацияда келесі нәтижелерге қол 
жеткізілді: 
1. Білім беру менеджерлерін дайындауға қойылатын талаптардың өсуі 
төмендегілермен байланысты: мектепттің білім берудің нәтижеге негізделген 
басқарудың жаңа үлгілеріне көшуі, білім беруде жан басына қаржыландыру, 
инновациялық мектеп пен білім беру ортасының дамуы, мұғалімдердің 
мәртебесінің жоғарылауы, басқарушылық лауазымдардың конкурстық түрге 
ауыстырылуы; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
бағдарламаларының үнемі жаңартылып отыруы, кәсіби стандарттар мен кәсіп 
атласын жаңарту, менеджерлерді жаңа форматта даярлау үшін бәсекеге 
қабілетті, сұранысқа ие білім беру технологияларын жобалау қажеттілігі. 
Болашақта бәсекеге қабілетті білім беру менеджерлерін дайындаудың
жаңа жүйесін жасау үшін «білім беру менеджменті», «білім беру менеджері» 
ұғымдары құрылымы мен мазмұны былайша тұжырымдалды: «Білім берудегі 
менеджмент – білім беру сапасын арттыруға бағытталған басқарудың әдістері, 


170 
технологиялары, ұйымдастыру формалары, ұстанымдар жиынтығы», ал «Білім 
берудегі менеджері – заманауи менеджменттің әдістерін, ұстанымдарын, 
қызметтерін пайдалана отырып, білім беру үдерісінде басқарушылық және 
педагогикалық функцияларды жүзеге асыратын басқарудың субъектісі» болып 
табылады. 
Білім беру менеджерлерін дайындау жүйелерін салыстырмалы талдағанда 
маңызы зор, бұл алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорытындылауға 
мүмкіндік береді. Осыған байланысты, бірінші бөлімде, салыстырмалы-
педагогикалық зерттеулердің әдістемесі талданған. Сонымен қатар бөлімде 
білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін талдауға қажет әдіснамалық 
тұғырлар мен психологиялық -педагогикалық теориялар пайымдалды. 
2. Білім беруді басқарудың әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде 
педагогикалық жүйенің бір бөлігі екендігін ескере отырып, жүйелік тұғырдың, 
мәдени негізде білім беру менеджерінің адами сапаларын пайымдауға қажет
мәденитанымдық тұғырдың, әлеуметтік тәжірибедегі ұрпақтан ұрпаққа 
берілетін негізгі құндылықтарды талдауға керек аксиологиялық тұғырдың, 
білім беру менеджерінің білім беру үдерісінде кәсіби құзыретті маман ретінде 
қалыптасуын зерделеу үшін 

құзіреттілік тұғырдың әлеуеті мен үйлесімді 
өзара байланысы көрсетілді. Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін 
құрудың басқару теориясы, салыстырмалы педагогика, кәсіби даярлау, 
менеджмент пен педагогикалық менеджмент және білім берудегі 
басқарушылық іс-әрекет теорияларын қамтитын психологиялық-педагогикалық 
негіздер айқындалды.
3. Екінші бөлімде білім беру менеджерлерін кәсіби дайындау жүйесін 
модельдеу үшін салыстырмалы талдау параметрлері Қазақстан мен Литва 
Республикасының мысалында анықталды. Салыстыру параметрлері ретінде 
келесі элементтер алынып анықталды: білім беруді менеджерлерін дайындау 
жүйесінің заңнамалық базасы; білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінің 
құрылымы және білім беру бағдарламалары; білім беру менеджерлерін 
дайындау жүйесіндегі білім беру бағдарламаларындағы пәндер мазмұны; білім 
беру менеджерлерін дайындау жүйесіндегі оқыту үдерісі; білім беру 
менеджерлерін дайындау жүйесіндегі басымдықтар мен ұстанымдар; білім беру 
менеджерлерін дайындау жүйесінің моделі; білім беру менеджерлерін 
дайындау жүйесінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі. 
Салыстырмалы 
талдау 
барысында 
қазақстандық 
білім 
беру 
менеджерлерін дайындауда келесідей кемшіліктер анықталды: білім беру 
менеджерлерін даярлаудағы нақты арнайы ЖОО ашылмауы; білім беру 
менеджерлерін даярлау моделінің ҒЗЖ аясында бастамашылық сипатта
болмауы; білім беру менеджерлері іс-әрекетінде нақты талаптардың 
жүйеленбеуі; білім беру менеджерлерін даярлау үдерісіне жаңашылдықтың 
енгізілуі жеке сипатқа ие болуы; білім беру менеджерлерін дайындаудағы 
зерттеудің әдіснамасының нақтыланбауы. 
4. Заманауи білім беру менеджері – бұл жағдайға байланысты тактикалық 
және стратегиялық басқару әдістерін қолдана отырып, мектеп ұжымының 


171 
немесе көпқызметті сипаттағы дамушы ұйымның жүйелі даму міндеттерін 
жоғары дәрежеде дербес шешетін маман болып табылады. Қазіргі уақытта білім 
беру менеджеріне қойылатын жалпы кәсіби талаптар анықталып, қызметтік-
үдерістік модель жасалды. Модель мақсаттық, ұйымдастыру-педагогикалық, 
мазмұндық-әрекеттік, жобалық-әдістемелік және нәтижелік-рефлексивтік 
компоненттерден тұрады. Мақсатты компонент – ЖОО-да білім беру 
менеджерін дайындауды жетілдіру және маманның басқару әрекетін 
қалыптастыру міндеттерін, ұйымдастырушылық-педагогикалық компонент, 
әмбебап және арнайы атты, екі құрамдас бөліктен тұрады, білім беру 
менеджерлерін дайындаудың кәсіптік даярлыққа бағытталғанын, мазмұнды-
әрекеттік компонент педагогика, психология, экономика бойынша білім 
көлемін меңгеруге бағытталғанын және білім алушыларға басқару әрекеті 
саласында теориялық және практикалық дағдыларды меңгертетін олардың 
пәндік дайындығының мазмұнын құрайтын қосалқы жүйені, жобалау-
әдістемелік компонент – оқыту үдерісін жобалау ерекшеліктерін және білім 
алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру кезеңдерін, нәтижелік-рефлексивтік 
компонент – болашақ білім беру менеджерлерінің құзыреттілігі жиынтығы 
түріндегі күтілетін нәтижелерді қамтиды.
Құрастырылған модел болашақ білім беру менеджерлерін дайындауда 
белгіленген мақсат пен олардың басқару құзыреттілігін қалыптастыруды 
жүзеге асыратын нәтижені бейнелейді.
5. Білім беру менеджерінің кәсіби дайындаудың құрастырылған моделін 
жүзеге асыру бірқатар ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттардың 
орындалуын талап етеді. Болашақ білім беру менеджерлерінің жүйелі 
дайындығы ғана білім алушылардың мазмұны мен белсенділігі оқытудың 
логикалық байланысын және бірізділігін қамтамасыз етеді және олардың 
ілгерілеу динамикасын ескереді, болашақ кәсіби әрекетке дайындығын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Ұйымдастырушылық-педагогикалық 
шарттар 
ретінде 
мыналар 
ұсынылды:
– білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінде мотивациялық 
қолдаудың немесе мотивациялық бағдардың болуы;
– білім алушылар мен тыңдаушылар арасында құндылықтар немесе 
құндылық бағдарларының, практикалық және креативті бағдарлардың 
қалыптасуына назар аудару;
– оқыту мазмұнын тәжірибеге бағыттай отырып жобалау;
– басқарушылық құзыреттілікті тиімді игеруге ықпал ететін өзіндік 
жобалау мен өзін-өзі жетілдіруді ұйымдастыру;
– болашақ маманның жеке қасиеттерінің дамуын қамтамасыз ететін білім 
беру ортасының шығармашылық компонентінің болуы және дамуға 
ынталандыратын тұлғаға бағытталған үрдіс ретінде оқытудың тәрбиелік 
ортасы;
– білім беру үдерісіне бейімделу, жаһандану, интербелсенділік, 
күрделілік, педагогикалық мақсаттылық идеяларын енгізу арқылы білім беру 


172 
менеджерлері үшін оқыту жүйесінің үздіксіздігі мен тұтастығын қамтамасыз 
ету.
 
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында жоғары білім беру 
ортасында менеджерді кәсіби дайындаудың тиімділігін арттыру үшін 
төмендегілер әзірленді және енгізілді:

білім беру менеджерлерін кәсіби дайындаудың қызметтік-үдерістік 
моделі;

білім 
алушылардың 
басқарушылық 
қызметке 
дайындығының 
қалыптасу дәрежесін зерттеуге арналған сауалнамалар;

менеджер мамандығына құндылық қатынасы мен дайындық деңгейін 
анықтауга бағытталған эксперттік сауалнама;

бакалавриат деңгейінде базалық пән бойынша «Білім берудегі 
менеджмент» атты оқу құралы әзірленді; 

магистратура деңгейінде «7M01105 – Педагогика. Білім берудегі 
менеджмент» оқу бағдарламасы құрастырылып, қолданысқа енгізілді. 
Алынған нәтижелерді қорытындылай келе, біздің ойымызша болашақ 
менеджерлерді дайындауда төмендегі тұжырымдар жүзеге асырылуы тиіс:
– басқару үдерісінде отандық және шетелдік тұжырымдарда ұсынылған 
жоғары білім саласындағы басқарудағы әлемдік тәжірибені есепке алу; 
– университетте және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде 
білім беру менеджменті саласында мамандарды көп деңгейлі оқытуды жүзеге 
асыру; 
– шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестік 
шеңберінде білім беру менеджменті бойынша білім беру бағдарламаларын 
бірлесіп әзірлеу. 
Болашақ мектеп директорларының, кем дегенде, білім беруді басқару 
саласында магистр академиялық дәрежесінің болуын міндеттеу
Докторлық диссертация төңірегендегі зерттеу осы салада бар білімдерді 
біріктіруге және кәсіптік оқытудың мәнін түсінудің жоғары деңгейіне жетуге, 
оны жетілдірудің жалпы ұстанымдары мен шарттарын анықтауға және оның 
әсерінен құрылымдық ерекшеліктерінің өзгеруін анықтауға мүмкіндік берді. 
Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері кәсіптік оқыту мәселелерін түгел 
қамтымайды, негізінен, педагогика ғылымы саласындағы білім беру 
менеджерлерін дайындау жүйесін жетілдірудің мәселелерін шешуге ықпал 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет