Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет26/75
Дата01.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#121347
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

Тұрғын үй. 
XVI-XVII ғасырлардаға Қазақстанның кҿшпелі жҽне жартылай кҿшпелі 
мал шаруашылығымен айналысатын халқының басым кҿпшілігі кҿші-қонға ынғайлы 
тұрғын үйлерде тұрды. Ол үйлер ҿзінің бітімі, кҿлемі жҽне құрылысы жағынан ҽр түрлі 
болды. Малшылар жылдың жылы маусымында кҿшіп жүруге жеңіл үйлерде, ал суық 
маусымында кҿбі (кҿшпенділерді қоспағанда) тұрақты жылы үйлерде – «жер үй», «қара 
там», «шошала» деп аталатын жертҿлелер мен жер бетіне салынған үйлерде тұрды. 
Қазақтардың жазда тұратын үйлері екі типті: киіз үй жҽне арбаға ортылған жылжымалы 
үй (күйме) болды. 
Ақындар, салдар, серілер, жыраулар.
XV -XVII ғасырларда қазақтардың тақырыбы мен 
жанры жағынан алуан түрлі ауызша творчествосы ҿрістеді. Қазақтың ауыз ҽдебиетінің 
асыл қазыналарын жасаған да, ғасырдан-ғасырға ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де халық 
арасынан шыққан талантты адамдар – ақындар, салдар, серілер, жыраулар болды. 
Қазақтың ауызша поэзиясына тҽн белгілердің бірі – суырып салма шығармалардың 
шығуы, поэтикалық мұраның ауызша сақталып, таратылу дҽстүрі. Ақын ҽдетте суырып 
салып ҿлең шығарудың шебері болды. Салдар мен серілер тек суырып салма ақын болып 
қана қоймай, олар композитор жҽне ҽуенді лирикалық ҽндер шығарып айтушы жезтаңдай 
ҽншілер де болған. Халық арасында сал-серілердің ҽйгілі болғанына қарамастан, XVI-
XVII ғасырлардағы қазақ поэзиясында жыраулар басым болған еді. 


Ерлікті, жауынгерлік жорықтарды жырлаған Доспамбет жыраудың (XVI ғ.) есімі бізге 
ауыздан-ауызға кҿшіп жетті. 
Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғасы – Шалкиіз жырау болды. Шынайы жырау 
ретінде ол, ең алдымен, импровизатор болды, сҿйте тұрса да оның кейбір туындылары 
импровизацияға ұқсамайды. Орта ғасырлардағв араб ақындары сияқты, Шалкиіз де ҿзінің 
суырып салма жырларын кейін ҿңдеп отырған деген жорамал бар.
XVII ғасырда жырау поэзиясының дҽстүрлерін Марғасқа мен Жиембет жалғастырды. 
Ҿздерінің ҽміршіге (Есім ханға) арналған нақыл-мақтауларында бұл жыраулар сол кездегі 
қоғамдық-саяси ҿмірдің оқиғаларына ҿз позицияларын, ҿз кҿзқарастарын білдірді. Қазақ
халқының ауызша поэзиясынан жыраулар творчествосы XVI-XVII ғасырларда сараланып 
шықты деп айтуға болады. 
* * * 
Кейінгі орта ғасырларда Қазақстан территориясында феодалдық қатынастардың 
нығаюы процесі жүрді, қазақ халқы қалыптасты, халықтың этникалық территориясы 
негізінен алғанда құрылды. Қазақ хандығы пайда болды. Феодалдық қырқыстар қоғамның 
үдемелі дамуын тежегенімен, тоқтата алмады жҽне халықтармен бейбіт қарым-қатынас, 
шаруашылық-саяси жҽне мҽдени байланыстар орнатуын тежей алмады. 
* * *
 
Қазақ хандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан ҽрі 
шиеленісуі туғызған аса ауыр халды бастан кешірді. Тҽуке хан руаралық қырқысты 
уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының 
қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Оның қарамағында 80 мыңға жуық 
сарбаз болғаны едҽуір дҽрежеде кҿп кҿмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен 
сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы кҿп кешікпей бірлікті бұзды, оны кҿршілер дереу 
пайдалауға ҽрекет қылды. 
Кҿршілердің ішінде ең қатерлісі шығыста 1635 жылы құрылған ірі ҽскери феодальдық 
Жоңғария болды. 
Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның 
негізінде жайылым үшін бақталастық жатқан еді. 
Жоңғар экономикасының негізі орасан зор жайылымдық жер аумағында бытырап 
жатқан кҿшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны бір миллионға жуық, сондай-ақ 
0,5 миллион басқа халықтардың ҿкілдерінен құралды. Ҽкімшілік жҽне шаруашылық 
бҿлінісі ұлыс болды. 
Жоңғар хандығының ҽлеуметтік-таптық құрылымы қатаң иерархиялық сипатта болды. 
Қоғамның саяси құрылымы рулық бҿлініске сҽйкес келді. Жоңғар қоғамының үстемдік 
етуші сословиесі хандар мен тайшылар еді. Руларды немесе ҽр түрлі қауымдық 
бҿлімшелерді басқарған жайсандар да елеулі рҿл атқарды. Жоңғар хандығының 
құрылымы мен саяси ҿміріне ламалық дінбасылары ерекше ықпал етті. Ламалық діннің 
орталығы Лхаса болатын. Діні жағынан жоңғарлар қазақ қауымдарына қарама-қарсы 
тұрғыда болды. 
Қазақ халқының ауыр қысым кҿріп, қасірет шегуі қонтайшы Цеван Рабтан (1697-1727) 
есімімен байланысты. Ол Маньчжур ҽулетінің билеушілерімен, Циндік Қытаймен 
қақтығыстардан сҽтін тауып жалтара білді жҽне де ол Жоңғар хандығын тез арада 
нығайтып алып, ҿзінің күш-жігерін қазақ қоныстарын, Тянь-Шань қырғыздарының жерін, 
Шығыс Түркістанды, Саян-Алтай жҽне Барабин даласын қоныстанған халықтарды жаулап 
алуға бағыттады. 
Бұл дҽуірде жоңғар феодалдары қазақтарға үсті-үстіне шапқыншылық жасап, 
тұтқындар мен малдарын айдап ҽкетті, жайылымдары мен мүлкін тартып алып, кейде 
тұтас рулар мен ауылдарды қырып-жойды. 


1710-1711 жылдары жоңғар ҽскерлері Қазақстанға басып кірді. Оның қаншалықты 
елеулі екенін 1710 жылдың күзінде қазақ жүздері ҿкілдерінің жиналысы шақырылғанынан 
байқауға болады. Бұл жолы ол Қарақұмда, Қаракесек руы кҿшіп жүретін жерде ҿтті 
(Қарақұм Сары-арқада, оның шағылдары Солтүстік жҽне Солтүстік-Шығыс Арал ҿңірінде 
үлкен аймақты алып жатыр. Олар Ұлытау сілемдерінің ҿзіне дейін созылады). Бұл 
жиналыста ең ықпалды тұлға Тҽуке хан болды. Ол қазақ жасақтары мен қазақ руларын 
басқаруды құрылымдық қайта ұйымдастырудың жаңа жоспарын үсынды. Сонымен бірге 
ол сұлтандар билігін шектеуге, үш жүзді жауапты билер арқылы басқару жолымен 
орталықтандыруды нығайтуға ұмтылды. Бұл шаралар бүкіл қазақ жасақтарын құру, 
қазақтардың қорғаныс қабылетін нығайту міндеттеріне сҽйкес келді. 
Съезд шешіміне Қайып жҽне Ҽбілқайыр сұлтандар ҿз ықпалын жасады. Қанжығалы 
Бҿгенбай, Шақшақ Жҽнібек, Тама Есет батырлардың пікірлері жалпы жұрттың назарын 
аударды. Олар түрлі рулардың емес, түрлі жүздердің де жасақтарын біріктіруді жақтады. 
Қазақ жүздерінің күш-жігерін біріктіру ісін бірсыпыра уақыт бойы Тҽуке ҽскерлерінің 
табысқа жетуі айқындады. Халық ҽскерінің жасақтары қолдан шығарылып алынған 
қоныстарды қайтарып қана қоймай, жоңғарлар иеліктеріне де ҿтіп, кҿптеген жоңғарларды 
тұтқынға алды. Алайда жүздердің бытыраңқылығы, іс-қымылдың үйлестірілмеуі, ішкі-
қайшылықтар жҽне ҽр түрлі топтардың бақталастығы тұтас халықтың күш-жігерін жоққа 
шығарды. 
Бұл Қазақстанның оңтүстік аудандарына жоңғар ҽскерлерінің тереңдей енуіне 
мүмкіндік берді. 1708-1712 жылдар оқиғаларында қол жеткен жекелеген жетістіктерін 
қазақтар нығайта алмады. Қазақ жауынгерлері бір жерге жұмылдырылған басшылық 
болмағандықтан жеңіліс тапты.
1718 жылдың кҿктемінде жоңғарлар Жетісудан Арыс, Бҿген, Шаян ҿзендері бойына 
шұғыл жорық жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Олардың ниеті қазақ хандығының 
ордасын басып алу болатын. Сырдарияның орта ағысы басындағы қазақ қалаларына қауіп 
тҿнді. Бірнеше шайқас бҿлды. Жоңғарлар «қазақ ордасын шапты», бірақ санының 
аздығымен ҿз қоныстарынан ұзап кетуі олардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік 
бермеді. 
Бұл жағдайда батырлар бастаған қазақ жасақтары едҽуір табысқа жетті. Олар Елек, 
Мұғалжар, Ұлытау аудандарынан 30 мың адам болатын ҽскер жинап алды. Түркістан 
ауданына аттанып, жоңғарларды Оңтүстік Қазақстанның едҽуір бҿлігінен қуып шықты. 
* * * 
1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт ҿзгерді: Қытай-жоңғар 
бітімі жасалды. Шығыстағы ҿз тылын қауіпсіздендіріп алған жоңғар қонтайшысы 
қазақтармен соғысқа мықтап дайындала бастады. 1723 жылы ерте кҿктемде жоңғар ҽскері 
Қазақстан шегіне аттандырылды.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі жоңғар басқыншылығына қарсы күрес қазақ 
мемлекеттігін сақтап қалу жҿніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал жасаған негізгі 
факторға ғана емес, қазақ халқының ҿмір сүруінің ҿзі туралы мҽселе туған кезде ҿмірлік 
қажетті факторға айналды. Ш. Құдайбердиев «Ақтабан шұбырынды, Алқакҿл сұлама» 
кезеңінде бүкіл халықтың үштен екісі қырылды деп кҿрсетеді. 
Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ ҽрекетке, ҽрбір қадамын ҽр түрлі жеті бағыт бойынша 
күтпеген жерден берілетін жҽне қуатты соққының барлық салдарын ҿлшестіре отырып, 
мұқият дайындағанын мойындау керек. 1723 жылғы шапқыншылыққа дайындау 
барысында жоңғар ханы Цеван Рабтанның елеулі рол атқарғаны да кҿрінді. 
1723 жылы Жетісу мен Ертіс ҿңірінің қазақтары бірінші болып жау табанына түсті, 
шабуылдың тұтқиыл да тегеурінді болғаны сонша, жүрт ең қауқарсыз қарттар мен бала-
шағаны қорғай алмай, тағдырдың тҽлкегіне тастай қашты. Оның үстіне ең шҿлді жҽне жан 


аяғы баспаған, қу мекиеннен басқа шын мҽнінде Қазақстанның бүкіл аумағы басып 
алынды. Сондықтан ол жылдар халық жадында «зар заман » қасіреті ретінде сақталған. 
Бұған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет